«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет47/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Айналамыздағы заттар – ойыншықтар, есік тұтқалары, сатының жақтаулары, ақша, 
ұялы телефондар, үй жануарлары және құстар жұқпаның таралу факторлары болуы 
мүмкін. Оларды ұстағаннан соң қолды сабынмен мұқият жуыңыз. Үй жануарлары мен 


53 
құстары, тұрақты түрде жылына кем дегенде 1 рет ветеринарлық маманның бақылауынан 
өту керек. 
Қаңғыбас жануарларды, ауру және өлі жануарлар мен құстарды жалаңаш қолмен 
ұстамаңыз. 
11. Қорытындыға арналған қосымша материалдар. 
Материалды қорыту үшін оқытушы бірнеше жаттығу өткізеді. 
«Шатасу» жаттығуы. 
Сөйлемдегі сөздердің орны ауысып кеткен. Сөздерді керекті орнына қойып, сөйлемнің 
бастапқы қалпына келуіне көмектесіңіздер. 
1. Ауа-тамшы, арасында, жұқпа, аурулардың, ең, тұмау бұл, жұқпалы. 
2. Науқас, ошағы, болып саналады, жұқпаның, адам. 
3. Құқық, адам, ауруханалық, есептеледі, жұмыс істеуші, парақтарды, қолдануға. 
Кроссвордты шешу. 
1. Кір қолдан жұғатын ішек жұқпасы. 
2. Сапасыз азық-түлікті қолданудан болатын ауру. 
3. Жұқпалы аурумен ауырған науқастың барлық заттарын және пәтерін өңдеу. 
4. Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет тудыратын инъекция (укол) (орысша нұсқасы). 
5. Бауырды зақымдайтын вирустық ауру. 
6. Тұрғындардың жаппай жұқпалы аурумен ауыруы.
7. Қатты қышыну әсерін тудыратын жұқпалы тері ауруы (орысша нұсқасы). 
Жауаптары. 1. Дизентерия. 2. Ботулизм. 3. Дезинфекция. 4. Прививка (екпе). 5. Гепатит. 
6. Эпидемия. 7. Чесотка (қышыма). 
«Лото» жаттығуы. 
Оқытушы еріктілерге «Науқасты күту ережелері» деген тақырыпқа сұрақтар бар 
карточкалар таратады. Ойынның ережесі мынадай: оқытушы сұрақты оқығанда, оқушы 
дұрыс жауапты таңдап, оны өзінің карточкасымен жауып қояды. Егер жауабын 
білмесеңіз, бұл сұрақты өткізіп жібересіз. 
«Науқасты күту ережелері» карточкасындағы сұрақтар: 
1. Науқас қандай азық-түліктермен тамақтануы керек? 
2. Науқастың таблеткалар мен микстураларды пайдалану жиілігі қандай болу керек? 
3. Науқастың қызуын күніне қанша рет өлшеп отыру керек? 
4. Науқастың бөлмесінде гигиеналық тәртіптің қандай ережелерін сақтау керек? 
Күніне 2-3 рет 
Қызуын 
өлшеген 
соң 
Аптасына бір рет 
шаңдарды сүрту 
Сапалы 
Күнделікті желдетіп 
тұру, ылғалмен 
сүрту 
Кез-келген 
азық-
түлікпен 
Сағат сайын 
Дәрігердің 
рұқсатымен 


54 
Жауаптар: 1. Сапалы. 2. Дәрігердің рұқсатымен. 3. Күніне 2-3 рет. 4. Күнделікті желдетіп 
тұру, ылғалмен сүрту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет