В республикасы Білім және ғылым министрлігі


Отбасылық бюджет қалай басқарылады?



бет49/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Отбасылық бюджет қалай басқарылады?

Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.


Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?
Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде:

  • пәтер ақысы, коммуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

  • киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар;

  • жаңартылуы керек жиһаз, жөндеу жұмыстары, көңіл көтеретін іс-шара шығындары секілді қосымша шығындар жазылуы тиіс.

Кесте дайын болғаннан кейін айлық табысыңыздың шығындарыңызға жетіп-жетпейтіндігін байқай аласыз. Егер табысыңыз шығындарды жабуға жетпей жатса, қажеттіліктерімізді маңыздылығы мен жеделдігіне қарай ретпен тізіп жазамыз да, сол тізім бойынша ақшамызды жұмсаймыз. Сонымен қатар жоспардан тыс, күтпеген жағдайлар үшін ақша бөліп қойғанымыз жөн. Бөліп қойған бұл «арнайы қорымыз» күтпеген қиындықтар туындаған жағдайда бізге үлкен көмегін тигізеді.
Ақша жұмсау барысында кестеде белгіленген мөлшерден аз жұмсалған жағдайда оны толықтыруға тырысудың қажеті жоқ. Мысалы, азық-түлік үшін 20000 теңге ақша бөлдік дейік, бірақ азық-түлікке 17000 теңге ғана жұмсалса, «қалған 3000 теңгені де жұмсауға міндеттімін» деп ойламауымыз керек. Артылған ақшаны келесі айға қосуға, басқа маңызды бір қажеттілікті жабуға немесе «арнайы қорымызға» қосып қоюымызға болады.
Отбасы бюджетін айтарлықтай үнемдегіңіз келе ме? Онда: киімдеріңізді бөліп үтіктемей бәрін бірге үтіктеңіз; ыдыс-аяқты да бөлмей, бірге жуыңыз; керексіз жарықтардың жануына жол бермеңіз; жуынғанда судың ағысын баяулататын арнайы құрылғы тағыңыз; азық-түлікті аларда арзан алу үшін арнайы дүкендерге баруға ерінбеңіз; супермаркеттерге барарда алдын ала тізім дайындаңыз және тек сол тізім бойынша сауда жасаңыз.
Жоғарыда айтылған кеңестер – көзге көп көріне бермейтін шағын нәрселер. Алайда сол кеңестерге көңіл бөлу арқылы отбасы бюджетіңізді 25 пайызға дейін үнемдей аласыз. Ақшаңызды осылай жоспарлы түрде жұмсағанда ғана отбасы бюджеті орнықты болмақ.
(Елжас Ертайұлы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет