14
Жалпы құрылым бойынша, Қазақстанда халықтың өлім-жітімін қан айналым,
тыныс алу, жаңа өспелер (ісіктер) жүйесінің аурулары, сонымен қатар, оқыс
жағдайлар, улану, жарақаттар сияқты жағдайлар құрайды.
Демографиялық даму мәселелерін біз отбасылық-демографиялық саясат
тұрғысынан қарастырамыз: отбасы институты мен отбасылық-некелік
қатынастарды нығайту, халықтың демографиялық өсу мәселелері, отбасы мен неке
құндылықтарын насихаттау, ана мен бала өмірін қорғау, еркектер мен әйелдердің
репродуктивті денсаулығына қамқорлық көрсету және т.б.
Қазақстанда, статистика мәліметтері бойынша, отбасы саны 4,3 млн. дейін өсті,
бірақ, отбасының орташа шамасы 3,5 адамға дейін төмендеп кетті. Қазіргі заманғы
есептемелерге сәйкес, халықтың минималды жаңғыруы үшін ең қолайлы нұсқа -
бір әйелге 2,7 баланы құрайды. Осы жағдайда, репродуктивті денсаулықтың рөлі
туылудың жағдайы мен алғышарты ретінде айтарлықтай өседі. Отбасы деңгейінде
репродуктивті денсаулықты жақсарту - отбасылық-некелік қатынастар мен
ажырасудың тұрақсыздығына әкелетін және отбасылық кикілжіңге жиі әкеліп
соқтыратын бедеулік және жоспарсыз жүктіліктің болуы сияқты ауыр
жағдайлардың санын азайтады.
Қоғамның негізі ретінде отбасының мәртебесін көтеру, некелік-отбасылық
қатынастарды нығайту, отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, дені сау
балаларды өмірге әкелу, олардың тағдырына жауапкершілікпен қарау – елдің
демографиялық дамуының алғышарттарының бірі болып табылады.
Мықты демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігінің жетекші
басымдылықтарының дәрежесіне қойылды. Демографиялық даму экономиканың
өсуіне, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуіне және мемлекеттік қауіпсіздікке
тікелей әсер етеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасында жалпы алғанда демографиялық
өзгерістердің жағымды беталыстары бар (туылудың артуы, өлім-жітім
көрсеткішінің тұрақтануы). Алайда, кейбір жағымды өзгерістерге қарамастан
әйелдердің репродуктивті денсаулығы, ана мен бала өмірін қорғауды ұйымдастыру
төменгі деңгейде қалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: