«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Ерлердегі климактериялық кезең (ерлер гормонының деңгейі төмендейді)



Pdf көрінісі
бет89/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Ерлердегі климактериялық кезең (ерлер гормонының деңгейі төмендейді). 
45тен 60 жас аралығында өтеді. Ер адам тестостеронның өндірілуінің азаюынан 
болатын физиологиялық өзгерісті басынан кешіреді. 
Құндылықтар жүйесі. 
Құндылықтардың дербес жүйесінің құрылымы өзін-өзі танумен, ізденумен қатар 
жүреді, жасөспірімнің дамуында басты көрініс береді. «Өзімнен не ұсына аламын?» деген 
сұраққа жауап берумен қатар, сіздің құрдастарыңыз мына сұрақтарға да жауап іздейді: 
«Менің көзқарастарым қандай?», «Мен неге сенемін?», «Еліктеу үшін кімді таңдауым 
керек?». Жасөспірім мінез-құлық үшін шындықты немесе кейде бір нәрсеге жету үшін 
өтірікті таңдауы да мүмкін. Жасөспірімдер құндылықтардың жүйесін анықтау керек. Ата-
анасы мен өзге де ересектер оларға фундамент қалауға көмектесу керек. Дегенмен бұл 
кезеңде жасөспірімдер үшін өзге ақпарат тасушылар маңызды орын алады, олар: құрбы-
құрдастар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектеп және т.б. 
Достар мен құрдастар сіздер үшін өте маңызды болады. Сізге міндетті түрде 
солардың арасында қалаулы, танымал болуыңыз керек. Құрбы-құрдастардың қалаулысы 
болу үшін солардың тәртібін, мінездемесін қабылдау керек болады (жаргонмен сөйлеу, 
шегу, сол шаш үлгісін ұстау, киім және т.б.). «Барлығы сияқты болу» тілегі жыныстық 
қатынасқа түсу мен есірткі шегудің бірден бір себебі болып табылады. Жасөспірімдер 
үшін құрдастарының көрсеткен қысымы, ересектердің көрсеткен қысымына қарағанда 
күштірек болады. 
Жасөспірімдік кезеңнің маңызды сатысы, сексуалды қарым-қатынастың ережелері 
мен әдет-ғұрыптарын меңгеру болып табылады. Осы себепті жасөспірімдер рұқсат 
етілген шекті біледі, сексуалды күйзелісті сөзбен немесе басқа әдістермен білдіруді 
үйренеді, түсініспеушіліктен қашады (қыздарға сылаңдаған біреу сияқты әсер қалдырмау 
және ұлдар үшін агрессивті және сезімтал емес болып көрінбеу), серіктеске саған не 
ұнайтынын, не ұнамайтынын көрсету. Жасөспірімдерде осындай сексуалды қарым-
қатынастағы жинаған тәжірибе мен сенімділік, ересек өмірде аса қажет болады. Тым 
тұрақты қызқұмарларға «жоқ» деп айту немесе кештегі жабысқан жігіттен тактикалық 
түрде босап кету, қыздарға есейген кезде өзін бұдан қиын жағдайларда сенімдірек 
сезінуге көмектеседі. Сексуалды қарым-қатынаста сәтсіздікке ұшыраған жасөспірім, 
болашақта жақын қарым-қатынасқа абайлап түетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет