Айтылым
19-тапсырма. Топтық жұмыс. Сәкен Сейфуллинің «Көкшетау» поэмасындағы аңыз-әңгімелер желісі бойынша «Көркем өлке сыр шертеді» атты танымдық хабар дайыңдаңыздар.
ЖАҢАЛЫҚТАР
6.1. ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАЙДАН БІЛЕСІЗ?
1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.
Дәуір, тіршілікке құштарлық, қозғалыссыз, қара құрдымдар, ғаламшар, қоныс аудару, зерделеу.
2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз күнделікті жаңалықтардан хабардар болып отырасыз ба?
2. Өзіңіз қай сала бойынша жаңалықтарды білуге тырысасыз?
3. Әлемді ойландыратын өзекті мәселелердің бастысы не деп ойлайсыз?
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Стивен Хокинг адамзат баласының бiз өмiр кешiп жатқан дәуiрiндегi ұлы перзенттерiнiң бiрi болды. Оның тiршiлiкке деген құштарлығы ерiксiз таңғалдырады және жаныңа жiгер бередi. Денесiнiң жартысынан көбiн қозғалта алмайтын Стивен дауыстап сөйлей де алмады. Ғұмырының үлкен бөлiгiн орындыққа таңылумен өткерген данышпан физик «Менiң қысқа тарихым», «Уақыттың қысқаша тарихы» атты кiтаптарын семiп қалған саусақтарына қарындаш қыстырып, жазып шыққан. Ол бұл кiтаптарында ғаламшар ғұламаларын ғасырлар бойына толғантып келе жатқан және адамның ақылы жете бермейтiн астрофизика құпиялары жайында бұрын-соңды еш пенде айтпаған, бiрде-бiр ғалым ашпаған жаңалықтар берген.
Стивен аз ғана жылдың мөлшерiнде әлемнiң iрi университеттерiнiң оқу бағдарламаларын үйiнде отырып-ақ зердесiне сiңiре бiлген. Стивен Хокинг ғарыш ғаламына үйiнде отырып шолу жасайды. Өз бөлмесiне орнатылған аспан әлемiн зерттеу құралдары арқылы алыс ғарыштарға көз салып, дауыс синтезаторларының жәрдемiмен сөздерiн таспаларға жазумен айналысқан. Данышпан физиктiң ең басты зерттеу нысаны адамзат баласы үшiн жұмбақ күйiнде қалып келе жатқан бiздiң Күн жүйесiнен және жақын галактикалардан да тыс жатқан қара құрдымдар (черная дыра) және адамзаттың өзге ғаламшарларға болашақта қоныс аудару мүмкiндiктерi болды.
Жер бетiне сыймай, өзара қырқысулардан көз ашпай, тiршiлiктегi аз ғана өлшеулi ғұмырларын айтыс, тартыстармен өткiзiп жүрген адамдарға ұлы данышпан физик таңғалатын.
– Адамзаттың Жаратушы сый еткен ғаламшары жер бетiндегi ғұмыр сүруiнiң қалпына қарап қарным ашады. Олар жер анасын сыйламайды. Түтiнге ыстап, қоқысқа тұншықтырып, қоршаған ортасын ластап, қойынын кеулей тесiп, қазынасын тауысып, аспанының озон қабаттарын жыртып болды. Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады. Адам тойымсыз пиғылдан туған әрекеттерiмен ендi өзiнiң ғана емес, планетадағы тiршiлiк түрлерiне, жан иелерiне де қатер төндiре бастады. Сондықтан жасыл планетамыз ендi он ғасырдан соң ресурстарын тауысады. Содан соң алыс болашақтағы ұрпақтарымыз басқа планеталарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Адам баласы ендi ғылым мен оның жетiстiктерiн қазiрден бастап Ай секiлдi жерге жақын әрi мұзы бар көршi ғаламшарларға көшiп барудың қамына арнауы керек. Әйтпесе, келер замандарда адам уақыт кеңiстiгiндегi ғұмыр сүруiн тоқтатады, – деп жазған болатын ұлы ғалым.
(С.Елубаев)
https://www.astana-akshamy.kz/stiven-hoking-turaly-soz/
Достарыңызбен бөлісу: |