«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Модуль 6.  Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4 сағат)



Pdf көрінісі
бет91/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Модуль 6. 
Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4 сағат). 
Сабақ 6.1 
Адамның репродуктивті денсаулығы мен репродуктивті құқықтары. Жыныстық 
қатынасқа түсудің салдары мен жауапкершілігі. АИТВ-жұқпасы. Жыныстық 
жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті денсаулыққа 
тигізетін әсері. АИТВ-ны қоса алғанда қажетсіз жүктілік пен ЖЖБЖ-ның алдын 
алу. Контрацепция, отбасын жоспарлау (2 сағат). 
Мақсаты: Оқушылардың санасында жыныстық жолмен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ), 
өзінің мінез-құлқы мен профилактикалық шараларына жеке жауапкершілік мәселелері 
туралы қажетті білімді қалыптастыру. Контрацепция мен отбасын жоспарлаудың 
заманауи тәсілдерін меңгеру. 
Міндеттер: 
13. Жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарын талқылау. 
14. Оқушыларды ЖЖБЖ, АИТВ және алдын алу шаралары туралы негізгі 
мәліметтермен таныстыру.
15. Репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлаудың заманауи әдістерімен 
таныстыру. 
16. Жауапкершілікті жыныстық мінез-құлық арқылы өзінің жеке денсаулығы мен 
серіктесінің денсаулығын сақтау туралы уәждемені (мотивация) қалыптастыру. 
Түйінді түсініктер: репродуктивті құқықтар, ЖЖБЖ, АИТВ, отбасын жоспарлау, 
контрацепция әдістері, жауапты мінез-құлық. 
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, топтардағы жұмыс, пікірсайыс, 
бой сергіту, ситуациялық тапсырмалар. 
Жабдықтар мен материалдар: 
Флипчарт, маркерлер, А4 қағаз, скотч, стикерлер, қайшылар, желім, түрлі түсті 
қағаз, мультимедиапроектор, тарату материалдары. 


101 
Сабақ барысы 
1. Оқытушы кіріспе сөзінде, сабақтың тақырыбын, мақсатын және тапсырмаларды 
хабарлайды. 
2. Бой сергіту. «Ең ұзын сызық» жаттығуы. 
Бөлмеден кеңірек орын таңдаңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз (егер оқушылардың 
саны жетсе, одан да көбірек топқа бөліңіз). Тек оқушылардың өзінде бар заттарды 
пайдалана отырып, еденде барынша ұзын сызық жасау керек екендігін түсіндіріңіз. 
Қосымша заттар мен пәндерді қолдануға рұқсат етпеңіз. Тек оқушылардағы киілген, 
тағылған заттарды, мысалы, сағатты, аяқ киімді әшекейлерді қолдануға болады. Егер 
оқушылар осы тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындаса, онда сызық 
ұзындығы басқа командадан ұзын болуы үшін барлығын қолданады. Оларға тіпті, еденге 
жатуға да болады. Сызығы ұзын болған команда жеңеді. Бой сергітуден кейін, бұл 
жаттығу команданың құрылуына қаншалықты әсер ететіндігін талқылаңыз. 
3. Ми шабуылы. 
Сұрақтар: Жасөспірімдерді ерте жыныстық байланыстарға түсу сезімін оятатын 
себептерді атаңыздар. Жыныстық қатынасқа түсудің салдарын атап шығыңыздар. 
Оқушылардың барлық жауаптарын флипчартқа жазып қою. 
Содан кейін, оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарып, шағын-дәрісті бастауға 
өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет