Вариациялық Қатарлардың негізгі сипаттамалары



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#19800
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ


4 ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

4.1 Вариациялық қатарлар және олардың графиктері

Мәліметтерді өңдеу жұмысының әдістері екі жүзден астам жылдар бойы өз бетінше пән ретінде дамып қалыптасты. Өткен ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдарында мәліметтерді өңдеу жұмыстарының әдістерін жаппай халық шаруашылығының барлық салаларына енгізуге ЭЕМ-ның және 80-ші жылдардан бастап компьютерлердің пайда болуы үлкен ықпал жасады. Статистикалық программалар пакеттері мәліметтерді өңдеу әдістерін әркімге ыңғайлы жасап, орындауға жеңіл жағдайлар туғызды. Қиын да ауыр есептеулерді, күрделі кестелер мен графиктерді тұрғызуды, сонымен қатар барлық алдын ала жасалатын дайындық жұмыстарын қазіргі кезде компьютердің өзі орындайтын болды, ал мамандарға тек ұйымдастыру, басқару және шешім қабылдау, атап айтқанда, есепті қою, оны шешу әдістерін таңдау және алынған нәтижені түсіндіру сияқты шығармашылық жұмыстар ғана қалды.

Кездейсоқ және алдын ала болжауға болмайтын мәліметтерге байланысты есептерді шығару барысында кейінгі екі жүз жылда математиктер және басқа да зерттеушілермен (биологтар, психологтар, экономистер және т.б.) қуатты және өте икемді әдістер кешендері жасалынды. Олардың бәрін бірге математикалық статистика, қолданбалы статистика немесе мәліметтерді талдау деп атап жүр. Аталған пәндерді оқып үйрену арқылы кездейсоқтықтың кеңістігінде әртүрлі заңдылықтарды ашуға, дәйекті болжаулар мен қорытындылар жасауға және нөлдік гипотезаның орындалғаны немесе орындалмағаны туралы ықтималдықтың бағасын табуға болады.

Қазіргі жағдайда экономикалық ақпараттардың мәліметтерін жинау, өңдеу, талдау және сақтау мәселелері үлкен мағыналы және маңызды, мәнді болып есептелінеді. Тиімді шешім қабылдауға ықпал жасауға, аналитикалық құрал ретінде бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық аймағында статистикалық әдістерге үлкен қызығушылық тууда. Бүгінгі таңда математикалық статистика әдістерін ғылымда, техникада және экономикада қолданылуын былай қойғанда, оны барлық адам, оның ішінде алынған инвестициясынан барынша пайда табу үшін табыскерден бастап сайлауда дауыс нәтижесін болжау жасау үшін саясаткерге дейін қолданатын болды. Статистикалык мәлімет әлеуметтік организм ретінде, онсыз мемлекетті баскару мүмкін емес екенін, әртүрлі бағытта даму бағдарламасын құру, тіпті кез келген деңгейде басқару шешімін қабылдауға болмайтындығын тарих дәлелдеді,

Сонымен статистика - мәліметтерді жинау, өндеу, талдау және өңдеу нәтижелерін түсіндіретін ғылым аймағы.

Статистика арқылы барлығын да дәлелдеуге болады деген кеңінен таралған ұғым сөзсіз артығырақ айтылған және мұндай үғым әртүрлі статистикалық әдістерді орынсыз қолданудан пайда болған шектен тыс жасалған қорытынды.

Дегенмен де, статистиканың негізгі мақсаты және міндеті - көптеген мәселелерді, оның ішінде халыққа қазіргі кезде көп кездесетін мәселелерді дұрыс түсінуге көмектесу.

Қарастырылып отырған бөлімде вариациялық қатар туралы түсінік жэне келесі бөлімдерде қолданылатын негізгі статисти- калық сипаттамалары келтіріледі.

Математикалық статистиканың негізгі мақсаты - статистикалық бас жиынды зерттеу, яғни жиынның ықтималдық қасиеттерін, оның ішінде үлестірімдік заңдылықтарын, сандық сипаттамаларын және т.б. анықтау.

Негізі қайта-қайта өлшеулер жүргізу арқылы бас жиынның барлық мүшелерінің кездейсоқ мәндерін алуға болады. Бірақ бас жиынның барлық мүшелерін толық зерттеу барлық жағдайда мүмкін емес және экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан бас жиыннан берілген бір көлемде өлшеулер жүргізу арқылы сұрыпталған жиын алынады. Сұрыпталған жиын кездейсоқ тәсілмен жиналуына байланысты алынған сұрып жиындарының мүшелері де кездейсоқ мәндерді қабылдайды. Әрі қарай осы жиын бойынша ықтималдық теорияның қасиеттері қолданылып, бас жиынның параметрлері бағаланады.

Бас жиыннан объектіні таңдау және оның сан мәнін өлшеу статистикалық бақылау делінеді. Міне, осы бакылаудың нәти- жесінде алынған және арнайы құжатта тіркелген мәліметтер сұрыпталган жиын (кейбір әдебиеттерде іріктелген жиын) деп аталады да, келесі кезеңде өңделеді. Өңдеу жұмысы бойынша сұрып жиыны арнайы бір ретке келтіріледі. Реттеу жұмысы бақылау нәтижесінде алынған мәліметтерді бір белгілерімен топ-топқа біріктіруден басталады. Әдебиеттерде аталған жұмыс топтастыру деп аталады. Негізінде топтастыру жұмысы өте жауапты іс, ол тиянақты жүргізілуі тиіс. Себебі, топтастыру белгісі дұрыс анықталмаған жағдайда, мысалға, екі тәсілмен топтастырған бір жиын мәліметтері бойынша бір-біріне қарама-қарсы қорытындылар жасауға болады да, өңдеу нәтижесі сапасыз болып шығады. Топтастыру қарастырылып отырған құбылыстың мағынасына сәйкес жүргізіліп, қойылған талапқа жауап беруі тиіс. Топтастыру нәтижесінде алынған вариациялық қатар - айрықша мәнді және мағыналы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет