В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет21/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

15-тапсырма. Мәтінде кездесетін сөздер және сөз тіркестерімен танысыңыз, оларды есіңізде сақтаңыз.

Сөз мағынасы!

жалған дүние

өткінші, опасыз ғұмыр

мұра

ата-бабадан, әке-шешеден балаға қалған дүние-мүлік, мирас

асыл қазына

аса бағалы дүние-мүлік

аманат

сақталып тұру үшін, я болмаса бір адамға арнайы табыс етілуі үшін берілетін зат

нұсқау

ақыл-кеңес, жөн-жоба

теңдесі жоқ

ешкім, ешнәрсе тең келмейтін

құлағына жетті

естіді, хабарланды

тағайындау

біреуді белгілі бір қызметке белгілеу


Жазылым



16-тапсырма.
1) Мәтінге тақырып қойыңыз.
2) Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.
3) Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
4) Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер жазыңыз.
5) Мәтіннің әр бөлігін бір сөйлеммен қорытындылаңыз.


17-тапсырма. Мәтінде айтылған ойға өз көзқарасыңызды білдіре отырып мазмұндаңыз.



БӨЖ тапсырмасы:
«Мәдениетті адам деп кімді айтамыз?» - эссе жазу.
(тақырып бойынша ақпарат жинау; ақпараттарға талдау жасау; негізгі ойды анықтау, тезис құрау, эссенің бастапқы нұсқасын жазу)



2.3. ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ



Тыңдалым. Айтылым



1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.
Ұрпақ, қайшылық, ұрпақтар сабақтастығы, аға буын, орта буын, көңілі толмау, тәуекелшіл, дарынды, жаңашыл, жігерлі, ақсақал, салғыласу, қомағай, мезі ету, бейімделу, мәжбүр болу.


2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) «Ұрпақ» деп кімді айтамыз?
2) «Ұрпақтар сабақтастығы» деген ұғымды қалай түсінесіз?
3) Ұрпақтар арасында қайшылық бола ма? Не себепті?
4) Қоғамда аға буын өкілдерінің өзінен кейінгі буынға көңілі толмайтын сәттері жиі кездеседі. Біреулері жастарды тәуекелшіл, дарынды, жаңашыл, жігерлі деп дәріптесе, енді біреуі оларды жалқау, тұрақты емес деп кінәлап жатады. Сіз бұған не дейсіз?



Оқылым





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет