8-775-233-72-57 128 х
Вавилон
сазтақталары
Ноттингем университеті
Ньюарк-он-Трент
Ноттингем
21 қазан, 1934 ж., британдық ғылыми
экспедиция жетекшісі
профессор Франклин Колдвеллге,
Хиллдан, Месопотамия
Менің құрметті профессорым. Сіздің Вавилонның қиранды орнын соңғы қазу ке- зінде табылған бес сазтақта хатыңызбен бірге бір кемемен келіп жетті. Мен ерекше қуандым және бұл жазбаларды көтеріңкі көңілмен сағаттар бойы тапжылмай отырып аудардым. Хатыңызды алған бойда жауап жазуым керек еді, бірақ аударманы бі- тіргенше жібермей қоя тұрғанды жөн санадым, міне енді екеуін қосып жіберіп отырмын.
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77 129 Сазтақталар Сіз атқарған іс-шараның арқа- сында тамаша қаптамамен бүлінбестен жетті. Жазбаларда баяндалған хикаялар біздің зертхана қызметкерлі секілді Сізді де қайран қалдырары сөз- сіз. Көпшілік жұрт алыста қалған тұманды өткен шағымыз «араб түндері» секілді романтика мен қым-қуыт оқиғалар туралы хикая күткені рас. Алайда оның орнына Дабасир есімді адамның проб- лемалары туралы хикаятқа куә болдық, ол кейіпке- ріміздің өз қарызын төлеу жолындағы іс-әрекетіне қанығып, бұл дүниедегі жағдайдың соңғы бес мың жылда біз күткендей соншалықты өзгеріске ұшыра- мағанына көзіміз жетті. Таңғаларлығы сол, студенттердің сөзімен айт- қанда, бұл ежелгі жазбалар мені «баурап алды». Университет профессоры бола жүріп, мен өзімді көптеген салалар бойынша ілімді игерген, ойшыл тұлға ретінде көрсетуім керек еді. Алайда Вавилон үйіндісінің астынан әлдебір ежелгі жан пайда бола кетіп, қарызды өтеумен бірге, әмиянды сыңғырла- ған тиындарға толтырудың бұрын мен естімеген әдіс-тәсілін ұсынады. Бұл әдіс-тәсіл – ежелгі Вавилон кезіндегідей, қа- зіргі уақытта да тиімді жұмыс істей ала ма екен? Біз, әйелім екеуміз бұл жоспарды пайдаланып, осын- дай іс-шараны қажет етіп отырған өз ісімізді жол- ға салып алсақ дейміз. Сіздің бағалы бастамаларыңызға сәттілік ті- леймін және әрқашан көмектесуге әзірмін. Шын жүректен
Альфред Шрузбери, археология бөлімшесі