Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет26/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Оқу қызметінің барысы:
Сендер суық немесе тұмау тиіп ауырған кезде тыныс алу жолдарында үлкен мөлшерде шырыш пен қақырық жиналады. Шырышты қабық тітіркеніп тұрады, сондықтан сендер жөтеліп, түшкіргілерің келеді. Осы кезде мұрыннан және ауыздан шырыш тамшылары ортаға тарайды. Жөтеліп түшкірген кезде тыныс алу жолдары тазарып, осылай ағзамыз қорғанады. Шырыш тамшыларымен бірге ауаға үлкен мөлшерде вирустар мен микробтар тарайды. Егер де түшкіріп, жөтелгенде ауру адам аузы–мұрнын қолорамалмен жаппаса, көптеген адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан сендер ауырып қалған жағдайда, өздеріңді қоршаған адамдарды сыйлап, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз, мұрындарыңды орамалмен немесе қолдарыңмен басу керек.
Естеріңде болсын, қолданған қолорамалмен үнему, жиі акыстырып түру керек.
Байқау– «Ең таза қол».
Педагог балаларға «Ең таза қол» байқауын өткізуді ұсынады.
Балалар қолдарын сабындап жуады. Қолын шайғанда суы таза болған бала жеңіске жетеді.
Сары ауру және ішек аурулары кір қол арқылы жұғатынын педагог балаларға түсіндіреді. Ауру тудырғыш микробтар кір қол арқылы тамақпен, сумен бірге ауызға түсіп, ауруға шалдықтырады.
Жануарлардан да жұқпалы аурулар жұғады.
Егер үйдегі жануарларың ауырған жағдайда, дереу мал дәрігеріне қарату қажет.
Қосымша материал
Педагог балаларға кептірілген шөптер жиынтығын, түбірлерін және бөлме өсімдіктерін көрсетеді (мұнда әр аймаққа байланысты дәрігерлік шөптер әкеліп көрсетуге болады). Балалар ыдысқа тұрлі шөптерден тұңба жасап көрулеріне болады.
Өсімдіктер тек жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайды, сонымен бірге олардың емдік қасиеті зор.
Қорытынды:
Тазалық көптеген ауруларға қарс күреседі.
Табиғатты қорғау керек.



Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер.
Мақсаты: Салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет