«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет109/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

6. Өмірлік жағдайларды ойнап шығу. 
Оқытушы оқушыларды 3 топқа бөледі. Әр топқа өмірлік жағдайлардың біреуін 
кейіптеп шығу ұсынылады: 
1. Колледждегі позитивті оқушыда АИТВ-ның пайда болуы. 
2. АИТВ-ны жұқтырған адам бір мекемеге жұмысқа тұруға келеді. 
3. Отбасы қызының барып жүрген балабақшасында АИТВ-ны жұқтырған баланың 
пайда болғаны туралы біледі. 
Оқушылар рөлдерге бөлініп, топ алдында кейіпті жағдайды ойнап шығады. 
Жағдайларды тамашалап болған соң оқытушы оқушыларға талқылауды ұсынады. 
7. «Ми шабуылы». Жауапты қауіпсіз тәртіп. 
Оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады: 
Жауапкершілік деген не? 
Қандай тәртіп қауіпсіз және жауапты болып саналады? 
Оқушылар жауабын жинақтап, қорытындылай отырып, оқытушы оларға 
түсініктердің анықтамасын ұсынады. 
Жауапкершілік – өз істері мен әрекеттері және олардың зардаптарына субъективті 
жауап беру міндеті. 


119 
Жауапкершілік – адамның жағдайды барынша талдауға мүмкіншілігін суреттейтін, 
осы жағдайда өзінің әрекеттерін немесе әрекетсіздігінің зардабын алдын ала болжай 
алатын және іс-әрекеттерінің формаларын таңдауға, таңдаудың зардабын болмай 
қоймайтын айғақ ретінде қабылдауға дайын болу, адамның жеке мінездемесі. 
8. Шағын топтардағы жұмыс. Қауіпті жағдайлардағы тәртіп ережелерін жасау. 
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын шағын топтарға бөледі. Топтарға 
«Қауіпсіз тәртіп ережелерін» жасау тапсырылады. Оқушыларға, қалыпты өмір сүретін 
жасөспірімдерге қауіпті жағдайларға ұшырап қалмау үшін нені істеп, нені істемеу керек 
екендігі туралы тізім жасау ұсынылады. Сосын әр топтың жазбалары таныстырылады да, 
жинақталып қорытынды жасалады. Ережелер тақтаға ілінеді. 
Қауіпсіз тәртіп ережелеріне мысал 
Әрқашан 
Ешқашан 
Ата-анаңа (немесе ересектерге) қайда 
баратыныңды, қашан келетініңді 
хабарлап отыру. 
Жедел шешім қабылдаудың әсерінен 
бейтаныс адамдармен бір жаққа баруға 
болмайды. 
Үйде өзің араласатын достарыңның 
телефондарының тізімін көрнекі жерде 
ұстау. 
Кешке, ішінде жолаушылары бар таксиге 
отыруға болмайды. 
Қандай жағдайда да өз достарыңмен 
алдын ала ақылдасып алу (сізбен 
танысуға келгенде, бір жаққа 
шақырғанда, бір нәрсе ұсынғанда). 
Жолыңды қысқарту үшін гараж арқылы 
немесе бейтаныс аулалармен жүрме. 
Үнемі жаман атағы бар жерлерге 
(компанияларға) жолама, ішімдік ішуден
басқа да зиянды нәрселерді пайдаланудан 
аулақ бол. 
Қайтарда жалғыз оралуға тура келетін 
компанияларға барма. 
Үйге қайтқанда жарық көшелермен жүр. 
Шығу тәсілі белгісіз сусындар мен азық-
түікті пайдаланбау. 
Бейтаныс көлікке отырар алдында, есікті 
ашу тұтқасының орналасқан жерін көріп 
ал. 
Лифтке сезікті адамдармен кірмеу. 
Таксиге дейін жеткізіп салуды біреуден 
өтіну және таксидің нөмірін есте сақтап 
қалу. 
Сен ең мықты екеніңді дәлелдеуге 
тырыспау. 
Баратын жеріңе жеткенің туралы үйге 
хабарлап отыру қажет. 
Бейтаныс адамдарға өз мекен-жайыңды, 
телефоныңды берме. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет