Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет137/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
149
себеттермен бекіністің ең үстіндегі тас қалаушылар-
ға тасып жүр
1
.
Бақылаушылар икемсіз құлдарға айқай салып, 
жұмыс қарқынын бәсеңдеткендердің арқасында өгіз 
терісінен өрілген қамшыны ойнатты. Ауыр жұмыс-
қа шыдамай, тәлтіректеп барып, зорығып құлаған-
дарды да көріп келеміз. Қамшылаудан кейін орын-
дарынан тұрмай қалғандарды былай ысырып, өлуге 
қалдырады екен. Өлгендерін төмендегі өлексе толы 
жол жиегіне апарып, лақтырып жатыр. Бұл масқара 
көрініс тұла бойымды түршіктірді. Құл базарда өт-
пей қалсам, мені не күтіп тұрғаны енді белгілі.
Годозоның айтқаны рас болып шықты. Бізді қала 
қақпасынан өткізіп, құлдар түрмесіне апарды да, ке-
лесі күні біз құл базардың ішінде тұрдық. Көпшілігі 
қорқыныштан қалшылдап алға баспады, оларды 
тек қана бақылаушылардың дойыры ғана алға бас-
тырып, саудагерлер көріп, бағалауы үшін жағдай 
туғызды. Мегиддо екеуміз өзімізге жақын келген әр 
аларманмен тілдесуге тырыстық.
Құл сатушы патша күзетінің сарбаздарын ертіп 
келіп, Қарақшыны беріп, олар оны шынжырлаған 
еді, ал ол қарсыласып бақты да, есесіне аяусыз таяқ 
жеді. Қарақшыны алып кеткенде, оған қатты жа-
ным ашыды.
1
   Ежелгі Вавилонның ғажайып ғимараттары, қабырғалары, шіркеу-
лері, аспалы бағы мен үлкен су арналары құл еңбегінің күшімен са-
лынған еді. Құлдыққа көбіне әскери тұтқындар тартылды да, олар-
ды адам құрлы көрмеді. Алайда құлдардың арасында Вавилон мен 
оның маңындағы жерлерден қылмысы мен қарызы үшін құлдыққа 
түскендер де болды. Ерлер арасында өзінің қарызын қайтарғанша, 
сот шешімі және басқа да міндеттемелерін орындау үшін әйелдері 
мен балаларын аманатқа беру әдеті кең таралды. Міндеттемелер 
орындалмаған жағдайда кепіл жандар құлдыққа сатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет