8-775-909-01-77 127 Дабасир тағы да асқа бас қойды.
– Каускор, сен оңбаған жылан екенсің, – деп ол
айқайлап аспазды шақырды. – Қой еті суып қалды.
Тура қазаннан тағы да ыстықтай жеткіз. Досымның
ұлы Таркадқа да мол етіп ет әкел. Ол да аш, менімен
табақтас болғысы келеді.
Ежелгі Вавилонның түйе саудагері Дабасирдің
хикаясы осылай тәмамдалды. Ол өзіне дейінгі да-
нышпандар білген әрі көп уақыт бұрын іске асырған
бір ұлы ақиқатты ұғынып, өз жанын жаңаша жаң-
ғыртқан болатын.
Бұл ақиқат талай замандарда адамдарды қиын-
дық белесінен асырып, сәттілікке жеткізді. Адамдар
ол ақиқаттың сиқырлы күшін ұққанша әрдайым
осылай бола бермек:
яяяяяя
МАҚСАТ БАР ЖЕРДЕ ОҒАН ЖЕТКІЗЕР ЖОЛ
ТАБЫЛАДЫ
яяяяяя