2.Биосфераның негізгі қасиеттері
Биосфера жаһандық экожүйе болып табылады, кез-келген экожүйе сияқты абиотикалық және биотикалық бөліктерден тұрады.
Абиотикалық бөлігі жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктерінен тұрады. Биосфераның абиотикалық бөлігі тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі бейорганикалық табиғаттың компоненттері мен құбылыстары құрайды. Негізгі әсер етушілерге климаттық (күн радиациясы, жарықтық режим, температура, ылғалдылық, жауын – шашын, жел, ауа қысымы және т.б.), сонымен бірге әр түрлі организмдер тіршілік ететін топырақтық немесе эдафостық (грек тілінің эдафос – топырақ) және сулы орта факторлары жатады.
Биотикалық бөлігі организмдердің тіршілік әрекетінің басқа организмдер тіршілігіне және өздерінің қоршаған өмір сүру орта компоненттеріне тигізетін әсерін айтамыз.
Биосфераның биотикалық бөлігіненабиотикалық бөлігініңайырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Биотикалық бөліктің қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады. Мысалы, жәндіктерөсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді, микроорганизмдертопырақ құрылымын өзгертеді, т.б.
Биосферадағы тірі заттың болуы –тірі организмдердің үш тобының қарым-қатынасы (продуценттер, консументтер, редуценттер) өтетін биотикалық заттар айналымы нәтижесі. Биотикалық айналым арқылы үздіксіз органикалық заттардың құрылуы және ыдырауы өтеді. Тірі организмнің тіршілік әрекетінен өтіп жатқан химиялық элементтердің глобалды миграциялық циклі Жердің үш геологиялық қабаттарын байланыстырады. Бұл айналымды жүргізуші күн энергиясы болып табылады.
Сонымен, В.И.Вернадский биосферада атомдардың биогендiк миграциясының негiзiнде биогеохимиялық ұстанымдарды үш бөлікке бөліп сипаттады:
биосферада химиялық элементтердiң биогендiк миграциясы тіршіліктің максимальды әсер етуiне "всюдности" әрқашан ұмтылады.
Түрлер эволюциясы геологиялық уақыт түрінде, биосферадағы тіршілікке атомдардың биогендiк миграциясы бағытында жүредi.
Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, химиялық заттардың қосылыстары арқылы органикалық қосылыстар түзілген.
В.И.Вернадский биосфераны үш геологиялық сферамен (литосфера, гидросфера, атмосфера) шектескен тіршілік тараған Жердің жұқа қабаты екенін айтты. Олар: атмосфера (газкүйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Атмосферада ол 16-20 км шейін таралып, озон қабатымен шектеледі. Атмосфера – жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің «atmos» — бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5.1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8.1012 тонна және басқадай газдар кездеседі.Атмосфера негізінен – тропосфера, стратосфера және ионосфера қабаттар болып үшке бөлінеді.
Гидросферада ең терең қабатына шейін (Тынық мұхиты, Мариан нүктесі, 11 км), ал Литосферада 3 км тереңдікке дейін таралған (мұнай шөгінділеріндегі бактериялар). Тіршіліктің төменгі шегі жер қабатының температурасының өзгеруімен байланысты, 3 км тереңдікте температура 100 ° С жетеді. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстің қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 километрден 40 километрге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 километрдей. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа жерді тағы бір ерекше қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі организмдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп- өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.
Биосфераның негізгі ерекшелігі – онда тірі заттың болуы. Тірі зат – ол барлық тірі организмдердің жиынтығы, қатты геологиялық күш. Олар әртүрлі минералды жыныстарды, тұщы суды, атмосфераны түзуге қатысады. Барлық тірі организмдер күн сәулесін пайдаланып геологиялық процестерге әсер етеді. Биосферада тірі организмдер арасында үздіксіз заттар айналымы өтеді. Биосфера энергияны сырттан алатын себебінен , ол ашық жүйе болып табылады.
Биосфераның тірі емес компоненттері – онымен күрделі заттар және энергия алмасуда болатын Жер бетінің геологиялық бөліктері. Биосфераның шекарасы – тіршілік шекарасы (1-сурет).
Биосфераның тағы мынандай ерекше сипаттамасы бар: біріншіден, судың көп мөлшерде болуы; екіншіден, күшті күн энергиясының ағымы; үшіншіден, биосферада үш агрегатты түрде (қатты, сұйық, газды) болатын заттар шекарасы бар. Мұның бәрі тірі организмдер арқылы өтетін белсенді заттар және энергия алмасуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |