56
оның жақындары мен туыстарынан артық ешкім, ешқашан оны жақсы көре
алмайтындығын және бағалай алмайтындығын түсіну қажет.
5. «Отбасының адам өмірі мен қоғамдағы рөлі» мультимедиалық
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. Отбасы құрылымы.
Мысал мазмұн.
«Отанға деген махаббат отбасынан басталады», - бұл сөздерді кезінде философ
Френсис Бэкон айтып кеткен, ол қоғамда отбасының қалыптасуы үдерістері кезінде
қандай үлкен рөл атқаратындығын көрсетіп отыр.
Дәл отбасы – бұл біздің бірінші қоғамымыз болып табылады. Біз онда өміріміздің
алғашқы жылдарын өтікземіз, ол кездері өмірлік құндылықтар мен басымдылықтары
қалыптасады, сондай-ақ, әлеуметтік мінез-құлық нормалары құрылады. Нақ отбасы
мүшелерінің өзі адамның әлеуметтенуінің негізгі бастама нүктелерін береді: алдымен,
бұл ата-аналар, сонан соң отбасының басқа да мүшелері.
Отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды құраушысы болып
табылады, бұл қоғам жаңғыруын қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік институт. Жай
сөзбен айтқанда – отбасы біздің өмірімізде алғашқы орындардың бірін алады және
отбасыдан қымбат, маңызды ешнәрсе жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: