Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет28/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Оқу қызметінің барысы:
Қодарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педогог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, од өзіңе қайтып оралады» - деп педагог қорытынды жасайды. Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады. Оның ағзасы демалады. Түнде адам қозғалыста болады, яғни басын бұрады және қол-аяқтарын қозғалтады. Тіпті адам ұйықтап жатқаның өзінде денесі қозғалмауы мүмкін емес, жататын төсек орны аса жұмсақ та, қатты да болмауы керек. Қатты төсек бұлшықет пен сүйекке батады, сондықтан бұлшықет демалмайды, ал сүйектер ауырып қалады.
Күні бойы секіру, жүгіру, ойнау, сөйлесу, күлуден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады, жаңа күш жинайды.
Адам бойын ұйқысыздық билесе, ол алаңғасыр, ұмытшақ болып, көңіл күйі нашарлап, басы ауырып, жұмысқа зауқы болмай, есте сақтау қабілеті төмендеп, тіпті кейде есінен танып та қалады. Ал егер өз уақытынан көп ұйықтаса да күні бойы көңілсіз, босаң күйде жүреді. Егер адам жақсы ұйықтаса, ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, көңіл күйі жоғарылап, өзін өте сергек сезінеді.
Кез келген адам үшін жас талғамайтын өмірлік қажеттілің. Жаңа туған нәресте тәулігіне 22 сағатқа дейін, ал ересек адам орта мөлшермен 8 сағатты ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды. Ұйқы-күн тәртібінің құрамды бөлігі.
Қортынды.
Ұйқы – адам өміріне аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.
Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн.
Адам – табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті.



Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Адам табиғаттың бір бөлігі
Мақсаты: Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады.
Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет