В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет93/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Сан қырлы дарындар

Адамды адам қылатын мектеп те, жоғары оқу орындары да емес. Оқымысты болу, білімдар болу тек қана өз қолыңда. Ол үшін, әрине, құдай берген қабілет, жігер-қайрат, ең бастысы – сол ілім-білімге деген құштарлық қажет.


Леонардо да Винчи дегенде ойымызға ең алдымен әлемдегі әйгілі суретші оралады. Ал ол данышпан суретші ғана емес, сегіз қырлы, тіптен сексен қырлы, бір сырлы теңдесі жоқ кемеңгер, өнертапқыш болған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Леонардо да Винчидің архивін ақтарып отырып, инженер-ғалымдар өз көздеріне өздері сенбеген. Он бесінші ғасырда қағазға түскен чертеждер арқылы дүниеге планер мен тікұшақ, пружинді механизмдер арқылы өзі жүретін көліктер, парашют және өрт сөндірушілердің жылжымалы баспалдағы ... олар аз болғандай, сүңгуір қайықтар дүниеге келген. Керемет-керемет деген ондаған өнертапқыштарымыздың жиырмасыншы ғасырда ойларына әрең келген ғажап дүниелерді бір кездегі сері, сайыскер, аттың құлағында ойнайтын шабандоз, әзілкеш, әңгімеші, шешен-эрудит, әнші, биші, ақын, түрлі-түрлі музыкалық аспаптардың конструкторы, математик, механик, астроном, геолог, ботаник, анатом, физиолог, әскери инженер, ойшыл-материалист Леонардо да Винчи бұдан бес ғасыр бұрын қағазға түсіріп, кейбіреулерін іске асырып кеткен.
Жиырмасыншы ғасырдың басында Бақы қаласында дүниеге келіп, кейін Ленинград университетін бітірген Лев Давидович Ландаудың бүкіл ғұмыры күні кеше ғана басымыздан кешірген тоталитарлық Кеңес өкіметімен тығыз байланысты. Он үш жасында орта мектепті үздік бітірген аса дарынды баланы тіптен жас деп жоғары оқу орнына қабылдамай қояды. Бірақ бір жылды артына салып болашақ данышпан ғалым бәрібір оқуға түсіп, физика-математика және химия факультеттерінде қатар оқиды. Штаттан тыс аспирант болып, он сегіз жасында алғашқы ғылыми жұмысын жазады. Ол дипломды он тоғыз жасында алып, жиырма бірінде оқуын жалғастыру үшін шетелге кетеді. 1934 жылы диссертация қорғамай-ақ оған ғылым докторы деген дәреже береді. Ол кезде ол «Металдардың магниттілігі» атты күрделі еңбектің авторы... Бүгінде Ресей Ғылым академиясының теориялық физика институты осы Ландаудың атымен аталады. Мемлекеттік, Лениндік және Нобель сыйлықтарының иегері, АҚШ, Дания, Англия, Франция, Нидерланд Ғылым академияларының мүшесі, заманымыздың аса белгілі ғалымы.
(Қадір Мырза Әли «Жазмыш»)


Би аға

Күй талғамайтын жазушы Бейімбет Майлинге қатысты естеліктердің көбі оның өте шапшаң жазатынына, еңбекқорлығына қатысты. Редакторлық жұмыстары керемет көп бола тұра, Бейімбет баспаханаға да күніне әлденеше рет барады екен. «Серуендеп жүріп, түн ортасы, таңға жақын, таң атқанда пәтерінің қасынан өте берсең, терезесінен шамның жарығы жылтырап тұратын. Бейімбеттің қай уақытта ұйықтайтынын білу қиын еді», - деп таң қалысады замандастары. Ара-тұра демалып алғанда немесе тамақ ішкенде болмаса, уақытының көбін жазуға жұмсап, күні-түні отыра беруге ерінбейді екен.


Майлиннің күй талғамайтын ғажайып талант иесі екенін Қажым Жұмалиев те өз естелігінде атап өтеді. Қызылорда астана болып тұрғанында автор бірде вокзалға келсе, қалың қара нөпір халық ортасында бір адам у-шуға да құлақ түрместен алдына чемоданын қойып, оның үстіне жайған қағаздан бас көтерместен жазып жатады. Сөйтсе сол көргені Бейімбет екен. «Менің Бейімбетті алғаш көруім» осылай болып еді деп еске алады автор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет