В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет97/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Іскерлік бастауы

Әр уақыттың өз қағидалары мен лозунгтары болады. Қазіргі құбылмалы, өзгеріске толы нарықтық экономика кезеңінде әрбір адам бәсекеге қабілетті болуы және соған сай имиджі болуы тиіс. Заманға сай, жағымды имидж –жетістікке жеткізер жолдардың бірі.


Іскерлік ортада имидж көп нәрсеге әсер етеді, өйткені жағымды имидж адамдардың көңілін аудару мүмкіндігін береді. Соңғы кездері имидж қалыптастыруға адамдардың қызығушылығы артуда. Іскер адам тек өз ісінің білгір маманы ғана емес, өзі туралы жақсы пікір қалдыра алатын, адамдардың сенімін тудыра алатын тұлға болуға міндетті.
Бизнес – тұрақсыз, қиындығы мол жол. Егер сіз уақытпен қатар келе жатқан тұлға пікірін қалдырғыңыз келсе, сіз сол тұлға имиджін жасаңыз. Оған, біріншіден, сізге имидж туралы білім қажет.
Имидж – адамның сыртқы болмысы мен ішкі жан дүниесінің сай болып, уақыт талабына жауап бере алатын психологиялық типі. Имиджге «қазіргі талаптар қандай?» деп сұрақ қоярсыз. Қазір дамуға ұмтылған, өз істеріне ғашық, адал, белсенді, қиындықтың бәрін жеңе алатын, жаңа идеяларға бай адамдар керек. Әр адамның имиджі өзгеше болуы мүмкін, өйткені ол әр адамның даму сипаты әртүрлі.
Имидж – өзгерісте болатын құбылыс. Нарық сұранысына сай имидж қалыптасады, өзгереді, дамытылады. Имидж төрт бағытта дамиды. Біріншісі - адам образы, яғни ол адамның өзі туралы қалдырған пікірі, тіпті өзінің жоқ болған кезінде де ол кісі туралы ойға келетін пікір немесе эмоциялар. Екінші бағыты – сырт келбеті: түрі, әдебі, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, ым-шара мен киген киімі. Үшінші бағыт – процессуалды бағыт, яғни процесс кезіндегі адам белсенділігі, эмоциясы, темпераменті. Ең соңғысы – ішкі факторлар: интеллект, ойлау үрдісі, ойлары, мақсаттары және эрудициясы. Осы төрт бағытта дамуға тырысыңыздыр, сонда жағымды пікірге ие болып, жетістіктерге жетесіздер.


Ұлттық оркестр табысы

Бүкіл әлемде дирижерге аса құрметпен қарайды. Оркестрді табысқа жеткізетін дирижер. Оркестр – ұжым. Ал оны басқару – дирижердің міндеті. Бұл айтуға ғана оңай. Әйтпесе, шығарманың нотасы қолына тигеннен бастап оны тыңдаушыға жеткізгенге дейінгі аралықта дирижер оркестр ұжымымен біте қайнасып, қажымай-талмай еңбек етеді. Осы уақыт ішінде қаншама тер төгіледі десеңізші! Демек, дирижер еңбегі ізденіспен бірге қажырлылықты да талап етеді.  Осындай қажырлы еңбегімен танылған дирижерлердің бірі Қазақстанда тұңғыш рет оркестр құрып, оған дирижерлік еткен әйгілі композитор, ел мақтанышы Ахмет Жұбанов болды. А. Жұбанов шеберлермен кеңесе отырып, халық аспаптарын оркестрге лайықтап, қайта өңдеп шығарды. Ол көптеген халық композиторларының әндері мен күйлерін оркестрге түсіріп, кеңінен танымал етті. Композитор әрі дирижер Ахмет Жұбанов өз жанынан да көптеген шығармалар жазды.


Ахмет Жұбанов ерекше дарын иесі болатын. Ол ел ішіндегі халық орындаушыларының басын қосып, оркестр ұйымдастырды. Нота сауатын білмейтін халық орындаушыларымен жұмыс жасау оңайға түспеді. Елден келген орындаушылардың тілін тауып, қысқа мерзімде, яғни 2 – 3 жылдың ішінде оркестр жасап шығарды. Жаңа оркестр Ахмет Жұбановтың дирижерлік етуімен 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте үлкен қошаметке ие болды. Осы оркестр арқылы Ахмет Жұбанов қазақ дәстүрлі музыка мәдениеті мен Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің басын тоғыстыра білді. Сөйтіп, қазақ елінде алғаш рет ұлттық оркестр дүниеге келіп, оның тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов болды.
Ахмет Жұбановтың жолын қуған ұрпағы – Алан Бөрібаев. Ол – бүгінгі таңда әлемге танылған жас дирижерлердің бірі. Алан Бөрібаев Швеция, Нидерланды және Ирландияның симфониялық оркестріне бас дирижерлік қызметке шақырылды. Еуропаның ең ірі үш мемлекетінің ұлттық оркестрінде дирижерлік ету үлкен жауапкершілік және абыройлы іс болатын. Иә, әрбір оркестрдің сан ғасырлық мәдени тарихы бар. Әбден орнығып, өз орнын тапқан мұндай оркестрлермен жұмыс жасау жас дирижерге оңай түспейді. Дирижерге өзге халықтың тілін, ұлттық дәстүрі мен мәдени тарихын білу қажет. Алан Бөрібаев мұндай үлкен сынақтан сүрінбей өтті. Сондықтан болар жас дирижердің таңдаған репертуар көлемі де ауқымды әрі қомақты. Алан Бөрібаев Еуропаның ең танымал классикалық симфонияларынан бастап, қазіргі заман композиторларының шығармаларын толық меңгере білді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет