В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет105/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Еліміздегі ішкі туризм

Норвегиялық саяхатшы Алматының Еуразия құрлығында ең ірі туристік орталыққа айналуына толық мүмкіндігі бар екендігін айтады. Оңтүстік астананың көрікті жерлерін аралап шыққан ол қала табиғатына таңданысын жасырмады. Саяхатшы Инге Солхейм елімізге осымен 4-ші рет келіп отыр. Әсіресе, Алматының Шымбұлағына шығып, таза ауада серуендеуді ұнатады екен. Айтуынша, Алматыны ажарлы етіп тұрған да – осы асқар таулары. Тіпті, кейін алып шаһар Ванкувер, Шамони және Бритиш Коламбия секілді белгілі туристік орталықтарға бәсекелес бола алады. «Алматы аумағының бір ерекшелігі – демалатын орындардың бір-біріне жақын орналасуында. Мен әлемнің барлық қалаларына саяхаттадым. Бірақ, Жетісу өңіріндей табиғаты әсем жерді көрмеппін. Мұнда тау шыңын бағындыруға немесе мұз айдынында шаңғы тебуге, каньондарды тамашалауға болады. Мысалы, Ванкувердің халықаралық әуежайынан таулы аймағына дейін екі сағат жол жүру керек. Ал Алматыда ол жарты-ақ сағат уақыт алады», - деді саяхатшы Инге Солхэйм.


Еліміздегі туризмнің ілгері басып келе жатқанын ағылшын бекзадасы Гарри Уэльскийдің демалуға келгенінен байқауымызға болады. Инге ханзадаға "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына баруға кеңес беріпті. Сондай-ақ алдағы уақытта ол қалаға белгілі Голливуд жұлдыздарын шақыруды көздеп отыр екен. «Мегаполистің туризм саласын жетілдіру бойынша менің жаңа идеяларым бар. Оны жүзеге асыру мақсатында 1980 жылдан бері Британияда өткізілетін халықаралық Кендал Моунтэйн фестивалін осында ұйымдастыруды ұсынып отырмын. Өткен жылы оған қатысушылар саны 15 мыңнан артқан», - деді саяхатшы Инге Солхэйм. 
Алматыда шаңғымен сырғанау демалысы дамып келеді. Шетелдік туристер де осында жайлы демалу үшін ағылып келе бастады. Бұрын Алматыға шетелдіктер іскерлік мәдени шараларға жиі келетін болса, бүгінде халықаралық туризмге қызығушылық артқан. Соның ішінде Алтынемел, Іле Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық саябақтар қомақты қаржы түсіріп отыр. Туристердің арасында қалаға Ресей, Қытай, Түркия және Оңтүстік корея азаматтары көп келеді екен. Мыңжылдықтың басында Алматыға келген саяхатшылар 200 мыңнан аспаған. Ал қазір 600 мыңға жетіпті. Өткен жылы тек Алматы қаласының туризмінен мемлекеттік қазынаға 5 млрд теңгеден астам қаржы түсіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет