«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Топтардағы жұмыс. Сексуалды қатынасқа түсу уәждемелері



Pdf көрінісі
бет67/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

 
13. Топтардағы жұмыс. Сексуалды қатынасқа түсу уәждемелері. 
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Әр топ талқылауға және бозбалалар мен бойжеткендердің сексуалды қатынасқа 
түсуінің уәждемелерінің тізімін құрау тапсырмаларын алады. 
Мысал тізім: 
• 
күшті сексуалдық әуестік; 
• 
махаббат; 
• 
тәжірибенің жинақталуы; 
• 
көңіл көтеру; 
• 
әуесқойлық; 
• 
серігін ұстап қалуға ұмтылу
• 
өзін-өзі тану; 
• 
балалы болу тілегі; 
• 
отбасын құру мақсаты; 
• 
«бәрі сияқты болу» тілегі; 
• 
мәжбүрлеу; 
• 
ақша табу тілегі. 
14. Пікірталас. Отбасыішілік қарым-қатынас. 
Оқытушы оқушыларға келесідей сұрақтарды талқылауды ұсынады: 
1.Сексуалды өмір мен жыныстық қатынастардың мәселелері отбасына қандай әсерлерін 
тигізуі мүмкін (мысалы, АИТВ-оң статусын, қажетсіз жүктілікті мойындау, бір жынысты 
сексуалды қатынасқа түсу)? 
2. Егер отбасының жас мүшесі өзінің АИТВ-оң статусын немесе жүктілігін 
хабарлағанада, келісімді некеден бас тартқанда немесе өзінің сексуалды бағдарын ашық 
айтқанда отбасы мүшелерінің рөлі өзгеруі мүмкін бе? 
15. «Ми шабуылы». Адам құқығы. 
Оқытушы оқушыларға «құрмет», «шыдамдылық», «келісім» түсініктеріне 
анықтама берулерін сұрайды. 
Оқушылардың жауаптары жалпыланады, оқытушы шыдамдылық, келісім және 
құрмет деген құндылықтар жақсы қарым-қатынасты ұстаудың негізгі кілттері болып 
табылатындығына қорытынды жасайды. Әрбір адам құрметке лайық. 
Сонан соң, оқушыларға «ырымшылдық», «қате түсінушілік», «стигматизация», 
«шыдамсыздық», «дәмешілдік», «бас тарту» және «буллинг» терминдеріне түсінік беру 
тапсырмасы тапсырылады. 
Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе оқытушы мынадай шешімге 
келеді: біреуді денсаулығының жағдайына, терісінің түсіне, пайда болуына, сексуалды 
бағдарына немесе басқа да айырмашылықтарына қарап, солардың негізінде дәмешілдікке 
немесе буллинге итермелеу адамның құқығын бұзу және қорлаушы мінез-құлық, 
құрметсіздік таныту болып табылады. 
Айырмашылықтың негізіндегі стигматизация мен дискриминация адам құқығын 
бұзу болып табылады. Әрбір адам дәмешілдікке (домогательство) немесе буллингке тап 
болғандарды қорғауға міндетті.


80 
Әр адам қате түсініктер мен сабырсыздыққа қарсы шығуы қажет. Дискриминация 
жеке адамдарға, қауымға және қоғамға жағымсыз әсерін тигізеді. Әдетте дискриминация 
мен стигматизацияға тап болған адамдарға көмек көрсетудің құқықтық механизмдері 
болады. Көптеген елдерде дискриминация мен стигматизацияға тиым салатын заңдар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет