«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Сексуалдық түсінігі, оның даму сатысы мен сексуалды мінез-құлықтардың



Pdf көрінісі
бет85/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   125
55. «Сексуалдық түсінігі, оның даму сатысы мен сексуалды мінез-құлықтардың 
түрлері. Жасөспірімдерде сексуалды қатынастар туралы білім, құндылықтар 
және оны орнатуды қалыптастыру» атты мультимедиалық презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн 
Сіздің көптеген құрдастарыңыз жыныстық қатынас туралы барлығын білетініне сенімді, 
бірақ әдеттегідей олар толық емес, күмәнді және дұрыс жеткізілмеген ақпараттарға ие. 
Сексуалдылық адамның бүкіл өмірінде өзгеріп және дамып отырады. Жасөспірім кезеңде 
сексуалдылықтың дамуының мәні зор, бұл айналасындағыларға жеке және әлеуметтік 
қарым-қатынас құруға ерік береді. 
Сексуалдылық пен секс – бір нәрсе емес. 
Секс – ағылшын тілінен аударғанда «жыныс» дегенді білдіреді. 
Секс (латынша sexus – жыныс; синонимі – жыныстық қатынас) – жыныстық 
құштарлықты қанағаттандыру мақсатында дене, психикалық және әлеуметтік процесстер 
мен қарым-қатынастар жиынтығы. 
Сексуалдылық – туылған сәттен бастап адамның бүкіл өміріне қатысты, өмірдің 
көптеген аясын қамтитын өзіне тән ерекшелігі. Сексуалдылық адам болмысының табиғи 
және ажырамас бөлігі болып табылады. Сексуалдылық адамның өзіне, өзіндік және 
қарама-қарсы жыныспен қалай қарым-қатынас жасайтындығымен анықталады. 
Сексуалдылық – құштарлықты білдіру құралы, белгілі бір жынысқа ғана қатысты, әр 
адамның өзін және өзгелерді тану мүмкіндігі. 
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сексуалдылықты «қарым-қатынас жасауға, 
нәзіктік және махаббатты білдіргісі келуінен туындайтын физикалық, психологиялық 
және әлеуметтік энергиясы» деп түсіндіреді. 
Сексуалдылықтың астында сексуалды құмарлық, сексуалды реакция, сексуалды 
белсенділік және т.б. жатады. 
Сексуалдылық мыналарды қамтиды: 

Адамның жеке тұлға ретінде сезінуі 

Адамның өзін болашақ еркек немесе әйел ретінде сезінуі 

Репродуктивті денсаулық, қайта жаңғырту (бала туу) 

Сезім, ой, тәртіп 
Сексуалдылықтың пайда болуы әртүрлі, еркек пен әйелдің физиологиялық және 
психологиялық шарттасуы, өмір бойы меңгеретін және дамытатын гормональды 
ерекшеліктері, жыныстық рөлдерінің алмасуы (достық, махаббат, бала біту және босану, 
отбасындағы қарым-қатынас және басқалары). 
Сексуалдылық – адам өмірінің бір бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет