«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


«Ми шабуылы». Ерте жастағы некелер



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

12. «Ми шабуылы». Ерте жастағы некелер. 
 
Оқушыларға 3 сұраққа жауап беру ұсынылады:  
1.Неке деген не?  
 Шамалы жауаптар: 

  Неке – бұл еркек пен әйелдің арасындағы отбасылық ерлі-зайыптық 
қатынас.  

  Неке «бақыт» сөзімен байланысқан.    

  Неке моральдық қанағаттану, сенімділік сезімін және ертеңгі күнге деген 
тұрақтылықты береді. 

  Неке өмірдің бақытты болуын және балалардың анасы мен әкесінің 
болуының да кепілдігі болып табылады.     

  Балалар үшін неке – бұл апасының әкесімен бірге тұруы, олардың 
ұрыспауы, олардың әрқашан күлімдеп тұруы және сыйлықтар беруі.  

  Неке – бұл жалғыздықтан қашу мақсатындағы екі адамның біріккен одағы.   

  Неке – бұл тұрақтылықтың, жылылықтың, жайлылық пен сенімділіктің 
сезінуі. 

  Неке – бұл үлкен жауапкершілік пен үлкен еңбек. Дегенмен, бәрі бір 
жасалса, онда ол тұрақтылық, сенімділік пен қорғаныш сезімін де береді, 
әлеуметтік мәртебе береді, ол да маңызды.   

  Неке көптеген жас адамдар үшін болашақ жоспарлардың бөлінбес бөлігі 
болып табылады.  
 
2. Сіздердің көзқарастарыңыз бойынша неке қай жаста ерте болып 
саналады? 
Үлгі жауаптар: 

  14-16 жастағы неке. 

  15-17 жастағы неке. 

  18-жасқа толғанға дейінгі неке. 

  Ерте неке – бұл адамдар отбасы үшін жауапкершілік алуға дайын 
болмауы. 

  Ерте неке – бұл жас жұптардың ата-анасының көмегінсіз өмір сүре 
алмауы. 

  Ерте неке – бұл көп жағдайда ересек адамдардың ойынын- ойнау. 
Дегенмен, асығудың қажеті жоқ, 18-19 жас – мұндай шешімдерді 
қабылдауға әрқашан жеткілікті жас болып табыла бермейді. 

68 
 
 
13. «Ерте жастағы некелер мен оның салдары» мультимедиалық презентациясының 
сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс 
Мысал мазмұн.   
Неке  –  бұл  заң  белгілеген  тәртіп  пен  ережелерді  сақтай  отырып  бекітілген, 
бір-бірі  мен,  балаларға  қатысты  жұбайлар  арасындағы  өзара  құқық  пен  міндеттер 
және отбасын құру мақсаты бар  еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы одағы. 
Некенің келесідей белгілерін бөліп көрсетуге болады: 
1.  Неке  –  бұл  еркек  пен  әйелдің  одағы.  «Одақ»  сөзі  «келісім-шарт»  немесе  «мәміле» 
сөздеріне  қарағанда  мағынасы  кең,  өйткені,  отбасында  міндеттердің  бөлінуімен  қатар, 
әйел  мен  еркектің  одағы  қандайда  бір  рухани  ортақтық  пен  бір-біріне  бейімделушілік, 
басқаларға ізет сияқты ұйғарымдарды қосады.   
2.  Неке  –  бұл  бірнекелік  одақ,  яғни,  қалаушылық,  тілектер  тек  бір  серігіне  арналатын 
одақ. Моногамия – бұл Қазақстан пен батыс елдерде қабылданған некенің жалғыз түрі. 
Мұсылман діні басқаратын кейбір елдерде полигамды некелер бар (көпәйелділік). 
3. Неке – бұл ерікті одақ. Некеге ерікті және  еркін тұру некенің бұзылуы және еркіндік 
қағидасы сиякты теңбе-тең.   
4. Неке – бұл теңқұқылы одақ. Неке тұрып жатқан еркек пен әйел жеке құқықтарында, 
мамандық  таңдауда,  балаларды  тәрбиелеуде  тең  құқықта  болуы  сияқты,  бірге  жинаған 
мүліктерге қатысы бойынша да тең құқылы.   
5.  Неке  –  бұл  азаматтық  хал-ахуал  актілерінің  жазбасының  (АХАЖ)  органдарында 
тіркелетін  одақ.  Атап  айтқанда,  некені  тіркеген  сәттен  бастап  жұбайлардың  міндеттері 
мен құқықтары пайда болады.  
«Отбасы»  және  «Неке»  –  бұл  екі  түрлі  ұғым,  бірақ,  екеуінің  арасында  тығыз 
байланыс  бар:  неке  жұбайлар  арасында  салмақты,  бір  қалыпты  қарым-қатынастың 
құрылуына әсер етеді.
Неке – бұл ер адамдар мен әйел адамдарды отбасылық өмірге кіргізетін, жұбайлар 
арасында заңдық құқықтарды және міндеттерді тудыратын институт, одақ. Бұл әйелге де, 
еркекке де қатысты.  
Отбасы – кең ауқымдағы ұғым, себебі, некеге қарағанда қарым-қатынастың ауыр 
жүйесімен  көрсетіледі.  Ол  тек  қана  жұбайлар  мен  олардың  балаларын  ғана  біріктіріп 
қоймайды,  сондай-ақ,  басқа  да  туысқандарды,  отбасы  мүшелеріне  жақын  және  қажетті 
адамдарды да біріктіреді.  
Ерте жастағы некелер 
Ерте  жастағы  неке  –  бұл  әдетте  қоғамдағы  жағдайдан  тыс  орын  алатын, 
ерте жас шамасындағы тіркелген отбасының құрылуы. Бұл қоғамның ойы бойынша,  
отбасылық өмірге әлі тым жас болып табылатын жас адамдардың жұбы.  
Формальды ерте жастағы некелер – 18-20 жаста, яғни кәмелеттік жасқа тола сала 
қидырылған  некелер.  Бұған  арнайы  әкімшілік  органдардың  рұқсаты  бойынша  некелік 
жасқа жетпей қидырылған некелер кіреді.  
Өмірде ерте жастағы некелерді - ортақ мақсаттары жоқ адамдар арасындағы неке, 
өз аяқтарында әлі де нық тұра алмайтын, өздерін қамтамасыз ете алмайтын және бір-бірін 
құрметтеп үйренбегендер деп атайды.  
Ерте  жастағы  неке  –  өздерін  есейдік  деп  санайтын  және  жеткілікті  өмірлік 
тәжірибесі жоқ балалардың өздеріне артатын жеткілікті ауыр жүгі.  
 
 

69 
 
 
14. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқушылар  «Орман»  (терек,  үйеңкі,  қарағай,  қайың)  ережесі  бойынша  топқа 
бөлінеді.  
«Терек»  пен  «Қарағай»  топтарына  ерте  некеге  отырудың  себептерін  флипчартта 
жазып, оны талқылау тапсырмалары беріледі.   
«Үйеңкі» мен «Қайың» топтарына ерте жастағы некелер қандай салдарларға әкеліп 
соқтыратындығын флипчартта жазып, оны талқылау тапсырмалары беріледі. 
Топтар өз жұмыстарын таныстырады.  
15. «Ерте жастағы неке мен ана болудың себептері мен салдары» мультимедиалық 
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн.   
Ерте жастан некеге отыру себептері:  
1. Махаббат – үйленуді/күйеуге шығуды өте жиі армандайтын тілек, ол аяқ астынан пайда 
болады. Кез-келген ғашықтық сезім жалғыз және ең күштісі болып қабылданады. Сонан 
соң жас жұп алып-ұшқан көңіл-күйдің әсерінен, ойланбай неке отырады.  
2. Қажетсіз жүктілік – ерте жастан отбасын құруға жиі себеп болады.  Жас адамдар 
жыныстық өмірді ерте бастайды, оның салдары некеге отырып, өздерінің қатынастарын 
рәсімдеуге итермелейтін жүктілікке әкеледі.  
3. Ата-ананың қамқорлығынан қашуға ұмтылу.  Жастар отбасылық өмірге ене отырып, 
өздерін не нәрсеге итермелеп жатқандықтарын жиі түсіне бермейді, дегенмен, ата-ананың 
қарауынан кетіп қалу сезімі күштірек болады. 
4. Қате түсініктер. Ерте некеге  тұрудың жиі кездесетін себебі – қате түсініктер: қыздар 
болашақ күйеуі – ол «ақ тұлпардағы ханзада» деп, ал отбасылық өмір ертегідегідей 
болады деп ойлайды.  
5. Кейде ерте неке оның сезімдеріне теріс жауап берген сүйіктісінен кек алу ретінде 
құрылады, ондай некелер, әрине, тез бұзылады. 
Ерте некеге тұрудың әсерінен болған жағымсыз құбылыстар мен олардың салдары:  
1. Мұндай  некелердің  зиянды  салдары  арасындағы  –  отбасы  және  достармен 
ажырасу,  құрдастарымен  сөйлесуде  және  қоғамдық  өмірде  қатысуда  еркіндіктің 
болмауы, сонымен бірге, білім алу мүмкіндіктерінің төмендеуі.   
2. Білім  мен  мансаптық  өсудің  болмауы.  Ата-анасы  материалдық  тұрғыдан 
көмектеспесе, отбасын асырау үшін ер адамға жоғарғы білімді ұмытып, жұмысқа 
шығуына  тура  келеді.  Әйелге  де  оқу  мен  білім  туралы  ұмытып,  баланы  өсіруге 
тура келеді.     
3. Невроз және тұрақты психо-эмоциялы қысым. Жас, жасөспірімдік психика өмірдің 
мұндай  өзгерістеріне,  қатал,  күнделікті  қайталанатын  өмір  сияқты  себептер 
дайындалмаған жүйке жүйесіне көбірек әсерін тигізе отырып, күйзеліс салдарын 
тудырады.   
4. Көңілі  қалу.  Ерте  жастағы  некелер  екі  жыныс  өкілдерінің  жүздерінде  көңілі 
қалушылықты алып жүреді. Жас жігіт қызынан аналық қамқорлық пен махаббатты 
күтеді,  ал  қыз  ертегіге  тап  болып,  өзінің  барлық  армандарының  орындалуын 
қалайды, себебі, оның таңдағаны – ол үшін барлық ерліктерге баратын – сері ғой, 
солай ол өзін ханшайымдай сезінгісі келеді.   
5. Жұбайының  көзіне  шөп  салу.  Жүктіліктің  әсерінен  немесе  ата-анасынан  қашуға 
ұмтылудың  салдарынан  пайда  болған  неке,  шөп  салушылықтың  жиі  себебіне 
айналатын өзінің сүйіктісінен тез көңілі қалуға әкеліп соқтырады.   

70 
 
6. Статистика ерте некенің көбісі бұзылатындығын алға тартады. Зерттеу нәтижелері 
бойынша, шамамен ерте некенің 82% алғашқы 1-2 жыл бірге өмір сүруден кейін 
ажырасумен аяқталады. 
Халықаралық зерттеулер ерте некенің салдары ауыр екендігін анықтауда. Жекелеп 
айтқанда, неке тіркелмейді, оның себебінен бала заңсыз туылады да, оған туылу туралы 
куәлік берілмейді.   Ерте некелердегі ажырасудан кейін жас әйел баспанасыз және нансыз 
қалатыны  сирек  жағдай  емес.  Сонымен  қатар,  ерте  некеден  пайда  болған  балалар  жиі 
аурушаң болып туылады.  
Жасы  18  жастан  төмен  аналар  арасында  олардың  алғашқы  жылдарында  жаңа 
туылған  балалардың  өлім-жітімі  ересек  әйелдің  туылған  балаларымен  салыстырғанда 
60% жоғары. Ерте жүктіліктің нәтижесіндегі қиындықтар – 15 пен 19 жас аралығындағы 
қыз балалардың өлімінің басты себебі.  
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ерте күйеуге шығудың жасөспірім-
қыздардың  денсаулығы  үшін  ұзаққа  созылатын  физикалық  және  психологиялық 
жағымсыз  салдары  бар  екендігін  атап  айтады.  Олар  айғақ  бойынша  балалықтан 
айырылады,  білім  алу  мен  жанына  жақын  жұмыс  табу  мүмкіндігінен  де  айырылады. 
Әлеуметтанушылардың  пікірінше,  ерте  некелер  қыз  балаларды  олардың  толыққанды 
ересектер  өміріне  кірісуі  үшін  ең  негізгі  құқықтарының  бірі  –  білім  алу  құқығынан 
айырады.  Ерте  неке  гендерлік  феномен  және  адам  құқығының  бұзылуы  ретінде 
қарастырылады.   
Әйел  құқықтарын  қорғау  саласы  бойынша  сарапшылар,  жас  қыздардың  ерте 
жастан  күйеуге  шығуын  тұрмыстық  зорлық  айғағы  ретінде  қарау  қажет  екендігін  алға 
тартады.  БДҰ,  БҰҰ-ның  тұрғын  халықтар  аясындағы  Қоры  мен  оның  халықаралық 
серіктестері, ерте некенің тәжірибесін тоқтату керектігі туралы шешімдерге толық. Олар 
мемлекеттерді  ерте  күйеуге  шығудың  «адам  құқықтарын  бұзу,  жасөспірімдердің 
денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер тудыру екендігін және бұл зиянды дәстүрдің алдын 
алу бойынша стратегия құру керек екендігін» мойындауға шақырады.  
Адам  құқықтарын  сақтау  -  еркектер  мен  әйелдердің  теңдігігн  қадыптастыруға 
көмектеседі.  Гендерлік  теңдік  сексуалды  мінез-құлық  және  отбасын  жоспарлау  туралы 
шешімді  теңқұқылы  шешуге  көмектеседі.  Әрбір  адам  сексуалдық  асыра 
пайдаланушылық,  жағымсыз  мінез-құлық  пен  жыныстыққа  негізделген  зорлық  сияқты 
адам құқығының бұзылушылықтары мен гендерлік теңдікке болысуға міндетті. 
16. «Ми шабуылы». Жауапкершілік түсінігі. 
Оқушыларға мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Жауапкершілік деген не? 
Жауаптар жинақталады. 
17. 
«Жауапкершілікті 
ата-аналық 
ету» 
мультимедиапрезентациясының 
сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
 
Балалардың  жалпы  туылуы  санының  азаюына  қарамастан,  жас  қыздар  бұрынғы 
кездерге қарағанда қазір көбірек босануда. Олардың көбісі жалғызбасты ана атанады, ал 
кейбіреулері некеге отырып, өздері сияқты жас жұбайымен отбасын құрады.   
Жас ата-ананың балалары ересек жастағы ата-ананың балаларымен салыстырғанда 
қолайсыз  жағдайда  қалып  отырады.  Олар  ата-анасының  басқаларға  қамқор  болуы  мен 
басқаларды  ойлау  тәжірибесінің  жоқтығынан  қиналады.  Сондықтан  бұл  жастағы  ата-
аналар  күйзеліс  пен  фрустрацияны  (өзінің  жеке  мүмкіндіктері  мен  күштеріне  деген 
сенімді  жоғалтудан  болған  жабырқау  ахуалы)  бастан  кешеді,  олар  балаларын  жиі 

71 
 
елемейді  және  олармен  қатаң  сөйлеседі.  Жас  ата-ананың  балалардың  даму  мен 
когнитивтік  өсуінде  жиі  артта  қалады.  Отбасында  бір  мезгілде  кедейшілік,  ерлі-
зайыптылар арасында алауыздық сияқты факторлармен қатар ата-аналардың білімі төмен 
болса, балада мәселелердің көбею мүмкіндігі арта түседі.   
Табиғат  адамның  ұрпағының  жалғасуын  қарастырған  –  бұл  баланың  құрсақта 
дамуы мен туылуының таңғажайып және құпия құбылысы. Дегенмен, болашақ ата-аналар 
баланың  туылу  мәселелеріне  жауапкершілікпен  қарауы  тиіс.  Болашақ  ана  құрсақтағы 
ұрықтың дамуына және баланың туылуына ықпал ететін жағымсыз әсерлерді білуі қажет.  
Сол  себепті,  әр  жас  жігіт,  жасөспірім  мен  қыз  бала  ата-ана  және  отбасылық 
адамның  рөліне  дайындалуы  қажет.  Бала  табу  міндеті  отбасы  үшін  әрқашан 
маңыздылардың бірі болып саналып келеді. Тәжірибе бойынша, әрбір адам ерте ме, кеш 
пе ата-ана атанады, ал бұл рөлді табысты түрде жүзеге асыру үшін, оның бойында ата-ана 
болуға дайындықты, өзінің ата-ана екендігін ұғынуды және жұбайымен бірге жұп болып 
балаларды тәрбилеу дағдыларын қалыптастыру қажет. 
Ата-аналық  ету  –  бұл  ата-ананың  құнды  бағдарларының,  алдағы  күтілетін 
әрекеттері  мен  құрылымдарының,  ата-аналық  сезімдердің,  қарым-қатынастардың 
және  көзқарастардың,  ата-аналық  жауапкершілік  пен  отбасының  тәрбие  беру 
стилінің жиынтығын қосатын жеке тұлғаның біріккен әлеуметтік-психологиялық 
сауаттылығы.  
Кең  мағынасында  «Жауаптылық»  түсінігі  саналы  және  еркін  жасалынатын  кез-
келген  мінез-құлық  аталады.  Сол  себепті,  жауапты  деп  мұны  жасағандығына  және  ол 
нәрсе не себепті болғандығына түсінік бере алатын адамды атай аламыз.   
 
«Жауапты  ата-аналық»  –  бұл  ер  адам  да,  әйел  адам  да  –екеуі  де  баланың 
туылуына  жауаппен  қарап,  бұл  қадамды  жоспарлап,  бала  тәрбиесі  бойынша 
міндеттерді бөлуі. 
  Жауапты  ата-аналықтың  бірінші  шарты  баланың  туылу  жағдайлары  болып 
табылады. Ол некеде туылды ма, жоқ па, бұл бала жоспарда болды ма, әлде «солай болып 
қалды»  ма,  қалауланған  ба.  Жауапты  ата-аналық  жолында  әр  жас  жұптарға  жыныстық 
өмірді бастауға тырыспау керек және заңды некеге тұруға асығудың қажеті  жоқ, өзінің 
репродуктивті денсаулығына жауаппен қарау керек.   
 Жауапты ата-ана – бұл мейірімді немесе қамқор ата-ана деген емес. Жауапты ата-
аналық  ету  –  бұл  ең  алдымен  тәрбие  берудің  әр  түрлі  қырларын  теңестіру,  баламен 
қарым-қатынаста ішкі әсер берудің жоғарғы деңгейі, оны материалдық тұрғыдан қолдау 
қабілеттілігі  мен  тілегі,  бірақ  оның  сауаттылығына,  дамуына,  жеке  қабілеттеріне  кері 
әсері болмауы тиіс.      
Жауапты  ата-ана  баламен  тұрақты  сөйлеседі,  оның  талаптары  мен 
қызығушылықтарына  үнемі  көңіл  бөліп  тұрады.  Ол  оның  кейбір  қызығушылықтарын 
бөлісуге  дайын,  сонымен  бірге,  саналы  түрде  оларға  әсер  ету,  соның  ішінде,  балалық 
толқынға  эмоциялы  беріле  отыруы.  Жауапты  ата-ана  тек  баламен  сөйлесіп  қана 
қоймайды,  сонымен  бірге,  онымен  қоса  толғанады.  Ол  бала  үшін  әлеуметтік 
институттармен қатынсуда толыққанды ересектік тәжірибесі бар – балада жоқ тәжірибе, 
сарапшы  ретінде  танылады.    Жауапты  ата-ана  үшін  ең  маңызды  жауапты 
тапсырмалардың бірі - баланың денсаулығы мен оның өзінің өмірін сақтау мен нығайту 
болып табылады.   
Ата-аналарға  балаларды  материалдық  қамтамасыз  ету  жауапкершілігі  де 
тапсырылады.  Баланы  тамақтандыру,  киіндіру,  оның  саналы  бос  уақытын  төлеу,  оған 
қалта ақшаларын беру қажет. Қаржылық мәселеде әлі аяққа тұра қоймаған ата-аналар бұл 
ата-аналық  парызды  атқара  алады  ма  екен.  Осыларға  байланысты  әрбір  адам  осы 
тапсырмалардың бәрін орындап шығып, жауапты ата-ана бола алатындығын ойлау қажет.    

72 
 
Егер  әйел  мен  еркек  туралы  айтар  болсақ,  онда  бала  –  олардың  ортақ  және 
армандаған  қуанышы.  Әйел  адам  бала  дүниеге  келген  сәттегі  қуаныштарды  ғана  емес, 
сонымен  бірге,  оған  байланысты  барлық  қиыншылықтарды  да  бөлісетін  қасында  серігі 
болса, ол әйел бала табуға көбірек ұмтылады.  
Гендерлік теңдіктің мақсаттық болжамы бойынша ер адамдар да, әйел адамдар да 
өздерінің  жеке  армандарына  сәйкес  отбасын,  балаларды,  қарым-қатынасты  құрады.  Бұл 
анасына  да,  әкесіне  де  бірдей  мүмкіндіктерді  қарастыратын  отбасындағы  жеке  рөлін 
таңдау.  Бұл  мүмкіндіктер  мемлекет  деңгейінде  қамтамасыз  етілген,  қоғаммен 
қабылданған, екі серікке де түсінікті және екеуі де меңгерген.  
  Бала – бұл қоғамның барлық мүшелерінің оған ыңғайланатын үлкен қуаныш пен 
құндылық  екендігін,  бала  –  өмірдің  стилін  өзгертетін  адам  өміріндегі  маңызды  қадам 
екендігін барлығы да (мемлекет, жұмыс берушілер, ата-аналардың өздері) ұғынады.   
 18.
Қорытындыға келгенде оқытушы оқушыларға «ашық пікірлер парақтарын» 
толтыруын ұсынады.  
Әр қайсысына барынша ашық жауап беру қажет болатын сұрақтары бар «ашық 
пікірлер парақтары» таратылады (анонимді): 
1. Бүгінгі сабақ сенде қандай сезім қалыптастырды? 
2. Сені әсіресе қайсысы толғандырды (таң қалдырды, әсер қалдырды)? 
3. Сен өзің үшін қандай қорытындылар жасадың? 
4. Сен қандай сұрақтарға жауап алғанды қалар едің? 
Модуль 5.  
Адамның адамгершілік-жыныстық дамуы (8 сағат). 
Сабақ 5. 2.  Қарым-қатынастар. Жауапты мінез-құлық (2 сағат). 
Мақсаты:  
Оқушыларда жеке тұлға аралық қарым-қатынас мәдениеті мен жауапты мінез-құлық 
дағдыларын қалыптастыру. 
Міндеттері: 
- Жеткіншек жас және оның ерекшеліктері туралы түсінік беру. 
- Мәдени-адамгершілік құндылықтар бозбалалар мен бойжеткендердің өзара қарым-
қатынастарының негізі болып табылатындығын көрсету. 
- Оқушыларда жауапты мінез-құлық пен өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. 
- Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жауапкершілігі туралы түсінік беру.  
- Топтық қысымға қарсы тұра білу дағдысын қалыптастыру. 
- Жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас үлгілерін қалыптастыру. 
Түйінді түсініктер: жеткіншек жастың ерекшеліктері; жеке тұлғалардың өзара қарым-
қатынасы; достық пен махаббат; жауапты мінез-құлық дағдысы, топтық қысым; өзін-өзі 
бақылау; жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жауапкершілігі. 
Сабақты өткізу әдістері: эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс, пікірталас, шағын 
топтардағы жұмыс, шығармашылық жаттығу; синквейндер құрастыру. 
Жабдықтар мен материалдар:  флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; 
маркерлер; мультимедиапроектор, «ашық сыр парақтары», жағдайлар жазылған 
карточкалар. 
Дайындық жұмыс:  оқытушы оқушыларға сабаққа қатысты «Достық және махаббат» 
тақырыбына эссе жазу шығармашылық тапсырмасын алдын ала тапсырады ( 12-15 
сөйлем). 

73 
 
Сабақ барысы 
1
Кіріспе сөзінде оқытушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. 
2
Бой сергіту. 
Оқытушы оқушылардан өздерін қандай жануарларға ұқсататындығын ойланып, 
оның не себепті екендігін қысқаша айтып беруін сұрайды. 
3. 
Топтардағы жұмыс. 
Оқушылар  «жеміс  салаты»  қағидасы  бойынша  4  топқа  бөлінеді  (алма,  алмұрт, 
қараөрік, апельсин). 
Әр  топқа  5-7  минуттық  тапсырма  беріледі:  «Ересек  болып  көрінгім  келеді» 
тақырыбында  жағдайды  елестетіп  көру  және  оны  сынып  алдында  ойнап  шығу 
тапсырылады.  Сонан  соң,  талқылау  ұйымдастырылып,  оның  барысында  оқушылардан 
көріністің  қайсысында  нағыз  ересектікті  көргендігін,  ал  қайсысында  жалған  ересектік 
байқалғандығын айту ұсынылады. 
4. 
«Жеткіншек жастың ерекшеліктері» атты мультимедиалық 
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Жеткіншек жас – бұл әдетте 11-12 жастан басталып, 16-17 жасқа – адам «ересек 
өмірге»  аяқ  басу  кезеңіне  (психологиялық  сөздіктен)  дейін  жалғасатын  жеке  тұлғаның 
даму сатысы. 
Бұл  жас  шамасы  ағзаның  қарқынды  психологиялық  және  физикалық 
өзгерістерімен, екпінді физиологиялық өзгерістермен сипатталатын кезеңнен тұрады.   
Бұл  кезеңде  жас  жеткіншек  жылдам  өсе  бастайды.  Сонымен  қатар,  бұлшықет 
тканьдарының дамуына қарағанда қаңқаның өсуі тез жүреді, осыдан дененің келіссіздігі, 
үйлесімсіздігі,  шығыңқылығы  пайда  болады.  Жүрек  пен  өкпенің  көлемі  бірден  ұлғая 
түседі,  өсіп  келе  жатқан  ағзаны  оттегімен  қамтамасыз  ету  үшін  тыныс  алу  тереңдігі  де 
арта түседі. Сондай-ақ, артериялық қан қысымының біршама ауытқуы да байқалады, жиі 
көтеріледі, бас ауру да жиі болады. 
Ағзада маңызды гормоналды өзгерістер, жыныстық жетілу жүреді. Қыз балаларда 
эстрогендердің  саны,  ал  ұл  балаларда  —  тестостерондардың  саны  артады.  Екі  жыныс 
өкілдерінде  де  екінші  рет  жыныстық  белгілердің  дамуын  тудыратын  бүйрекүсті 
андрогендерінің деңгейі арта түсетіндігі байқалады.   
 
Жеткіншектерге мына қасиеттер тән:  
•Мақсаткерлік, табандылық және албырттық. 
•Босаңдық апатияға, ұмтылыстың және әрекет жасауға құлшыныстың жоқтығына әкелуі 
мүмкін. 
•Асқан  өз-өзіне  сенушілік,  пікір-ойдың  аппеляциясыздығы  ренжігіштік  пен  өзіне 
сенімсіздік сияқты қасиеттермен жылдам ауысып кетеді. 
•Тілдесуге қажеттіліктің туындауы оқшауланумен алмасып отырады. 
•Мінез-құлықтағы көргенсіздік кейде, ұялшақтықпен үйлесіп отырады. 
•Романтикалық көңіл-күй арсыздықпен, есепқорлықпен жиі шектеледі. 
•Жұмсақтық, биязылық балаға тән емес қатігездіктің аясында болып тұрады. 
Бұл  жас  шамасының  сипатты  ерекшелітері  болып  мыналар  табылады:  білуге 
құмарлық, ақылдың ұшқырлығы, ақпарат пен үйренуге талпыныс, мол білімге ие болу.   
Жасөспірім шақтағы жасқа ересектік сезімі тән. Бала ер жетіп келеді деп айтқанда, 
оның бұл өмірдің тең құқылы қатысушысы ретінде ересек адамдар қоғамындағы өмірге 
дайындалуын  айтады.  Жасөспірімнің  сыртқы  келбетінің  ешбір  жері  өзгермейді:  сол 

74 
 
мектепте  оқиды,  сол  отбасында  өмір  сүреді.  Отбасында  балаға  баяғысынша 
«кішкентайға» қарым-қатынас жасағандай қарайды. Көп нәрсені өзі жасайды, көп нәрсені 
жасауға оған ата-анасы рұқсат бермейді, солай оған айтқанды тыңдауға тура келеді.     
Жасөспірімге нағыз ересектікке жету үшін – физикалық түрде де, психологиялық 
түрде де, әлеуметтік түрде әлі алыс. Ол объективті түрде ересек өмірге қосыла алмайды, 
бірақ, оған ұмтылады және ересектермен тең құқылы түрде талаптанады. Қазірше ол еш 
нәрсені өзгерте алмайды, бірақ сырттай ересектерге еліктейді.   
Осыдан  келіп  «жалған  ересектік»  атрибуттары  туады:  темекі  тарту,  подъездегі 
тусовкалар, қала сыртына шығу, кешке үйге кештетіп оралу және т.с.с. Ересектікке деген 
наразылықтар  жиі  қисынсыз,  кейде  зиянды  болады,  ал  еліктеу  үлгілері  –  жақсы  болып 
шықпайды.     
 Ересектіктің  нағыз  құнды  нұсқалары  да  кездеседі.  Бұл  шын  мәніндегі  ересек 
интеллектуалды  іс-әрекетке  қосылу,  яғни  жасөсіпірім  белгілі  бір  ғылым  немесе  өнер 
саласымен  шұғылданады,  өзін-өзі жетілумен  терең  айналысады.  Бұл  отбасының 
қамқорлығы,  күнделікті  отбасылық  мәселелерді  шешуге  қатысу,  кішкентайларға 
қамқорлық көрсету, көмекке мұқтаж болған отбасы мүшелеріне қол ұшын беру.   
Жасөсіпірімнің сырт бейнесі отбасында жиі болып тұратын түсінбеушілік пен дау-
жанжалдың негізі болады. Жүріс-тұрысы, мінезі мен сырт келбеті өзгере бастайды. Кеше 
ғана еркін қимыл-қозғалыстағы бала бүгін қарасаң екі қолын қалтасына салған күйі шырт 
түкіріп, алшаң басып, сөйлеу мәнерінде жаңа сөздер мен түісініктер пайда бола бастйды. 
Қыздар  өз  киімдері  мен  шаш  сәндеуін  көшедегі,  журнал  мұқабаларындағы  көрген 
үлгілерімен қызғана салыстыра бастайды.   
Жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері: 
1.  Ересек болу сезімі. 
2. Өзіндік сана-сезімнің дамуы. 
3. Ойдың сыншылдығы, рефлексияға бейімділік, өзін-өзі тексерудің қалыптасуы. 
4.      Өсудің  қиындығы,  жыныстық  жетілу,  сексуалдық  уайымдар,  қарама-қарсы  жыныс 
өкіліне қызығушылықтардың болуы. 
5. Көтеріңкі әсершілдік, көңіл-күйдің жиі ауысуы, ұшқалақтық. 
6. Ерік-жігерлі қасиеттердің айтарлықтай дамуы. 
7. Өзін-өзі танудың, жеке мағынасы бар іс-әрекеттің қажеттілігі. 
Бұл  жас  шағындағы  басты  әрекет  коммуникативтілік  (қатынастық)  болып 
табылады.  Жасөсіпірімдер  үшін  мағынасы  жағынан  бірінші  құрдастарымен  қарым-
қатынас  жасау  тұрады.  Жасөспірім  олармен  тілдесе  отырып,  ең  алдымен,  өмір  туралы 
қажетті білімді алады.   
Жас  жеткіншек  үшін  ол  тиесілі  топтағы  құрдастары  өзі  туралы  не  айтатындығы 
өте  маңызды  болып  табылады.  Белгілі  бір  топқа  тиесілілік  оған  қосымша  сенімділік 
беретіндігі  ақиқат.  Жас  жеткіншектің  топтағы  орны,  ұжымда  жүріп  пайда  болған  оның 
қасиеттері, оның мінез-құлықтық уәждемелеріне елеулі түрде әсер етеді.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет