В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет94/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Қазақтың Тоқтары

«Ұшақтың штурвалына отырдым, енді мен кереметпін» деп ойлаған адам қатты қателеседі. Адам өмір бойы өз білімін жетілдіруі тиіс. Оның үстіне, қазіргі заманауи ұшақтардың тілі қиын, техника күн сайын күрделеніп барады. Солардың тілін табу үшін күн сайын оқу керек.


Сынақшы-ұшқыштың басты қасиеті – барлық жерде жауапкершілікті сезіну, өзіне және қызметіне адал болу. Ол сынақшы-ұшқыштың сынаққа тыңғылықты дайындалмаған жағдайында өзі отырған ұшақты жасаған инженер, механик, құрастырушы сияқты мамандардың еңбегі зая кетеді. Зор ықыласы бар болса, кез келген адам сынақшы-ұшқыш бола алады. Бұл қызметке келген адам өте сезімтал болуы тиіс. Уақыт өте келе, машинаны құдды өзіңнің денең сияқты сезіне бастайсың. Қиын сәттерде ұшақтан секіріп кеткің келетіні рас. Бірақ, артыңда сені ұшырған қаншама адамның еңбегі тұр ғой! Авиация – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ең қымбат саласы. Мұнда әрбір маманды дайындауға қыруар қаржы жұмсалады. Мұнда әрбір ұшқыштың өмірі қымбат.
Бірінші рет маған ғарышқа ұшу туралы ұсыныс 1979 жылы айтылған. Ол кезде cынақшы-ұшқыш болып істеп жүргеніме небәрі үш жыл толған еді. Бастаған істі орта жолдан тастап кету – менің табиғатыма жат нәрсе. Сондықтан, бас тарттым. Тез жұлдыз болуға да ұмтылмадым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев маған қазақ халқынан бір адам ғарышқа ұшуы керектігін айтқанда, яки, үшінші рет ұсыныс айтылғанда келісімімді бердім.
Маған өзімнің 18 жасым қайта оралса, дәл осы саланы, осы өмірді таңдар едім.
(Тоқтар Әубәкіров, қазақтың тұңғыш ғарышкері)


Ұстаз болу – жүректің ұлылығы


- Бауыржан аға, қазіргі мектептегі мұғалімдер жайы, білім алушылардың тәрбесіндегі олардың рөлі жиі сөз болып жүр. Ұстаздық қызметтің маңызы қаншалықты деп ойлайсыз?
- Алаштың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болады» деген. Алаш демекші, азаттық үшін алысқан сол арыстарымыздың дені мұғалімдер еді. Бәрі де ұстаздықты ұлы міндет деп санады. Елдің санасын ағартуды көздеп, қажымай-талмай бала оқытты. Ұлы ұстаздардың қолынан ұлағатты шәкірттер тәлім алып шықты. Қазақтың атақты ақын-жазушыларының көпшілігі еңбек жолын ұстаздықтан бастады.
Математика пәнінің мұғалімдері калькуляторы жоқ заманда есепшот пен санағышты пайдаланып-ақ ғаламат математиктерді тәрбиелеп шығарды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері кез келген оқушыға шығарманы шырайын шығарып жазуға үйретті. Мектеп көрген баланың бәрінің тілі түзу шықты. Шетінен тыныс белгілеріне жетік болды. Жастайынан өлең- жырларды жаттап өсті. Қай салада жұмыс істесе де, рухани өресі биік екенін көрсетті. Ыбырай Алтынсариннің «Дүниедегі ең қымбатты адам – халық мұғалімі, оқытушы – мектептің шешуші күші» деген тұжырымы сол кездегі нағыз өмірлік өлшемге сай болды.
Қазір ел нағыз мұғалімді сағынады. Мектепте ер мұғалімдер азайып кетті. Әлемді жаулаған интернет иірімінен баланы нағыз мұғалім ғана құтқара алады. Ол беделді болса, бүкіл шәкірт оның сөзіне имандай сенеді. Атақты педагог Василий Сухомлинский «Мұғалім мамандығы дегеніміз, бұл – адамтану» депті. Шәкіртіне жаны жақын, тіпті онымен сырласа алатын ұстаздардың мәртебесін көтеру керек.
- Ұл балалардың мұғалімдік мамандықты таңдай бермеуінің себебі неде?
- Менің ойымша, мектептердің көбінде әйел адамдар сабақ беретіндіктен, ұл балалар өздері еліктейтін, ұқсауға тырысатын ер жігіттерді көре алмайды. Олардың ойынша, мұғалімдік әйел затына тән мамандық екен деген ой қалыптаса бастайды. Сабақ беретін ер-азаматтар көп болса дене шынықтыру, технология, ара-тұра математика пәндерін жүргізетіндер болып шығады. Балалар сондықтан да мұғалімдерге емес, өздері сүйіп тыңдайтын әншілерге, әртістерге еліктей бастады. Біздің қоғамда ұстаз еңбегі жоғары бағаланып жатса, одан біздің ұтарымыз анық, соны осы бастан қолға алуға тиіспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет