В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет67/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

түтінмен

қырқысу

өзара

кеңістігі



8-тапсырма. Мәтіннен фразеологизмдерді тауып жазыңыз, баламасын көрсетіңіз. Үлгі: жаныңа жiгер бередi – күш, қуат, серпін береді.



Айтылым



9-тапсырма. Ауа райының өзгерісі туралы ақпараттарды ғаламтор бетінен тауып, оның себебі мен салдары жайында өз пікіріңізді айтыңыз.


6.2. АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР



Тыңдалым. Айтылым



10-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Көтерілген мәселе, ғаламдық жылыну, су деңгейінің көтерілуі, мәңгі мұздақ, тапшылық.


11-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы не білесіз?


2. Қазіргі әлемдегі экологиялық қатер қандай деп ойлайсыз?
3. Сізде қандай ұсыныс бар?



Оқылым.Айтылым



12-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Ауа райының өзгерісі әлемдік апатқа соқтырады
Біріккен Ұлттар Ұйымының көтеріп отырған ең басты мәселесі – қоршаған ортаны қорғау. Мінберде ғалымдар, мамандар ғаламдық жылудың салдарын азайтудың жолдарына тоқталды.
Бүкіл шер шарында температураның 1 градусқа артуы орасан өзгерістер әкеледі. Барлық жерде су деңгейі көтеріліп, көп аймақ су астында қалады, ХХІ ғасырдың аяғына дейін қоршаған ортаның температурасы 1,4 градустан 5,8 градусқа дейін артуы мүмкін. Антарктикада да, мәңгі мұз болып қатып қалған жерде әлемдік көмір қышқыл газының 14 пайызы сақталады деген ғылыми қорытынды жасалып отыр. Климат өзгеріп, ғаламдық жылу басталған кезде сол мәңгі мұздақ жер өзіндегі көмір қышқыл газын босатады. Температураның артуы Гренландия мен Солтүстік мұзды мұхит мұздықтарының еруіне әкелуі мүмкін. Ол Гольфстрим жылы ағысын бұза алады.
Мұнайлы аймақтарда жүргізілген жұмыстардың салдары – жер бетінің құнарлы қыртысының біржола жойылуына, ауызсу тапшылығына апарып соқтыратыны белгілі.
Тағы бір қатер – мұнай, газ өндірісі орналасқан аудандардағы жер астындағы жасанды бос кеңістіктердің пайда болуы. Ол – шектеулі жер сілкіністерінің шақыртқысы. Мысалы, Өзбекстандағы Газли, Түркменстандағы Құм-даги, Татарстан, Башқұртстандағы, әлемдегі басқа да мұнайлы елдерде болған осы тектес күшті жер дүмпулері соған дәлел.
Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелері ұшырылған сайын да озон қабаты тесілуде. Нәтижесінде сол аймақтың ауа райы бұзылып, желдің жылдамдығы артып, кейбір уақытта шілде айында бұршақ жауа бастады.
Демек, барлық мемлекеттер ХХІ ғасырдың күрделі мәселелерін шешу үшін БҰҰ көрсеткен міндеттерді нақты орындау жолында қызмет етуге тиіс.

(С.Абдулпаттаев)

https://studfile.net/preview/5427258/page:4/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет