8-775-233-72-57 130 №1-сазтақта Қазіргідей ай толған кезде жуырда ғана Сириядағы
құлдықтан босап, аса көп қарызымды өтеуге, ауқат-
ты болуға және Вавилон қаласында абыройлы ғұмыр
кешуге оралған мен, Дабасир, өзімнің іс-әрекетіме
жетекшілік етіп, биік мақсатымды орындауыма кө-
мектесуі үшін осы сазтақтаға өз ісімнің жай-жапса-
рын жазып отырмын.
Қайырымды досым, өсімқор Матонның даналық
кеңесі бойынша, өзімді қарыз құдығынан ауқатты
тірлік деңгейіне шығаратын және абыройлы адам-
дардың құрметіне бөленуге жол ашатын нақты жос-
парға сүйенуге бет бұрдым.
Бұл жоспар өзім ұмтылатын және үміттенетін үш
мақсаттан тұрады.
Біріншіден, жоспар менің болашақ игілігіме негіз
қалайды. Ол үшін бар табысымның оннан бір бөлігін
жинаймын және оны сақтаймын. Ақылды Матон ма-
ған былай деген: «Алтын мен күмісті жұмсамастан,
өз әмиянында сақтайтын адам отбасына игілік әке-
леді және патшаға адал қызмет етеді.
Әмиянында аз ғана мыс тиыны бар адам, өз отба-
сына да, патшаға да жүрдім-бардым қарайды.
Әмияны бос адам тасжүректігімен өз отбасына
зиян келтіреді, патшаны сатып кетеді.
Сондықтан бірдеңеге қол жеткізуге ниеті бар
адамның әмиянында сыңғырлаған тиындары, ал жү-
регінде өз отбасына деген сүйіспеншілік, патшаға де-
ген адалдығы болуы керек».
Екіншіден, жоспар, өз кезегінде, маған төркінінен
оралған адал жарымды қолдауға және киіндіруге