4-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңыз.
5-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікір алысыңыз.
Ұлы ғалымның адамзатқа айтқысы келген ойы не?
Ресурстың сарқылуын тоқтатуға бола ма?
«Ашкөздік», «дүниеқоңыздық» деген сөздің мағынасын түсінесіз бе?
Өз тарапыңыздан қосар ойыңыз не ұсынысыңыз қандай?
Грамматика Болжам мәнді сөйлемдер: -уы мүмкін; -уы ықтимал; -атын/-етін шығар құрылымдары арқылы беріледі. Мысалы, Жасыл планетамызды дәл осылай аяусыз жоя берсек, болашақтағы ұрпақтарымыз басқа планеталарға қоныс аударуы мүмкін.
Жазылым
6-тапсырма. Мәтіндегі берілген ақпараттарға қосымша тағы қандай өзекті мәселені қосар едіңіз? Болжам мәнді құрылымдарды қатыстыра отырып, он шақты сөйлем көлемінде өз ойыңызды жазыңыз.