Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет13/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Адамда жүрек – біреу ғана
Мақсаты: Педагог адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. Бұл қай мүше? «Сағат емес, бірақ соғады». Бұл –біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан.


Оқу қызметінің барысы:
Жүрек соғуын кім де болса тыңдай алады. Педагог балаларға бір–бірінің жүрек соғысын тыңдауды ұсынады. «Біздің анамыздың, ікеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүректері де осылай соғады».
Жүрек – қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдап, сонан соң қайта жиырылады. Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
Жүрек ауырмауы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін, оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортмен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу–дененің бұлшықеттерін нығайтады. Сондай–ақ жүректің бұлшықеттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.
Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Ұарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.
Бала жүрегінің үлкеннің жүрегінен айырмашылығы – өлшемінде.
Педагог жұдырықтарын түйіп, зер салып қарауды ұсынады.
«Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей».
Адамда жүрек – біреу ғана. Оны сақтау қажет. Педагог алманы немесе ірімшікті тістеп көріп, тіс таңбасына көңіл аударуды ұсынады. Тістерінің барлығының көлемі бірдей еместігін байөайды.
Тісжегі –тістегі ең жиікездесеті ауру. Оны ауыртпай емдеуге болады. Егер емделмесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады. Ол кезде шыдапай ауырады.
Қорытынды:
Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.
Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.
Шарап ішу, темекі тарту жүреккке үлкен зиян тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет