В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет91/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Сыйға – сый

Ховард кедей отбасынан шыққан бала еді. Мектепке керек кітап-дәптерін алу үшін көшеде жүріп ұсақ-түйек заттар сататын. Күндердің бірінде ешнәрсе сата алмайды. Оның үстіне әбден шөлдеп, қарны ашады. Бұдан кейін бір үйдің есігін қағып, жүрек жалғайтын азық сұрауды жөн көреді. Бірақ есікті жас келіншек ашады. Ол ұялғаннан:


- Кешіріңіз, ішетін су бересіз бе? - деп сұрайды.
Жас келіншек баланың қарны ашып қалған шығар деп үлкен стақанға сүт құйып әкеліп береді. Бала сүтті асықпай, әр жұтымын сіңдіре ішіп алып:
- Көп рахмет! Сүт үшін сізге қанша қарызбын? - деп сұрайды.
- Ешқандай қарыз емессің! - деп келіншек күлімсіреп:
- Анам көрсеткен жақсылық пен жасаған көмегіңнен ақы талап етпе деп үйреткен болатын, - дейді. Бала:
- Ендеше сізге тағы да үлкен рақмет айтамын! - деп кетіп қалады. Ховард Келли ол үйден шыққан кезде өзінің тойғанын ғана емес, рухани жағынан өскенін де сезеді.
Арадан көп жылдар өтеді. Әлгі әйел сирек кездесетін бір аурумен ауырады... Жергілікті дәрігерлер емдей алмай, оны үлкен қалаға жібереді. Кеңес беруге шақырылған дәрігердің бірі Ховард Келли науқастың қай жақтан келгенін естіп, оны көруге асығады. Бір кездері өзіне мейірімділік танытып сүт берген әйелді көрген бойда бірден танып, оның өмірі үшін қолынан келгенді аянбауға тырысады.
Ұзақ уақыт әйел ем алып жазылып шығады. Ауруханадан шығар алдында Доктор Келлидің алдына әйелдің есепшоты келеді. Ол оны тексеріп, үстіне бір нәрселер жазып, хатқа салып науқасқа беріп жібереді. Әйел есепшотты алып көруге қорқып дірілдеп тұрады. Себебі оның бағасының қымбат екенін, өмір бойы жұмыс істеу керектігін ойлап тұрады. Не керек хаттың ішін ашып көреді. Есепшоттың астындағы жазуды көрген бойда ол көзіне еріксіз жас алады. Өйткені ол жерде: «Емделуге кеткен шығындар толығымен бір стақан сүттің ақысына төленді», - деп жазылған еді.


Батырдың келіні

Мақтау деген есірткі сияқты. Мені қанша мақтаса да, одан қорықпаймын. Өйткені оның бәрі атаға арналған. Егер мен атаның келіні болмасам, соншалықты мақтау естімес пе едім?! Менікі «күріштің арқасында күрмек су ішіпті» дегеннің кері. Бүкіл Алты алашқа ортақ азамат болғандықтан, Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, «біздің Баукең!» деп атаны ардақтаған исі қазақтың жүрегінен, көңілінен таралып жатқан мейірім, шапағаттың ұшқындары да маған тиген. Әйтпесе, кімге кім келін болмай жатыр? Бірақ елдің бәрінің келінін бүкіл халық біле бермейді.


Ата секілді қалыпқа сыймайтын, ноқтаға басы түспеген адамның қолына су құйып, шай қайнатып беру де оңай емес. Ата екі жағы бірдей қайралған қанжар секілді, былай тайсаң, кесіп түседі, былай тайсаң, осып түседі. Бел ортадан тең жүріп, таразының басына салуға ол кезде менің өмірлік тәжірибем, көрген-білгенім онша жете бермейтін. Өйткені екі мүшелге де толмаған кезім еді. Ең жақсы әдісім, әйтеуір, үндемей құтылатынмын. Кейде өтің жарылып кете жаздайтын кездер де болады. Бірақ үндемей қоясың. Сондықтан да көндіккен шығармын. Әсілі мен үлкеннің алдында үндемегеннен ұтылған жерім жоқ.
Жастардың құлағына алтын сырға. Мен құймақұлақ болдым. Әрбір сөзін қағып алатынмын. Асүйге кіре салып, атаның айтқандарын ұмытып қалмайын деп, дәптерді суыра сап, жазып-жазып тартпаға қайта салып қоямын. Сол дәптерлердің сырты қазір май-май. «Ұрпағына керек, немерелеріне керек!» деп түрте бердім. Өйткені атаны баласына әке, немерелеріне ата, қарапайым адам ретінде ешкім жазбаған болатын. Атаны бір көруді армандаған адам қаншама?! Бір көргенін ұлықтай, баласының баласына айтып жүрген адамдар қаншама?! Оған қарағанда мен ертелі-кеш қасында болдым. Күнде айқайын, оқта-текте мақтауын естіп, маңдайлы келін болдым ғой! Біреуге «Зәке», біреуге жеңеше, енді біреуге апа, әже болып, сый-құрметке ие болып жүрсем, осының барлығы – тек қана атаның қасиетті әруағының арқасы. Атаны ардақтаған осы отырған халықтың арқасы.
(З. Ахметова)
Донор

Аустралия тұрғыны Джеймс Харрисон «Алтын қанды» адам аталып кеткен. Оның жасы қазір 81-ге келді. 64 жыл бұрын Харрисон миллиондаған адам өмірін құтқаратынын еш ойламаған еді. Джеймс Харрисон 1936 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. 14 жасында оның көкірек қуысына күрделі ота жасалатын болып, 13 литр донорлық қан керек болады. Керекті донор табылып, ота сәтті аяқталады. Харрисон 3 ай бойы ем қабылдап, өзін донорлық қан құтқарып қалғанына көзі жетеді.


Содан 18 жасқа толған кезінде донорлық қан өткізуге өз-өзіне уәде береді. Ол 1954 жылдан бастап қан өткізе бастайды. Сөйтсе Джеймс Харрисонның қанында D резус-факторына қарсы антиденелер бар екен. Бұл табиғи фазада өте сирек кездесетін органикалық заттар болып табылады. Кейін оның қан плазмасының негізінде қан сарысуы жасалып, өзге емделушілерге қолданыла бастады. Мысалы, анадағы резус-теріс қанның антиденелері баладағы резус-оң қанға өтіп кетпес үшін, сарысу плазмасын енгізеді. Нәтижесінде болашақ нәрестенің өміріне еш қауіп төнбейді. Джеймстің қан плазмасы көбіне анемия ауруына шалдыққандарға қолданылады.
Харрисон 57 жыл бойы 3 аптада бір рет қан тапсырып тұрады. 2011 жылы ол 1000 рет қан тапсырып, Гиннестің рекордтар кітабына енеді. 2015 жылға дейін Аустралияның бүкіл антирезустік дәрі-дәрмектері Джеймстің қан плазмасымен жасалып келді. Ол ең соңғы рет 2018 жылдың мамырында қан тапсырған. Осы күнге дейін Джейс Харрисонның арқасында 2,4 миллионнан астам нәресте аман қалды, олардың ішінде Джеймстің өз қызы да бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет