Цицерон артында шешендік өнердің теориясы мен тарихы жайлы көптеген шығармалар, философиялық трактаттар, 800-ге жуық хат, сот процесі мен саясат аренасында айтылған 58 сөз қалдырды. Арасында грек тілінде жазылған 1000-ға жуық хаты сақталмаған. Цезарь, Помпей, Антоний және басқа да мемлекет қайраткерлерінің оған жазған 90 хаты сақталған. Марк Тулыийдың шығкармашылығынан (үзінділерді есептегенде) саяси бағытта, негізінен сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық, философия, теориялық философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психология, құжат және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылады. 800 астам хаты сақталған. Халықтың даналық сөздерін, бұқаралық дстүрлерін зерттеп білгенде жалпы риторика білімінің негізін салушы ежелгі Рим шешені Цицеронның бір пікірі еске түседі. Римдіктердің шешендік өнерді қалай игергендігі және халқының дарындылығы туралы ол былай деген екен :”Атақ құмар жастардың қайтенде шешендік өнерді үйренуге талпынбаған бірде – бірі жоқ шығар. Сонда әуел баста теориялық білім дегеннен бейхабар, тіпті шешендік өнердің жаттығу тәсілі мен ғылыми ережесі бар деп. ойына да кірмеген олар адам тек өзінің ақыл күшімен жете алатын сатыға жетті. Оған жетуге маңызды, әр түрлі және сан алуан сот істерінің көптігі себеп болды. Соның нәтижесінде әркімнің өзінше талаптанып алған біліміне ”.Б.з.б. 68 жыл мен 43 жылдың шілдесіне дейінгі уақыттар қамтылған хаттары мен еңбектері 37 кітап болып басылған. Өкінішке орай, Цицеронның консулдық қызмет атқарған кездегі хаттары кейінгі ұрпаққа жеткен жоқ. Шешеннің хаттарын өзі еркіндік алып берген хатшысы Тирон мен досы Тит Помпоний Аттик автор өлгеннен кейін жарыққа шығарды. Цицеронның эпистолярлық мұрасы көлемі бойынша да, мағынасы бойынша да әртүрлі болып келеді. Мысалы, бір хаттарында достарына сапардан аман-сау оралғандығын немесе белгілі бір мәселе бойынша қысқаша ақыл-кеңес берген болса, екінші бір хаттарында провинцияларда қандай маңызды істерді атқарғандығын немесе тарихты қалай жазу керектігін үйрететін трактатқа айналып кетеді. Цицеронның эпистолярлық мұрасының тарихи құндылығы автордың сол дәуірде тікелей қатысуымен өткен жағдайлар мен тарихи оқиғаларды нақты суреттеуінде болып табылады. Философиялық, саяси және риторикалық болып бөлінетін Цицеронның ғылыми еңбектері де тарихи оқиғалармен байланыстылығымен құнды. Шешен ғылыми еңбектерінде бұл үш жанрдың шекарасын бөліп жазбаған. Себебі философия, саясат және риторика бір-бірімен тығыз байланысты деп есептеген. Сондықтан да Рим азаматы философиялық біліммен сусындау арқылы шешендік өнерді меңгергенде тек қана мемлекет мүддесі үшін қызмет ету керек екендігін атап көрсетті. «Шешендік туралы» деген үш кітаптық еңбегін сенат партиясының өкілдері, білікті шешендер Лициний Красс пен Марк Антоний арасындағы диалог түрінде жазды. Өзінің көзқарасын Красстың сөздері арқылы баяндады. Красс шешендік өнердің шебері өмірдің барлық саласынан хабардар білімді адам болуы керек деп есептесе, Цицерон да шешенді аласапыран заманда мемлекетті құтқарып қалатын, сұңғыла саясаткер, жан-жақты, білімді адам болуы тиіс деген. Өзінің досы Брутқа арнап жазған «Брут» атты трактатта алдымен грек, кейін Римнің атақты шешендерімен бірге әлі танылып үлгермеген, барлығы 200-ден аса шешендердің аттарын атап, еңбектерін талдаған.