ересек жасқа өту). 8 бен 13 жас аралығында өтеді. Бұл саты ұл балаларға
қарағанда қыз балаларда тезірек туындайды.
•
Шәует түзіле бастайды (ұл балаларда). 11ден 18 жас аралығында өтеді.
•
Қыздарда етеккір басталады. 9дан 16 жас аралығында өтеді.
•
Романтикалық белсенділік басталады. 10нан 15 жас аралығында өтеді. Бұл саты
мәдени факторларға байланысты.
•
Жыныстық қатынасқа алғашқы рет түседі. Дербес және мәдени факторларға
толығымен байланысты, соңғы жасөспірім кезеңнің ортасында болады.
•
Некеге тұру. Дербес және мәдени факторларға байланысты.
•
Менопауза. Әйелдерде 50 жаста болады (30 жастан сәл жоғары немесе 40 жастан
да басталуы мүмкін). Әйел физиологиялық процессті басынан кешіреді, овуляция,
етеккір және бала туу қабілеті тоқтайды.
99
•
Ерлердегі климактериялық кезең (ерлер гормонының деңгейі төмендейді).
45тен 60 жас аралығында өтеді. Ер адам тестостеронның өндірілуінің азаюынан
болатын физиологиялық өзгерісті басынан кешіреді.
Құндылықтар жүйесі.
Құндылықтардың дербес жүйесінің құрылымы өзін-өзі танумен, ізденумен қатар
жүреді, жасөспірімнің дамуында басты көрініс береді. «Өзімнен не ұсына аламын?» деген
сұраққа жауап берумен қатар, сіздің құрдастарыңыз мына сұрақтарға да жауап іздейді:
«Менің көзқарастарым қандай?», «Мен неге сенемін?», «Еліктеу үшін кімді таңдауым
керек?». Жасөспірім мінез-құлық үшін шындықты немесе кейде бір нәрсеге жету үшін
өтірікті таңдауы да мүмкін. Жасөспірімдер құндылықтардың жүйесін анықтау керек. Ата-
анасы мен өзге де ересектер оларға фундамент қалауға көмектесу керек. Дегенмен бұл
кезеңде жасөспірімдер үшін өзге ақпарат тасушылар маңызды орын алады, олар: құрбы-
құрдастар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектеп және т.б.
Достар мен құрдастар сіздер үшін өте маңызды болады. Сізге міндетті түрде
солардың арасында қалаулы, танымал болуыңыз керек. Құрбы-құрдастардың қалаулысы
болу үшін солардың тәртібін, мінездемесін қабылдау керек болады (жаргонмен сөйлеу,
шегу, сол шаш үлгісін ұстау, киім және т.б.). «Барлығы сияқты болу» тілегі жыныстық
қатынасқа түсу мен есірткі шегудің бірден бір себебі болып табылады. Жасөспірімдер
үшін құрдастарының көрсеткен қысымы, ересектердің көрсеткен қысымына қарағанда
күштірек болады.
Жасөспірімдік кезеңнің маңызды сатысы, сексуалды қарым-қатынастың ережелері
мен әдет-ғұрыптарын меңгеру болып табылады. Осы себепті жасөспірімдер рұқсат
етілген шекті біледі, сексуалды күйзелісті сөзбен немесе басқа әдістермен білдіруді
үйренеді, түсініспеушіліктен қашады (қыздарға сылаңдаған біреу сияқты әсер қалдырмау
және ұлдар үшін агрессивті және сезімтал емес болып көрінбеу), серіктеске саған не
ұнайтынын, не ұнамайтынын көрсету. Жасөспірімдерде осындай сексуалды қарым-
қатынастағы жинаған тәжірибе мен сенімділік, ересек өмірде аса қажет болады. Тым
тұрақты қызқұмарларға «жоқ» деп айту немесе кештегі жабысқан жігіттен тактикалық
түрде босап кету, қыздарға есейген кезде өзін бұдан қиын жағдайларда сенімдірек
сезінуге көмектеседі. Сексуалды қарым-қатынаста сәтсіздікке ұшыраған жасөспірім,
болашақта жақын қарым-қатынасқа абайлап түетін болады.
58. Пікірсайыс.
Оқытушы «Толығымен келісемін», «Келісемін», «Келіспеймін» деп жазылған
карточкаларды оқушылар жанына тұра алатындай етіп жапсырып қояды.
Оқытушы келесі мақұлдауларды оқиды, ал оқушылар өздерінің пікірінше қайсысымен
келісетінін таңдап, содан кейін өзінің шешіміне сай пікірдің жанына барып тұрады:
•
Мүшеқаптар кез келген жастағы жасөспірімдерге қолжетімді болу керек
•
Некеге дейін секске түсуге болады
•
Сексуалды қарым-қатынас туралы білім, ерте жастағы секске немесе тәртіпсіз
жыныстық байланыстарға әкеліп соғуы мүмкін
•
Некеден тыс жыныстық байланыс ұлдарға қарағанда қыздарда жаман
•
Мүшеқаптар – жастар үшін тууды бақылаудың тамаша әдісі және олар ЖЖБЖ-дан
қорғайды
•
Жас адам репродуктивті денсаулық аясындағы қызметтерді қолданбайды, тіпті
оған ұсынса да
•
Сексуалды және репродуктивті денсаулық саласындағы көрсетілген қызметтер,
оларды ерте жыныстық байланыс пен сексуалды азғындыққа әкелуі мүмкін
100
Барлығы таңдауын жасап болғаннан кейін, әр топтан бір еріктінің сөйлеуін өтініңіз. Дәл
осылай әрбір таңдалған мақұлдауларды жалғастырып шығыңыз. Оқушылар өз пікірлерін
айтып, келісетінін немесе қарсы екенін аргументтеп шығуы керек.
Оқытушы барлық мақұлдауларды қайталап шығып, мынадай сұрақ қояды:
Қай мақұлдауға пікір білдіру қиын болды? Неге?
59. Сабақтардың қорытындысын шығару.
Соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігі қызығырақ
болғаны туралы сұрайды. Қайсысын түсіну қиын болды?
Содан кейін оқытушы оқушылардан алынған жауаптарды түйіндей келіп, жалпы
қорытынды шығарады:
Жыныстық жетілу кезең жас адам үшін қиын сәттер болуы мүмкін. Адамдар
сексуалдылықты қоғамдағы өз білетін дүниелеріменн ғана беруге әдеттенген, бірақ
сексуалдылықтың мәні әлдеқайда кеңірек және көптеген факторлардың әмерінде болады:
мәдениет, жас ерекшелігі, отбасылық құндылықтар. Бұл факторлардың көбісі жасөспірім
кезеңде қалыптасып қойылған. Сонымен, жасөспірімдер – сексуалдылыққа ие болған
адамдар екенін ұмытпайық.
Модуль 6.
Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4 сағат).
Сабақ 6.1
Адамның репродуктивті денсаулығы мен репродуктивті құқықтары. Жыныстық
қатынасқа түсудің салдары мен жауапкершілігі. АИТВ-жұқпасы. Жыныстық
жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті денсаулыққа
тигізетін әсері. АИТВ-ны қоса алғанда қажетсіз жүктілік пен ЖЖБЖ-ның алдын
алу. Контрацепция, отбасын жоспарлау (2 сағат).
Мақсаты: Оқушылардың санасында жыныстық жолмен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ),
өзінің мінез-құлқы мен профилактикалық шараларына жеке жауапкершілік мәселелері
туралы қажетті білімді қалыптастыру. Контрацепция мен отбасын жоспарлаудың
заманауи тәсілдерін меңгеру.
Міндеттер:
13. Жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарын талқылау.
14. Оқушыларды ЖЖБЖ, АИТВ және алдын алу шаралары туралы негізгі
мәліметтермен таныстыру.
15. Репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлаудың заманауи әдістерімен
таныстыру.
16. Жауапкершілікті жыныстық мінез-құлық арқылы өзінің жеке денсаулығы мен
серіктесінің денсаулығын сақтау туралы уәждемені (мотивация) қалыптастыру.
Түйінді түсініктер: репродуктивті құқықтар, ЖЖБЖ, АИТВ, отбасын жоспарлау,
контрацепция әдістері, жауапты мінез-құлық.
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, топтардағы жұмыс, пікірсайыс,
бой сергіту, ситуациялық тапсырмалар.
Жабдықтар мен материалдар:
Флипчарт, маркерлер, А4 қағаз, скотч, стикерлер, қайшылар, желім, түрлі түсті
қағаз, мультимедиапроектор, тарату материалдары.
101
Сабақ барысы
1. Оқытушы кіріспе сөзінде, сабақтың тақырыбын, мақсатын және тапсырмаларды
хабарлайды.
2. Бой сергіту. «Ең ұзын сызық» жаттығуы.
Бөлмеден кеңірек орын таңдаңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз (егер оқушылардың
саны жетсе, одан да көбірек топқа бөліңіз). Тек оқушылардың өзінде бар заттарды
пайдалана отырып, еденде барынша ұзын сызық жасау керек екендігін түсіндіріңіз.
Қосымша заттар мен пәндерді қолдануға рұқсат етпеңіз. Тек оқушылардағы киілген,
тағылған заттарды, мысалы, сағатты, аяқ киімді әшекейлерді қолдануға болады. Егер
оқушылар осы тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындаса, онда сызық
ұзындығы басқа командадан ұзын болуы үшін барлығын қолданады. Оларға тіпті, еденге
жатуға да болады. Сызығы ұзын болған команда жеңеді. Бой сергітуден кейін, бұл
жаттығу команданың құрылуына қаншалықты әсер ететіндігін талқылаңыз.
3. Ми шабуылы.
Сұрақтар: Жасөспірімдерді ерте жыныстық байланыстарға түсу сезімін оятатын
себептерді атаңыздар. Жыныстық қатынасқа түсудің салдарын атап шығыңыздар.
Оқушылардың барлық жауаптарын флипчартқа жазып қою.
Содан кейін, оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарып, шағын-дәрісті бастауға
өтеді.
4. «Ерте жыныстық байланыстарға түсудің салдары» атты мультимедиалық
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі.
Мысал мазмұны
Жасөспірімдік кезең – бұл, тәжірибеге әуесқойлылық пен оны қанағаттандыру
кезеңі. Қажетсіз жүктілік, ЖЖБЖ және АИТВ/ЖИТС – мұның бәрі жасөспірімдердегі
жыныстық белсенділіктің салдары.
Жастар жауапты шешімдер қабылдауға дайын болмағандықтан және жеткілікті
ақпараттарды білмегендіктен, әсіресе, ЖЖБЖ мен АИТВ/ЖИТС-қа әлсіз болып
келеді. Ержету кезеңінде жасөспірімдер көбінесе тез ересектер қатарына қосылуды
жыныстық қатынас деп ойлайды.
Жыныстық қатынас көбіне алкоголь мен есірткі тұтынуға ұласып жатады, ал бұл
өз нәтижесінде мінез-құлық қауіптілігіне және нақты шешімдер қабылдаудың
төмендеуіне әкеліп соғады.
Жастар көбіне өздерін әлсіз деп ойламайды, олардың қатынастарын «бұл жағдай
менде болмайды» деген сөздермен анықтауға болады.
Белгілі бір адамдар тобына жатпай-ақ, қауіпті мінез-құлық нәтижесінде ЖЖБЖ
мен АИТВ-ні жұқтыруға болады. Сенің кім екенің маңызды емес, сенің не
істейтінің маңызды.
Зерттеу мамандары, соңғы жылдары алғашқы рет жыныстық байланысқа түсу жасының
төмендеу үрдісі байқалатындығын анықтады. Қазіргі заманғы жастарға ерте жыныстық
байланысқа түсу қалыпты жағдайға арналған.
Психологтардың анықтауынша, қазіргі жасөспірімдерде жыныстық мәселелерге деген
қызығушылық пайда болған. Жасөспірімдер теледидардан немесе видеофильмдерден
жыныстық мағынасы бар көптеген көрініске куә болады, көп ақпаратты интернеттен
алады. Әлі толық жетілмеген жасөспірімнің санасы ақпаратты дұрыс түсінбейді және оны
дұрыс қолдана алмайды, нәтижесінде өмірлік дағдысына айналып кетеді. Жастардың
жыныстық қатынасқа деген көзқарастарының жеңілдігі сондай, бұл облыстың әлеуметтік
тыйымдарына мән бермейді. Жасөспірімдер арасында мүлде бейтаныс адамдармен
жыныстық қатынасқа түсе беру кең таралған. Жыныстық өмірді 16 жасқа дейін бастаған
бозбалалардың саны, осы жастағы бойжеткендердің санына қарағанда әлдеқайда жоғары.
16 жасқа дейін жыныстық өмірді бастаған оқушылардың саны, жалпы білім беретін
102
мектептерге қарағанда, арнаулы мамандандырылған оқу орындарында оқитын
оқушыларда жоғары.
Жасөспірімдерде жыныстық байланыстарды ерте бастаудың себептері.
1. Өзін аз жалғыз сезіну немесе танымал болу;
2. Өзін ата-анаға тәуелсіз екенін көрсету;
3. Өзіндік «Менін» жыныстық қатынас арқылы анықтау, себебі өзін өте сенімсіз
сезінеді және осылай өзінің тартымдылығын танытпақшы. Бозбалалар өздерінің ер
екендігін, ал қыздар әлемге және өзіне қалаулы екенін дәлелдегісі келеді;
4. Махаббатын сақтап қалу үшін;
5. «Барлығы осыны істейтіндіктен».
Ерте жыныстық байланыстар адам денсаулығына, ең әуелі репродуктивті
денсаулығына жағымсыз әсерлерін қалдырып кетеді.
Негізгі әсерлері:
1. Қажетсіз жүктілік (аборт немесе жастайынан ана болу);
2. ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру;
3. Көңілін қалдыру;
4. Жаман атақ және т.б.
Әлі өзі ержетпеген ата-ана баласын бір нәрсеге үйрете қоюы екіталай. Ерте босану
салдары әйелдің бүкіл өміріне әсер етеді. Өкінішке орай, жасөспірімдердің жыныстық
белсенділігінің артып бара жатқандығын мойындауға тура келеді – бұл шындық. Бұл
жыныстық жолмен берілетін аурулардың санын апатты жағдайда артуына; абортқа,
жастайынан ана атануға, кейіннен балаларынан бас тартуға және әлеуметтік жетімдікке
әкеліп соғатын жасөспірімдік жүктіліктің артуына әкеліп соғады. Жасөспірімдердің
отбасылық өмірге дайын еместігі ажырасудың артуына да әсерін тигізеді.
Сондықтан, жасөспірімдердің ерте жыныстық байланысы олардың жалпы (рухани және
физикалық) және репродуктивті денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді.
Жасөспірімдердің ерте жыныстық байланысқа түсуінің себебі, дұрыс тәрбие мен өмірлік
ұстанымдарының жоқтығы. Жасөспірім жыныстық есеюге байланысты физиологиялық
сұраныстарға көп көңіл бөледі.
Түсініңіз: сіздің жасыңызда өмір біткен жоқ, енді басталды, сондықтан, лайықты өмір
сүру үшін оған салмақты дайындалу керек, асығудың қажеті жоқ, барлығының өз уақыты
бар.
6.Ми шабуылы. Қандай ЖЖБЖ-ларды білесіздер?
Оқытушы оқушылардан өздері білетін ЖЖБЖ-ларды санап беруін сұрайды. Оқытушы
ЖЖБЖ аттары жазылған кестелерді алдын ала дайындап қояды, онда – мерез, В және
С гепатиті, АИТВ – қызыл түспен, ал қалған ЖЖБЖ – көк немесе жасыл түспен
белгіленеді. Оқушылар ЖЖБЖ-ның аттарын айта салысымен кестелер тақтаға, екі
бағанның бойымен жапсырылады: оң жағына – екі түрлі жолмен – жыныстық және
қан арқылы (мерез, «В» және «С» гепатиті, АИТВ) берілетін, сол жағына – тек
жыныстық жолмен берілетін аурулар (соз ауруы, трихомониаз, хламидиоз,
папилломавирусты жұқпа және басқалары). Егер біреу туберкулез немесе тұмауды
ЖЖБЖ деп айтып қалса, оны дереу флипчартқа жазып қойып, кейіннен олардың
ЖЖБЖ-ға неліктен жатпайтындығын түсіндіріп беру керек. ЖЖБЖ-ның 20-дан аса
түрі болатынына баса назар аударылады.
103
Аталуы мүмкін жұқпалардың тізімі:
1. Мерез
2. В және С гепатиті
3. АИТВ
4. Соз ауруы
5. Трихомониаз
6. Хламидиоз
7. Папиллом – вирусты жұқпасы
8. Ұшық
Егер оқушылар қандай да бір жұқпаны қалдырып кетсе, оқытушы оны өзі қосады.
Оқушылардан ЖЖБЖ неге бұлай бөлінгені анықталады. Екі топқа бөліну себебі анықтала
салысымен, оқытушымен бірге берілу жолдары да анықталады.
7.Топтардағы жұмыс. ЖЖБЖ белгілері.
Оқытушы оқушыларды аталған жұқпалардың санына қарай бөліп, оларға ЖЖБЖ аттары
жазылған карточкалар таратады, оған өздері білетін ЖЖБЖ-лардың негізгі белгілерін
жазуды сұрайды. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын презентациялайды. Презентациядан
соң, көптеген аурулардың белгілері ұқсас болып келетіндігі анықталады. Мысалы:
•
Жыныстық жолмен ерекше көбікті бөлінулер (іріңді, шырышты-іріңді, сарғыш
немесе жасыл түсті, кейде жағымсыз иістермен);
•
Қышыну, ісіну немесе жыныстық органдардың сыртқы жағындағы ауырсынулар;
•
Несеп шығарудың бұзылуы (жиі, ауырсынулармен немесе күйдіре);
•
Жыныстық органдардағы жаралар;
•
Жыныстық органдардағы көпіршік тәріздес бөртпелер;
•
Жыныстық органдардағы бездер (кондиломалар);
•
Шаптағы лимфатикалық түйіндердің үлкеюі (дөңгелек немесе жұмыр пішіндес,
ұстап көргенде ауырсынулар);
•
Жыныстық қатынас кезіндегі қан кету;
•
Дене қызуының көтерілуі.
Оқытушы қорытынды шығарған кезде, көптеген ЖЖБЖ-лар әртүрлі емделгенмен,
белгілері ұқсас болатыны аңғарылады. Сондықтан, осы белгілердің біреуі байқалысымен
дәрігерге көріну қажет.
8.Ми шабуылы. ЖЖБЖ салдары.
Оқытушы оқушылардан өздері білетін ЖЖБЖ салдары туралы айтуды сұрайды. Барлық
айтылғандар флипчартқа жазылады. Мүмкін болатын зардаптар:
•
Ер мен әйелдің бедеулігі
•
Жатыр мойыншағының обырға шалдығу қаупі
•
Белсіздік
•
Жүйке жүйесінің бұзылуы
•
АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупі
•
«В», «С» гепатиті кезіндегі бауыр циррозы
•
Етеккір кезіндегі қан кету
•
ЖИТС-пен ауыру кезіндегі өлім
Оқытушы ЖЖБЖ-ның барлық бөлімдерін қорытып, оқушыларды шағын-дәрісті
тыңдауға шақырады.
9.«ЖЖБЖ. Берілу жолдары, белгілері және салдары» атты мультимедиялық
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі.
Мысал мазмұны
104
Соңғы жылдары адамнан адамға жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар
кең таралуда. Қазіргі таңда жыныстық жолмен берілетін 20-дан аса жұқпалар белгілі.
Оның негізгі себебі – жастардың жыныстық қатынасқа деген жеңіл көзқарастары, бұл
облыстағы әлеуметтік тыйымдар оп-оңай тыс қалуда. Ерте жыныстық қатынасқа жеңіл
көзқарас, әртүрлі серіктестермен кездейсоқ қатынастар ЖЖБЖ зақымдалуының қаупін
күшейте түседі.
Жыныстық жолмен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) – бұл, қоздырғыштары
жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар тобы.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметі бойынша, жыл сайын
әлемде жыныстық жолмен берілетін 300 млн-ға жуық жұқпа жұқтыру тіркеледі екен,
АИТВ-инфекциясымен зақымдану қаупі 5-10 есеге өсіп келеді. ЖЖБЖ-мен ауырудың ең
үлкен деңгейі 20-21 жастағыларда, содан кейін 15-19 жастағыларда кездеседі екен. Бұл
аурудың саны Қазақстанда да артып келеді.
Сіздердің назарларыңызды ЖЖБЖ-ға қатысты біршама маңызды пункттерге
аударғым келеді.
1. Бұл аурулар ұзақ (емделмеген жағдайда), толқын тәрізді және сырт көзге
байқалмайтындай болып өтеді.
2. ЖЖБЖ кезінде өзін-өзі емдеу деген болмайды, сонымен қатар, арнайы емнің
көмегінсіз емделу мүмкін емес.
3. Дәрігерге қанша ерте барсаңыз, сонша аурудың асқынуының алдын аласыз және
тез сауығасыз:
•
Ер мен әйелдің бедеулігі
•
Созылмалы солғын түрінің жіті түрде өтуі
•
Жыныстық органдар жүйесінің ісіп ауыруы
•
Жатыр мойнағының обырға шалдығу қаупі
•
Белсіздік
•
Жүйке жүйесінің бұзылуы
•
АИТВ жұқпасының қаупі
•
«В», «С» гепатиті кезіндегі бауыр циррозы
•
Етеккір кезіндегі қан кету
•
ЖИТС ауруынан қайтыс болу
4. Көптеген ЖЖБЖ анадан балаға өтуі мүмкін.
Жоғарыда айтып өткеніміздей көптеген ЖЖБЖ-лар келесідей ұқсас белгілерге ие:
•
Жыныстық мүшедегі қышыну мен күйдірулер.
•
Жыныстық мүшедегі көпіршік тәрізді бөртпелер.
•
Жыныстық мүшеден ерекше бөлінулер.
•
Жыныстық мүшенің айналасы мен артқы жақтың қызаруы.
•
Жиі несеп шығарудағы ауырсынулар.
•
Лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы.
•
Жыныстық мүшеде ауырмайтын жаралардың пайда болуы.
•
Жыныстық мүшедегі бездер (кондиломалар).
•
Жыныстық қатынас кезіндегі қан кету.
•
Дене қызуының көтерілуі.
Бірақ ЖЖБЖ-ның белгісі зақымдалудан соң ұзақ уақыт білінбеуі мүмкін, мұның
зұлымдығы да сонда. Жұқпаланған адам өзін дені сау сезінуі мүмкін, бірақ ол жыныстық
серіктесін зақымдайды. Сондықтан, егер сіз өзіңізді ЖЖБЖ жұқтырып алған деп
есептесеңіз, бірден маман-дәрігерге қаралыңыз.
105
Кең таралған ЖЖБЖ:
Мерез.
Мерез шақыратын микроб өңсіз спирохена деп аталатын, жұқа спиральтәріздес тізбек.
Ол зақымдалмаған тері және шырышты қабат арқылы енуі мүмкін. Зақымдалудың жиі
тараған жолы – жыныстық қатынас, сүйісу, науқастың қолданған үй тұрмыстық заттарын
(тіс щеткасы, қасық) пайдалану, науқаспен бір темекіні шегу. Ағзаға енгеннен 3-4 аптадан
соң жоғарғы жағы көптеген спирохет болып келетін, тығыз және өте жұқпалы жара пайда
болады. Жараның пайда болғанына 1 апта өткен соң лимфатүйіндер ұлғая бастайды. Осы
сәттен бастап адам зақымданған болып есептеледі және емделмесе, өмір бойы осылай
қалып қояды.
Ана мерезді балаға жүктілік кезінде беруі мүмкін, онда бұл туа біткен мерез деп аталады.
Соз ауруы.
Гонококк (соз ауруының қоздырғышы) микроскоптан бұршақтәріздес болып көрінеді.
Гонококк тек зәр шығару органдарын ғана емес, тікішекті де, ауыздың шырышты
қабатын да, жұтқыншақты пен көзді де зақымдайды. Кір киімнен, сүлгіден тұрмыстық
зақымдалу да болуы мүмкін. Бұл ең «танымал» ауру, себебі өте жарқын белгілері
байқалатын (әсіресе ерлерде), құсу мен іріңді сарғыш-жасыл зәр шығаруды байқамай
қалу қиын.
Білінулер зақымдалған сәттен 3-7 күннен кейін басталады. 10-14 күнде шағымдар емсіз-
ақ жоғалып кетуі мүмкін, бірақ қуануға әлі ерте: сырқат уақытша «жасырынып» - басқа
сатыға өтеді. Аурудың негізгі белгілерінен басқа, әйелдерде – іш ауруын, ерлерде –
ұманың ауырсынуын байқауға болады.
Егер адам өзі немесе достарының айтқаны бойынша емделуге тырысса, онда ауру
бақылаудан шығып, созылмалы гонореяға ұласуы мүмкін. Ауруды емдеу кешенді, жеке,
екі серіктес үшін де бір уақытта жүргізілуі қажет.
Хламидиоз.
Хламидия атты ерекше бактериялардан туындайды. Инкубациялық кезең. Орта есеппен,
екі аптадан бір айға дейін. Бұл аурудың пайда болуы білінбейді. Хламидиоз кезінде
мардымсыз, мөлдір, желім сияқты бөлінулер болады. Хламидия тек зәр шығару
мүшелерін ғана емес, сонымен қатар көз, ішек, тыныс алу мүшелерін де зақымдайды.
Хламидиоз ерлердегі бедеулік сияқты, әйелдердің бедеулігіне де алып келеді, сонымен
қатар, жүктіліктің үзілуінің себебі болып табылады. Ауру жүкті әйелден баласына өтуі
мүмкін, ол кейіннен балада өкпенің қабынуы, көз ауруы, қыздарда – зәр шығару
мүшелерінің туа біткен хламидиозына алып келеді. Хламидиоз нашар емделеді. Тек
арнайы тексерілуден кейін ғана диагноз қоюға болады.
Трихомониаз.
Микроб арқылы емес, біржасушалы қарапайым жәндік, «кішкентай жануар» -
трихомонадия арқылы пайда болады. Ол сыртқы ортаға өте төзімді.
Аурудың алғашқы белгілері 4 күннен 3 апта аралығында байқалады. Трихомониаз
әдетте әйелдерде анық байқалады, бірақ көбінесе ерлерде ешқандай белгілерсіз пайда
болады. Негізгі белгілері: қатты қышыну және тітіркену, жағымсыз иісті көпіршікті
бөлінулер. 3-4 аптадан соң, емделмеген жағдайда, трихомониаз созылмалы түрге өтеді.
Қыздар 5 жасқа дейін гигиена ережелерін өрескел бұзған жағдайда жұқтырып алуы
мүмкін.
Қоздырғыштары герпес вирусы болып есептеледі. Жыныстық жолмен беріледі және
жыныстық мүше мен оның айналасында жараның пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай
106
пайда болулар әр бірнеше аптада пайда болып, бірнеше күнге созылуы мүмкін, содан ұзақ
уақытқа жоғалып кетуі мүмкін. Тіпті толық сауығудан кейін де вирус ағзада қалып,
аурудың қайта пайда болуы мүмкін.
А.И.Куприн мен Н.Г.Гарина-Михайловскаяның шығармаларындағы мерездің көркем
әдебиет тілінде қалай суреттелгенін тыңдаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |