В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет107/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Елді аңсау

Күндердің күнінде Парижде бір дағыстандық суретшіні кездестірдім. Революциядан кейін оқуға кетіпті де, итальян қызына үйленіп, еліне қайта алмай қалыпты. Тау ішіндегі дәстүрге үйреніп қалған әлгі дағыстандық жігіт көпке дейін өзінің жаңа отанына үйрене алмай жүріпті. Жер жүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты. Бірақ қайда барса да, туған елін сағынған сезімі соңынан қалмай қойыпты.


Мен суретшіден салған суреттерін көрсетуін өтіндім.
Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте бұрынғы авар киімін киген итальянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында тұр. Таудың етегінде авар ауылы бейнеленген. Тау төбесін тұман басқан.
- Тұман – ол таудың көз жасы, тұман – бұл менмін, - деді суретші.
- Елге неге қайтқыңыз келмейді сіздің?
- Кеш қой. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме тек қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға қақым бар ма менің?
Парижден оралысымен мен әлгі суретшінің туысқандарын іздеп тауып алдым. Таң қалғаным сонша, оның шешесі әлі тірі екен. Суретшінің туған-туыстары тоқал үйге жиналып, өздерінің елден безіп кеткен, туған жерін жат жерге айырбастап кеткен ұлдары туралы әңгімемді қиналып, қайғымен тыңдады. Бірақ олар ұлдарын кешіргендей болып көрінді маған. Кенет оның шешесі маған:
- Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? - деп сұрады менен.
- Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік. Мен – орысша, ал сенің ұлың – французша.
Біраз үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты:

менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес. Осы әңгімеден соң менің ойыма мына өлең жолдары оралды: «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ!»
(Расул Ғамзатов. https://egemen.kz/2020)


Біздің Гена

Геннадий Головкин Қарағанды қаласында туған. Әкесі шахтада отыз жылдан астам кенші болып жұмыс істеп, «Құрметті кенші» атағын алған. Ал анасы химиялық лабораторияда ұзақ жылдар лаборант болып еңбек еткен. Геннадий: «Сыртта жүргенде үнемі ұлтың кім?», - деп сұрап жатады. Әкем – орыс, анам – кәріс, ал мен – қазақпын!» - деп айтамын дейді. Оның егізі бар. Інісі Максим ағасынан 15 минут кеш туған. Ол да бауырымен бірге бокспен айналысқан. Екеуі – отбасыдағы кенже балалар.


Бокс залына алғаш барғанда жаттықтырған бапкер екі-үш жылдай Гена мен Максимды рингке шығармай, футбол, баскетбол, т.б ойындар ойнатыпты. Максим жасөспірім шағында жақсы бокстасқан. Ағайынды екеуі бір салмақта еді. Ол Қазақстанның чемпионы атанды, тіпті Афиныда өтетін Олимпиадаға баратын мүмкіндігі болды. Бірақ Геннадиймен бокстасудан бас тартып, ағасына жол берді. Қазір бокстан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы әрі GGG командасында.
Спортшыдан: «Неліктен боксты таңдадың?» - деп сұрағанда: «Негізі Қарағандының бокс мектебі өте мықты. Әлемге әйгілі талай былғары қолғап шеберлерін дайындап шығарды. Оның үстіне ағаларым да спортқа жақын болды. Сондықтан Қазақстандағы ең танымал спортты таңдадым. Бұл таңдауыма ешқашан өкінген емеспін», – деп жауап береді. Жалпы, ол футболды да ұнатады. Бала кезінде не боксшы, не футболшы, болмаса өрт сөндіруші болуды армандаған екен. Ол сонымен бірге «Шахтер» стадионындағы футбол секциясына барған. Боксшының үлкен жеңіске барар жолы осылай басталған.
(aikyn.kz)


Балуан

Атақты балуан Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылдың 6 мамырында Жамбыл облысы Байзақ ауданының Тегістік ауылында дүниеге келген. Балуанның өмірге келуінің өзі қызық. Анасы Күнтөре ауылда дүкенші болатын. Бұлардың үйінің бір бөлмесі – ауылдың кәдімгі дүкені. Онда күнделікті тұрмысқа қажет заттар сатылады. Анасы айы-күні жетіп отырса да, жұмысын жүргізе береді. Ауыл адамдары болса дүкенге күн-түн демей келе береді. Ол – ауыл адамдары үшін үйреншікті жағдай. Үйде жалғыз қалған анасы толғатып, қиналып жатса, даладан біреу келіп терезені тықылдатып «Келін, айналайын, сабыныңнан берші» деп айқайлайды. Дауыс – осы елге сыйлы Сарманқұл ақсақалдікі. Ол кісіге келіні «Мен толғатып жатыр едім» деп қалай айтады? Қазақы ауылда бұлай айту – ұят. Әрең дегенде орнынан тұрып, сабынды алып, оны қартқа ұсына бергенде шыр етіп дүниеге бала келеді. Не істерін білмеген қарт аттан секіріп түсіп, нәрестені жерден көтеріп алады. Сол уақытта намаз оқуға кеткен әжем де келіп қалады. Ал кенеттен жас нәрестенің дүниеге келгенінің куәгері болған Сарманқұл ата: «Жолаушылап келе жатыр едім, үйіме жетпей жаңадан дүниеге келген сәбидің үнін естідім. Бұл баланың аты Жақсылық болсын» - дейді.


– Тағдырым спортпен байланысты болған соң әлемнің 50-ден астам елінде болдым. Іссапараға көп шықтым. Сонда анам: «Кісі көп жүретін есік аузында, табалдырықта туып едің. Жерден алғаш көтеріп алған да жолаушы адам. Басынан сенің өміріңнің көбі жол үстінде, сапарда өтер-ау деп ойлаушы едім. Сол ойым шындыққа айналды», - деп отыратын. «Анамның олай дейтін жөні бар», - дейді Жақсылық аға сол кезді еске алып.
(Жақсылық Үшкемпіров, қазақ балуаны https://qazaqadebieti.kz/25978)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет