«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет15/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

1. Оқытушының кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері 
хабарланады. 
2. Бой сергіту. «Үй, адам, жер сілкінісі» жаттығуы. 
Жаттықтырушы қатысушыларды үш-үштен топтарға бөледі. Екі қатысушы 
қол ұстасып, қарама-қарсы тұрып, олар үйді бейнелейді. Үшіншісі олардың 
арасында тұрады, ол – адам. Бір қатысушы жүргізуші болып қалады.
Жүргізуші «Үй» дегенде, барлық үйді бейнелеп тұрған қатысушылар 
орындарынан қолдарын ажыратпай өздеріне жаңа адам іздеп жүгіреді. Жүргізуші 
«Адам» дегенде барлық адамды бейнелеген қатысушылар үй іздеп жүгіреді. 
Жүргізуші «Жер сілкінісі» дегенде үйді бейнелеген қатысушылар қолдарын 
ажыратып жаңа үштік құрастыруға асығады. Жалғыз қалған қатысушы жүргізуші 
болады. 
3. Шағын топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі.
Бірінші топтың тапсырмасы – Эндокриндік жүйе деген не? – деген сұраққа жауап 
беру. 
Екінші топ - эндокриндік жүйеге қандай органдар жататынын талқылап, жазу және 
үшінші топқа эндокриндік жүйенің функцияларын талқылап, жазып беру 
тапсырылады. 
Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын таныстырады. 
Оқытушы оқушылар берген деректерді талқылайды. 
4. «Эндокриндік жүйе және адам ағзасындағы зат алмасу» атты 
мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс 
Мысал мазмұн. 
Адамның эндокриндік жүйесін коммуникациялық желі іспеттес деуге болады. Кез 
келген коммуникациялық желі сияқты эндокриндік жүйе де сигналдардың қайнар 
көзі болып, сигналдардан және сигнал қабылдағыштардан тұрады. Бұл жағдайда 


16 
бұл клеткалар гормондарды жасап шығаратын, өзі гормон және оның рецепторы 
болып табылады. 
Рецепторлар деген не? Рецептор – клетканың үстіңгі жағындағы молекула, өзіне 
белгілі бір химиялық заттектің, әдетте гормонның немесе медиатордың 
байланысына өзінің формасын өзгертумен жауап береді немесе гормоналды белгіге 
және осы белгіні клетканың ішіне өткізеді. 
Енді гормондарға анықтама берейік. Сонымен, гормондар – биологиялық белсенді 
заттек, олар эндокринді бездермен немесе ішкі секреция бездерімен өндіріледі 
(ішкі секреция бездері деп шығу түтіктері жоқ бездерді айтады) және олармен 
тікелей ағзаның ішкі ортасына шығарылады, атап айтқанда қанға лимфаға, тканьді 
сұйықтыққа бөлінеді. Гормондар жоғары биологиялық белсенділікке (сондықтан 
олар өте аз мөлшерде өндіріледі), спецификациялық әрекеттерге ие, дистантты 
әсері бар, атап айтқанда гормондардың түзілуі орнынан тыс орналасқан органдар 
мен тканьдарға ықпал етеді. Қанға еніп, олар бүкіл организмге тарайды, органдар 
мен тканьдардың функцияларына гуморальді реттеу жасайды, олардың қызметін 
қоздырады немесе тежейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет