13-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңыз.
14-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз. 1. «Мінбер» сөзінің аудармасын көрсетіңіз: А) Конференция
В) Интервью
С) Трибуна
Д) Зал
2. Жер бетінде температураның артуынан болатын өзгерістер – ... А) Мұздықтар ериді.
В) Ауыз су мөлшері көбейеді.
С) Құрлықтарды су басады.
Д) Ауа райы өзгермейді.
3. Мұнай, газ өндірілген аймақтарда болуы мүмкін табиғат апаты – ... А) Су тасқыны
В) Жер сілкіну
С) Жер эрозиясы
Д) Қуаңшылық
Жазылым
15-тапсырма. Болжам мәнді құрылымдар: -уы мүмкін; -уы ықтимал; -атын/-етін шығар сөздерін пайдаланып, әлемдегі ауа райының тосын құбылыстары жайында сөйлем құраңыз.
16-тапсырма. Мәтіннен алынған сөйлемдерді болжам мәнді құрылымдарды пайдалана отырып, аяқтаңыз:
Мұнайлы аймақтарда жүргізілген жұмыстардың салдары жер бетінің құнарлы қыртысының біржола жойылуына, ауызсу тапшылығына ......
Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелері ұшырылған сайын ...... ХХІ ғасырдың күрделі мәселелерін шешу үшін .....
17-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Жүз жыл бұрын, дәл қазіргі мезгілде...» деген тақырыпта ауа райын, табиғат келбетін салыстыратын ақпараттарды ғаламтор бетінен тауып, өткен ғасырларға шолу, алдағы жылдарға болжам жасаңыздар, бір-біріңіздің ақпараттарыңызды дәлелдермен толықтырыңыздар. Үлгіні басшылыққа алыңыздар.
Дәл осы уақыт, осы мезгілде: