Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет12/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Спорт –денсаулық кепілі.
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесін және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі –жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оны қызметі туралы мәлімет беру.


Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері. Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Педагог балалармен кездескеніне қуанышты екенін хабарлайды. Ол оң қолын жайып, жүрегінен қуаныш алып балаларға сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен соңынан екі қолымен бәрге жасайды.
–Адамдар неліктен өзін қоршаған әлемді қорғауға тиіс?
–Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
–Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
–Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?
Дене тәрбиесі сабағы негізінен қозғалыс үстінде өтеді. Қозғалыс – түрлі аурудан сақтандырып, оларды емдеу үшін тиімді болып табылады.Дене тәрбиесі тек емдеп қана қоймай, сонымен бірге бұлшықетті жаттықтырып, дамытып нығайтады. Сүйектер мен қаңқаларды қалыптастырады.
Дене тәрбиесіне емдік дене шынықтыру мен дене шынықтыру сабақтары жатады.
Емдік дене шынықтыру сабағы – белгілі бір аурудың алдын алу мақсатында,ал дене шынықтыру сабағы негізінен оқу–тәрбие мекемелерінде жүргізіледі. Оның құрамына жаттығулар, жалпы дамытушылық және негізгі қозғалыстар жатады. Дене шынықтыру сабағында балалар жаттығу жасап үйреніп, спорт әлеміне алғашқы қадам жасайды.
Түрлі жаттығуларды орындағанда, спорттың арнайы бір түрімен айналысқанда, достарыңмен немесе бүкіл сыныптын балаларымен бірге тапырмаларды орындағанның қызық та көңілді екенін педагог баяндап өтеді.
Қорытынды:
Жеңіл әуен ырғағымен балалар бірінің артына бірі тұрып, сап түзейді. Саптың алдында қырықаяқтың басы болып
Балалар иректеліп бүкіл зал бойымен орындық үстімен, аяқтарының көп екенін, егер олар өзара шатасып қалған жағдайда күлмей, керісінше көмектесу керектігін түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет