В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет81/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Табыс кілті – еңбекте

Өмір – үлкен мектеп.

Жизнь – самая большая школа.

Еңбегіне қарай – өнбегі.

По труду и плоды.

Еңбек түбі – қуаныш;
Біткен іс – піскен жеміс.

Конец – делу венец.

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Будешь трудиться, будешь кормиться.

Ер дәулеті – еңбек.

Богатство джигита – труд.

Еңбек – адамның көркі,
Адам – заманның көркі.

Труд украшает человека, а человек – свое время.

Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

Жизнь без труда – тлеющая зола.

Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ер көгерер.

От дождя земля цветет, от работы джигит мужает.

Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.

Смысл труда разгадал – на казну папал.

Ердің атын еңбек шығарады.

Имя джигита трудом славится.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Труд ведет к подвигу, подвиг – к признанию.

Бақыт кілті – еңбекте.

Ключи счастья в труде.

Ақылы жоқтың ақшасы тұрмайды.

У глупого деньги долго не держатся.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Одна голова хорошо, а две лучше.

Есепсіз дүние жоқ.

В мире нет ничего, сотворенного без счета.

Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

Деньги стараются уплыть, а счет старается их удержать.

Судың да сұрауы бар.

И вода счет любит.

Шашу оңай, жинау қиын.

Раскидать легко, собирать трудней.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Нет того замка, который бы против денег устоял.

Ақшада көз жоқ.

У денег нет глаз.

Ақша аспаннан жаумайды.

Деньги с неба не падают.

Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

Не бывает большой потери без хотя бы малой выгоды.

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

Без копейки нет рубля, без жеребенка нет коня.

Есептемегенге бәрі түгел.

Кто счета не ведет, тому всего хватает.

Кірісіне қарай шығысы.

Без расхода не будет и дохода.

  1. Бос уақыт және саяхат

Уақыт – ұлы емші.

Время – лучший целитель.

Жоғалған уақыт қайта оралмайды.

Времени не поворотишь.

Уақыт күтпейді.

Время никого не ждет.

Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп.

Конь есть – рысью скани, землю изучай, угощение есть – гостей угощай, народ узнавай.

Ел елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.

Все земли хороши, но своя – лучше всех.

Әркімнің өз жері – жұмақ.

Каждому родная земля – рай.

Теңіздің арғы жағы жылырақ, ал бізде жарығырақ.

За морем теплее, а у нас светлее.

Отаныңның әр ағашы күлімдеп тұрады.

На своей родине каждое дерево улыбается.

Тау бұлағымен сәнді,
Көл құрағымен сәнді.

Горы красивы ручьями, озера – тростниками.

Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.

Если б не источник, засохла бы река.

Сулы жер – нулы жер,
Бұлақты жер – тұрақты жер.

Земля, где много воды, травой зарастает, земля, где есть источник, людей привлекает.

Жердің көркі тал болар,
Елдің көркі мал болар.

Земля деревьями богата, скотом богат народ.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Нет земли лучше Родины, нет людей лучше, чем на Родине.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

На родине и дни, и ночи прекрасны.

Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады.

Дорога с дорогой встречается, народ с народом сближается.

  1. Жаңалықтар

Жаман хабар жерде жатпайды.

Худые вести не лежат на месте. Плохая молва на крыльях летит.

Заман өзгерсе, заң да өзгереді.

Новая метла по новому метет.

Темірді қызған кезде соқ.

Куй железо, пока горячо.

Сөзің аз болсын, ісің көп болсын.

Поменьше обещай, побольше делай.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Семь раз отмерь, один раз отрежь.

Көз қорқақ, қол батыр.

Глаза бояться, а руки делают.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Брань на вороту не виснет.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Доброе слово – уже полсчастья.

Жаман айтпай жақсы жоқ.

Нет худа без добра.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Нет дыма без огня.

Ит үреді, керуен көшеді.

Собака лает, караван идет; собака лает, ветер носит.

Көппен көрген ұлы той.

Пережитое вместе с народом – великий праздник.

Ел құлағы – елу.

У народа пятьдесят ушей.

Халық айтпайды,
Халық айтса, қалт айтпайды.

Народ попусту не скажет, если что скажет, то дело.

Спорт – бейбітшілік елшісі.

Спорт – посол мира.

Денсаулық – зор байлық.

Здоровье – клад бесценный.

Тәні саудың жаны сау.

Здоровый телом и духом здоров.

Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.

На свежем воздухе долго быть – долгую жизнь прожить.

Шынықсаң шымыр боласың.

Если будешь закаляться – будешь здоровым (крепким).

Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар.

Из сотни – скакун, из тысячи – тулпар.

Әр нәрсенің өз орны бар.

Всему свое место.

Жері байдың – елі бай.

Где земля богата, там и народ богат.

Ел іші алтын бесік.

Земля родная – колыбель золотая.

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР



аға тұту

туыс/жақын санау

айды аспанға бір шығарды

жеңу, аты шығу

айрандай ұйып отыру

тату

айырмасы жер мен көктей

тым өзгеше

ақсаусақ жан

жанын қинап жұмыс істемейтін адам

алақанға салып өсіру

мәпелеп өсіру

ардақ тұту

құрметтеу, қадірлеу

артына тұяқ қалдыру

соңында ұрпақ қалдыру

аспан айналып жерге түседі

тым ыстық

ат салысу

көмектесу

аузы сөзден босамау

көп сөйлеу

аузын ашса көмекейі көрінетін

ақкөңіл

аузынан суы құру

таңғалу, өте қызығу

аузынан түсіп қалғандай

дәл/айнымай ұқсаған

аяқ астынан

кенеттен, ойламаған жерден

ашуға мінді

ызалану, ашулану

аяқтан шалу

зиян тигізу

әңгімесі жараспау

сөздері келіспеу

бағасы удай

қымбат

бала сүю

сәбилі/балалы болу

басы ауырып, балтыры сыздау

ауыру, сырқаттану

бел буу

бір нәрсені істеуге шындап кірісу

беті қайту

көңілі қалу/қайту

бетінен оты шығу

ұялу

бой түзеу

сәндену

бөркін аспанға лақтыру

қатты қуану

бір киер киім

той-думанға киетін киі

біреудің ала жібін аттамау

адал болу

дауасы жоқ

емі жоқ

дауыс көтеру

ұрысу, ашулану

дәм-тұзы жараспады

тату-тәтті тұра алмады

дертті болу

ауыру, ауруға шалдығу

екі көзі төрт болу

күту, алаңдау

екі ойлы болу

күмәндану

ел орынға қонғанда

кешкі уақыт

жаны ашу

аяу, мүсіркеу

жерге қарату

ұятқа қалдыру

жұлдызы оңынан туу

жолы болу

жүрегі су етті

бойын қорқыныш биледі

зардап шегу

зиян шегу

зейін қойды/салды

көңіл бөлді

зердесіне сіңіру

жадына/ойына сақтау

ит өлген жер

алыс

көзді ашып-жұмғанша

тез, жылдам

көзіне ілмеу

елемеу, қарамау

көйлегі көк, тамағы тоқ

тоқшылық, бәрі жеткілікті

көк жалқау

жалқаулық

көне көз

жасы үлкен адам

көңілі толмау

ойдағыдай болмау

көңілін жықпау

бетін қайтармау

күн ұзақ

күні бойы

кіндік қаны тамған жер

туған жер, өлке

кірпідей жиырылу

жақтырмау, ұнатпау

қалталы азамат

ақшалы, дүние-мүлкі көп адам

қамын ойлау

жағдайын ойлау, қамқор болу

қара жүректі

мейірімсіз, рақымсыз

қара шаңырақ

үлкен үй, тәрбие алған, ұшып шыққан ұя

қараңғы адам

оқымаған адам

қол қусырып отыру

ештеңе істемей бос отыру

қол ұшын беру

көмектесу

қолы ашық

береген адам, жомарт

қолы қысқа

жоқшылық, жетіспеушілік

қолы тимеу

бос уақыты болмау

құлағына шалыну/жету

есту

құлақ салмау

тыңдамау

құшақ жая қарсы алу

шын көңілмен қабылдау

қызметі көтерілу

қызметі өсу

қыстың көзі қырауда

қатты суық, аяз

майда-шүйде шаруа

ұсақ-түйек шаруа

маңдай терін тамшылату

аянбай еңбектену, ерінбей жұмыс істеу

мезі ету

ығыр болу

мін іздеу

айыптау, кінәлау, кемшілігін іздеу

ойына тоқу

есінде қалдыру

оң мен солын айыру

ержету, есею

отау тігу

үй болу

өрісі кең

білімді

санын соғу

өкіну

сөзін сөйлеу

жақтасу (біреуге)

су тегін

арзан

сүттей ақ, судай таза

адал

сыйға бөлену

құрметке бөлену

табан ақы маңдай тер

адал еңбек

тайға таңба басқандай

өте анық

талабы таудай

қабілетті, үміті зор

тасы өрге домалау

жолы болу

таяқ тастам жер

өте жақын жер

тәнті болу

риза болу

тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

тоқ етері, тұжырымы

төрт түлігі сай

бай, ауқатты

түтін түтету

үйлену, үй болу

тыным таппау

жұмысбастылық, босамау

тіл табысу

түсінісу, сөздері жарасу

тіл үйірді

дәмді

тірнектеп жүріп табу

аз-аздап жинау/басын құрау

шаңырақ құру

үйлену

шаруасы басынан асу

жұмысы тым көп

шық бермес Шығайбай

өте сараң кісі

іздегенге сұраған

сәті түсу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет