«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет49/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Дайындық жұмысы: мұғалім оқушыларға алдын ала осы сабаққа байланысты «Отбасы 
адамға не үшін қажет?» деген тақырыпта шығармашылық тапсырма жазу үшін эссе 
береді (7-10 сөйлем). 
Сабақ барысы 
1Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды. 
2. Жаттығу. 
Оқытушы оқушылардан «отбасы» сөзі оларда қандай ұқсастықтарды тудыратындығын 
ойлануын сұрайды. Оқушылар әр қайсысы тізбектеліп, екіден асырмай ұқсастықтарды 
атайды. Ұқсастықтар қайталанбауы тиіс. 
Мәселен: жылу мен жайлылық; достық пен махаббат; қолдау көрсету мен қамқор болу; 
өзара түсіністік пен көмек және т.б.


55 
3. Жаттығу. «Отбасы туралы мақалдар мен мәтелдер». 
Оқытушы оқушылардан отбасы туралы мақалдар мен мәтелдерді еске түсіріп және 
айтып беруін сұрайды. Мысалы: 

Отбасы жоқ адам тамырсыз ағашпен тең. 

Шаңырағы бірдің отбасы берік. 

Бірліксіз отбасында береке болмайды.

Отбасы – бақыттың тірегі.

Жақсы отбасыдан жақсы балалар өсіп шығады. 

Махаббат пен кеңес бар жерде қайғы болмайды. 

Отбасындағы татулық қазынадан да асыл. 

Ұқыпты үйде – тоқшылық, жалқау үйде - жоқшылық.

Отбасында ауызбіршілік болмаса, береке болмайды. 

Тату отбасына бақыт әрқашан жол табады. 

Отбасында араздық болса, берекеге орын жоқ. 

Бірлігі жарасқан отбасына бұлт төнбес.

Тұспалдаушылықтар мен жазғырулар – отбасындағы ақау. 

Тату отбасына күннің суығы да ызғарын тигізе алмас.

Өз шаңырағыңда қабырғаң да көмекшің. 

Тату отбасын мұң шалмас. 

Отбасында келісім болса, ісің алға басар. 

Төрт құбыласы түгел отбасының көңілі тоқ. 

Жақсы отбасының ақылы артар. 

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. 

Әке – асқар тау, шеше – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. 

Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 

Ұлым – қолымдағы қуатым, қызым – асыл қазынам. 

Әкеге қарап ұл өсер. 

Ағайын тату болса – ат көп болар, абысын тату болса – ас көп болар.

Үйіңнің жылы не суықтығын – қыс түскенде білерсің, кімнің жақын, кімнің алыс 
екендігін – басыңа күн туғанда білерсің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет