6. қолдау білдіру
А) қол беру
В) қолдасу
С) демеу болу
Д) қамқорлық көру
7. Дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Заботливость:
А) қайырымды
В) қолдау
С) мейірімділік
Д) қамқорлық
8. Пропагандировать:
А) насихаттау
В) қайырымдылық жасау
С) қолдау көрсету
Д) мадақтау
18-тапсырма. Қимыл-сын пысықтауыштық көсемшені қатыстырып, бес сөйлем жазыңыз. Спорт жаңалықтарына қатысты мәлімет болуын ескеріңіз.
19-тапсырма. Танымдық-тәрбиелік сұрақтарды дайындап, бір-біріңізді сұхбатқа тартыңыздар.
А) Қазақстан атын әлемге паш етіп жүрген саңлақ спортшыларды білесіз бе?
Ә) Олимпиада жеңімпаздары, әлем чемпиондарының қайсысы сізге ұнайды? Неге?
Б) Олардың жеткен жетістіктері сізді қызықтыра ма?
БӨЖ тапсырмасы:
«Тамаша жеңістер» - түсіндірме (комментарий) жасау (ақпаратты таңдау; таңдау себебін көрсету; көзқарасын білдіру; қорытындылау).
|
6.5. ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.
Қоғамның алып күші, айтарлықтай, іргелі істер, құптарлық, машақат, бейімдеу, жетіп-артылатын, қыруар, септігін тигізері күмәнсіз.
2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Әлемде болып жатқан экономикалық жаңалықтардан құлағдарсыз ба?
2. Еліміздің өндірістік саласындағы қандай жаңалық естідіңіз?
3. Қоғамдық-саяси жаңалықтар деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |