A) Мемлекет идеологиясы, саясаты.
B) Ата-аналар.
C) Педагогтер.
D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері.
E) Оқушылардың қажеттіліктері.
16. Тәрбиенің жалпы мақсаты:
A) Азамат тәрбиелеу.
B) Отбасын тәрбиелеу.
C) Еңбекші адамды тәрбиелеу.
D) Жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру.
E) Белсенді тұлға тәрбиелеу.
17. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:
A) Білім беру мазмұны.
B) Ғылыми дүниетаным.
C) Ғылымдар жүйесі.
D) Әлеуметтік тәжірибе.
E) Оқыту нәтижесі.
18. Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – бұл:
A) Дүниетаным компоненттері.
B) Дүниетаным қалыптастыру құралдары.
C) Тәрбие мазмұны.
D) Дүниетаным формалары.
E) Барлық жауаптар дұрыс.
19. Педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы:
A) Педагогика ғылымындағы тәрбие проблемасының шешілгендігінің айғағы.
B) Әртүрлі анықтамаларының болуы педагогиканың дамыған ғылым екенін көрсетеді.
C) Ғылыми түсінікті күнделікті өмірлік түсініктен айыру үшін.
D) Тәрбиенің көп аспектілігінен туындайды.
E) Барлық жауаптар дұрыс.
20. Адамгершілік тәрбиесі – бұл:
A) Адамгершілік санасын қаалыптастыру процесі.
B) Мораль туралы білімдерді беру процесі.
C) Моральдік принциптер жүйесімен таныстыру.
D) Моральдік қасиеттер, адамгершілік мінез сипаттары, жұріс-тұрыс дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру процесі.
E) Адамгершілік идеалын құру.
21. Болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әдемілікті дұрыс қабылдау қабілетін қалыптастыру:
A) Адамгершілік тәрбиесі.
B) Дене тәрбиесі.
C) Эстетикалық тәрбиесі.
D) Экологиялық тәрбиесі.
E) Еңбек тәрбиесі.
22. Мақсатты, жоспарлы ұйымдастырылған тұлғаны қалыптастыру процесі:
A) Сабақ беру.
B) Оқыту.
C) Тәрбиелеу.
D) Оқу.
E) Даму.
23. Авторитарлы, демократиялы, либералды және еркін тәрбие:
A) Тәрбие мазмұны
B) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыты
C) Институционалдық белгі бойынша жіктеу
D) Негізге алынған философиялық концепция бойынша жіктеу
E) Қарым-қатынас стилі белгі бойынша жіктеу
24. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері
A) Тәрбие мақсаты.
B) Тәрбие моделі.
C) Тәрбие бағыттары.
D) Тәрбие құралдары.
E) Тәрбие жүйесі.
25. Педагогикалық талдау объектісі:
A) Мұғалім, оқушы тұлғалары
B) Мектептің ата-аналармен жұмысы
C) Мектеп құжаттары
D) Сабақ, тәрбие шаралары
E) Мұғалім, оқушы іс-әрекеттері
Достарыңызбен бөлісу: |