«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы керек?



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы керек? 
Жүктілікке қарсы таблеткалар жастар үшін лайықты және қауіпсіз әдіс. Бірақ, басқа жас 
тобына  қарағанда  жасөспірімдер  арасында  оральді  контрацептивті  құралдардан 
қолданудан  бас  тарту  көрсеткіші  жоғары  болып  отыр.  Жоғары  көрсеткіштің  алғашқы 
басты себебі – білімнің таяздығы немесе ретсіз/мезгілсіз таблетка қабылдау салдарынан, 
жас  әйелдер  таблеткаларды  қабылдауды  жиі  естен  шығарады.  Таблетканы  уақтылы 
қабылдауды еске салатын әдіс-амалдарды пайдалану қажет (ұялы телефонмен еске салу, 
тіс щеткасы, т.б.). 
ДӘРІ ҚҰЮ (ИНЪЕКЦИЯ) ТҮРІНДЕГІ КОНТРАЦЕПТИВТІК ҚҰРАЛДАР 
Ол не? 
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар (мысалы, Депо-Провера, Нористерат) – бұл 
әйелдің білегіне немесе бөксесіне салынатын жүктілікке қарсы құралдар. 
Олар қалай әсер етеді? 
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар ұрық жасушаларының анабезден ай сайын 
шығуының алдын алады. Сонымен қатар, олар жатыр аузындағы сілемейдің қоюлануына 
байланысты  сперматозоидтың  жатырға  енуіне  кедергі  болады.  Қолдану  нұсқауларына 
сәйкес, әйел Депо-Провер инъекциясын әр екі ай сайын қабылдау қажет. 
Олар қаншалықты тиімді? 
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар контрацепция әдісінің ең тиімдісі және 100 
пайызды құрайды. 
Қолданудағы артықшылықтары қандай? 
  Жыныстық қатынасты үзудің қажеті жоқ 
  Қолданғаныңызды ешкім білмейді 
  Күнде қабылдауды еске салудың қажеті жоқ 
Қолданудағы кемшіліктері қандай? 
  Дәрі құюды тоқтатқаннан кейін жүктіліктің келуі (6 айдан 12 айға дейін) кешігуі 
мүмкін 
  Етеккір  циклінде  өзгерістер  болуы  мүмкін,  мысалы,  етеккір  арасында  қанның  аз 
келуі,  етеккір  кезінде  шығатын  қан  мөлшері  ұзарып  немесе  көбейеді,  я  болмаса 
етеккір мүлде тоқтауы мүмкін 
  Әр үш ай сайын дәрігерге көрініп тұру керек 
  ЖЖБЖ-дан қорғамайды 
  Жағымсыз жанама әсерлер тудыру мүмкін 
Қандай жанама әсерлері бар? 
  Бас ауруын тудыруы мүмкін 
  Салмақ қосуды тудыруы мүмкін 
  Етеккір циклінде өзгерістер болуы мүмкін 
Жасөспірімдер осы әдісті таңдаған кезде нені басты назарға алу керек? 
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар  жасөспірімдердің таңдайтын әдісі емес. 

132 
 
ЖЕДЕЛ КОНТРАЦЕПЦИЯ 
Ол не? 
Жедел контрацепция, сонымен бірге оны шұғыл/өртті, «таблеткадан кейінгі таң» деп те 
атайды. Оны қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін қолданылады. Егер де бойжеткен үшін 
жыныстық  қатынас  қорғалмаған  болса,  немесе  мүшеқап  жыртылып  қалса,  жүктіліктің 
алдын алу үшін 72 сағат ішінде режим бойынша таблеткалар қабылдауына болады. 
Ол қалай әсер етеді? 
Жедел контрацепция имплантацияның және ұрықталған атабездің жатырда өсуінің алдын 
алады.  Бұл  таблеткалар,  ұрықталған  атабезге  қауіпті  орта  туғызатын,  синтетикалық 
гормондардың жиынтығы. 
Бұл әдіс қаншалықты тиімді? 
Зерттеулер көрсеткендей, егер қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде 
таблеткаларды қабылдаса, жедел контрацепция қажетсіз жүктіліктің  75%-ға дейін алдын 
алады.  Жедел  контрацепцияға  пайдаланатын  таблеткалардың  екі  түрі  болады.    Шұғыл 
жағдайдан  соң  48-72  сағат  ішінде  арасына  12  сағат  салып,  күніне  2  рет  1  таблеткадан 
ішеді. Және шұғыл жағдайдан соң 5 күн ішінде 1 рет қабылданатын таблеткалар бар. 
Артықшылықтары қандай? 
Жедел  контрацепция  зорлау  немесе  жүктілікке  қарсы  құралдың  механикалық 
кемшілігінен жүкті болу қаупін төмендетудің жалғыз нұсқасы болып табылады. 
Осы әдісті қолданудың қандай кемшіліктері бар? 
  ЖЖБЖ-дан қорғай алмайды 
  Жағымсыз жанама әсер тудыруы мүмкін 
Қандай жанама әсерлері болуы мүмкін? 
  Бас ауруын тудыруы мүмкін 
  Бас айналуын тудыруы мүмкін 
  Жүрек айнуы мен құсудың пайда болуы мүмкін 
  Іш ауруын тудыруы мүмкін 
Жасөспірімдер осы әдісті таңдағанда нені басты назарда ұстау керек? 
Жедел  контрацепция  төтенше  жағдайларда  қолданады.  Қорғалмаған  жыныстық 
қатынастан соң жедел контрацепция таблеткасын неғұрлым тезірек қабылдаса, соғұрлым 
әдістің тиімді болуына мүмкіндік көбірек болады. Жедел контрацепция 72 сағаттан соң 
тиімсіз болады, жылына 2-3 реттен артық қабылдауға болмайды, себебі етеккір циклінің 
бұзылуына әкеліп соқтырады. 

133 
 
ЖАТЫРІШІЛІК ҚҰРАЛ (ЖІҚ)
Ол не? 
ЖІҚ – әдетте пластиктен/пластмассадан немесе мыстан жасалған кішкентай икемделген 
құрылғы.  Дәрігер  немесе  басқа  да  меңгерген  медициналық  қызметкер  ЖІҚ-ні  әйел 
жатырына енгізеді. Ең жиі қолданылатын - мыстан жасалған ЖІҚ, жатыр ішінде 10 жылға 
жуық бола алады. 
ЖІҚ қалай әсер етеді? 
ЖІҚ сперматозоидты ұрық жасушаларымен ұшырасуын ұстап тұрады. 
ЖІҚ қаншалықты тиімді? 
ЖІҚ контрацепция әдістерінің ең тиімдісі болып табылады. 
ЖІҚ-ні қолданудың қандай артықшылықтары бар? 
  Жүктіліктен 10 жылға дейін қорғай алады 
  Жыныстық байланысты үзудің қажеті болмайды 
  Әйелге күнделікті қосымша шараларды қолдануды ескертудің қажеті болмайды 
ЖІҚ-ні қолданудың кемшіліктері? 
  ЖЖБЖ-дан қорғамайды 
  Жамбастағы қабыну ауруларының қауіпін күшейтеді 
ЖІҚ-нің мүмкін болатын жанама әсерлері қандай? 
Етеккір  циклінің  өзгеруін  тудырады.  Мысалы,  етеккір  арасында  әлсіз  қан  кету,  етеккір 
күндерінің өзгеруі, қатты қан кету немесе етеккір кезінде ауырсынулар сезімдері болуы 
мүмкін. 
Жасөспірімдер осы әдісті таңдағанда нені басты назарға алулары қажет? 
ЖІҚ  жасөспірімдер  таңдайтын  контрацепция  әдісі  емес.  20  жасқа  дейін  тумаған 
әйелдерде  ЖІҚ  түсіп  қалу  қаупі  немесе  етеккірлік  ауырсынулар  болады,  себебі  ЖІҚ 
жамбастағы қабыну ауруларының қаупін күшейтеді.
Қажетсіз жүктіліктен ең сенімді қорғану әдістері қандай? 
Контрацепцияның ең сенімді тәсілі (100%) – өзін ұстау (жыныстық өмірден бас тарту).  
Гормональді дәрі-дәрмектер – 98-99%. 
Тосқауылды – 80-90%, мүшеқап – 85-98%. 
Жатырішілік спираль – 97-98%. 
БДҰ-ның (ВОЗ) анықтамасы бойынша, репродуктивтік (ұрпақ жаңғырту) құқықтары 
– бұл ерлер мен әйелдердің мәліметтер алуына және өздерінің таңдауына сәйкес, қауіпсіз, 
тиімді,  қымбат  емес  және  бала  тууды  реттейтін  тәсілдерге  қолжетімді  болуға  құқығы, 
сонымен қатар, әйелдер қауіпсіз жүктілік пен босануды қамтамасыз ете алатын, сонымен 
қатар, ерлі-зайыптыларға дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне ең жақсы мүмкіндіктер жасай 
алатын денсаулық сақтау ұйымдарының көмегін алуға құқығы. 
Сондай-ақ, түйінді құқықтар болып мыналар табылады: 
барлық  ерлі-зайыптылар  мен  жеке  тұлғалар  балалардың  санына  және  олардың  туылуы 
арасындағы  үзілістерге  қатысты,  еркін  жауапты  шешім  қабылдау,  сол  үшін  қажетті 
мәліметтерге, білім құралдары мен дайындықтарға ие болуы – негізгі құқықтары болып 
табылады;  ең жоғарғы репродуктивті және жыныстық денсаулыққа жету құқығы; 
қандай  да  болмасын  шеттетулерсіз,  мәжбүрлеусіз,  зорлықсыз  ұрпақ  әкелуге  қатысты 
шешім қабылдау құқығы. 
Қазақстан  Республикасының  Заңнамалық  тәжірибесінде  күшіне  енген  нормаларына 
сәйкес,  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  медициналық  араласуға  келісімді  олардың 

134 
 
заңды  өкілдері  береді,  олай  болса,  медициналық  араласуға  ерікті  келісім  қағидаты  ең 
әуелі  ата-аналарға  беріледі  (Қазақстан  Республикасының  «Халық  денсаулығы  және 
денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  Кодексі).  Өз  бетімен,  ата-анасыз  және 
қамқоршыларынсыз, қыздарға дәрігерге қаралу құқығы тек 18 жастан беріледі. 
Қазіргі  қалыптасқан  жағдай  жастардың  жыныстық  және  репродуктивті  денсаулығын 
қорғау  қызметіне  қол  жеткізу  қиындатады  және  жастарға  оң  қабақ  танытатын 
клиникалардың  қызметінің  тиімділігін  төмендетеді.  Кестеден  жасөспірімдерге  қатысты 
негізгі құқықбелгілеуші құжаттарды көруге болады. 
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың 
құқықтық мүмкіншіліктері 
Баланың 
жасы 
Құқық, міндеттер, 
жауапкершілік 
Құқықбелгілеуші құжат 
«Бала» түсінігі  Бала – он сегіз жасқа толмаған 
тұлға (кәмелеттік жас). 
Қазақстан Республикасының 
«Халықтың денсаулығы және 
денсаулық сақтау жүйесі туралы» 
Кодексі 
Қазақстан Республикасының «Неке 
мен Отбасы туралы» Заңы 
Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан Республикасындағы 
балалар құқығы туралы» Заңы 
16 жастан 
Келісім жасы 
Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық Кодексі 
16 жастан 
Әкімшілік жауапкершілік 
Қазақстан Республикасының 
«Әкімшілік құқықбұзушылық 
туралы» Кодексі 
16 жастан 
Дәлелді себеп болған 
жағдайда некеге тұру 
мүмкіндігі 
Қазақстан Республикасының «Неке 
және отбасы туралы» Заңы 
18 жастан 
Неке жасы 
Қазақстан Республикасының «Неке 
және отбасы туралы» Заңы 
18 жастан 
Медицинаның араласуына 
ерікті түрдегі ақпараттық 
келісім 
Қазақстан Республикасының «Халық 
денсаулығы және денсаулық сақтау 
жүйесі туралы» Кодексі 

135 
 
4.  Сабақтың қорытындысын шығару. «Қорытынды шеңбер». 
Барлығы шеңбер бойымен отырады. Кімнің қолында доп болса, соның сөйлеуге рұқсаты 
бар  (немесе  басқа  бір  кішірек  зат).  Оқытушы  допты  шеңбер  ішіндегі  біреуге  тастайды. 
Ол: «Маған бүгін не ұнады?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. 
Оқытушы  қорытынды  жасап,  түйіндейді.  Қазақстан  үшін  халықтың  репродуктивті 
денсаулығын  қорғау  бірінші  кезекте  жастардың  –  бұл,  сонымен  қатар  мемлекеттің 
репродуктивті және демографиялық потенциалын сақтау болып табылады. 

Бұл әдістемелік құрал Біріккен Ұлттар Ұйымының 
халықтың  қоныстануы  саласындағы  қорының 
Қазақстандағы  офисының  (ЮНФПА)  қаржылық-
техникалық қолдауымен жасалынды. 
Алматы қаласы 
Толе би к-сі 67 
+7 727 312 19 79 
+7 727 312 19 93 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет