8-775-233-72-57 146 Саған да сенуге болатындай. Әлде мен қателесіп тұр-
мын ба?
Шарру Нада жігіттің көзіне тіке қарады.
– Ешкімге тіс жармайтыныма сенуіңе болады.
Бірақ мынаған сене алар емеспін. Қалай құлдар қа-
тарына қосылғаның туралы әңгімелеп берші.
– Ешкім де құлдыққа түсемін деп ойламайды, –
деп Шарру Нада ер үстінде қозғалақтады. – Мені
бәлеге ұшыратқан ойынхана мен арпа сырасы ғой.
Бәрі бауырымның шалыс қадамынан басталды. Бір
төбелесте ол танысын өлтіріп қойды. Бауырымды сот
үкімінен құтқару үшін есі шыққан әкем мені мар-
құмның жесіріне аманатқа берді. Бірақ ол мені құт-
қару үшін жеткілікті күміс таба алмады да, жыны
қозған жесір әйел мені құлдыққа сатып жіберді.
– Қандай масқара, қандай әділетсіздік еді! – деп
Хадан Гула қынжыла үн қатты. – Құлдықтан қалай
босандың?
– Асықпа, оған да кезек келеді. Одан да саған әрі
қарай не болғанын әңгімелейін. Біз шаруаларға қа-
тарласқанда олардың бәрі бізге бұрылды. Ал бірі
жұлма-жұлма қалпағын шешті де, басын иіп, айғай-
лады: «Вавилонға қош келдіңдер, патша мейманда-
ры. Патша ағзам сендерді бекіністе күтіп отыр, кір-
піш пен пияз сорпа дайын тұр».
Қарақшының ашуы келіп, аузына түскенін ай-
тып, аналарды балағаттады.
«Патшаның бекіністе күтуін қалай түсінуге бола-
ды?» – деп сұрадым мен.
«Бізді бекініске апара жатыр, онда арқаң жауыр
болғанша кірпіш тасисың. Оған жеткізбей, ұрып