Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет136/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
148
«Неге түсінбейсің? – дедім жалынышты түрмен.  
– Мен жаспын. Дұрыс өмір сүргім келеді. Жұмыстан 
зорығып немесе тепкінің астында өлгім келмейді. 
Қайырымды қожайынның қолына түсу мүмкіндігі 
бар ма?»
«Мен саған бірдеңе айтайын, – деді ол сыбыр-
лап. – Сен жақсы жігітсің. Годозоны азапқа салған 
жоқсың. Шамасы, алдымен біз құл базарына бара-
тын шығармыз. Жақсылап тыңдап ал. Алармандар 
келгенде, сен өзіңнің жақсы жұмыскер екеніңді, 
қайырымды қожайынға қызмет етуді қалайтының-
ды айта бер. Қайткенде де, өзіңді сатып алуына қам 
жаса. Егер ешкім сатып алмаса, келесі күні кірпіш 
тасуға шығасың. Ол өте ауыр жұмыс».
Ол жөніне кеткенде, мен жылы құмға шалқамнан 
жата кетіп, жұлдыздарға қарадым да, ертеңгі жұ-
мыс туралы ойға баттым. Мегиддоның айтқаны есі-
ме түсті: еңбек оның ең жақын досы болса, ол маған 
да дос бола алар ма екен? Сол кезде мына жағдайдан 
құтқаратын болса, еңбекті жан дос етуге даяр едім.
Мегиддо оянған кезде, онымен түнгі хабарды 
сыбырлап бөлістім де, біз үшін үміт сәулесі жылт 
еткендей болды. Вавилонға қарай жүріп отырып, 
кешке қарай бекініске жеттік. Орнықсыз тақтай кө-
пірлер арқылы қабырға үстінде әрлі-берлі, жоғары-
төмен өрмелеген құмырсқадай қаптаған адамдар ле-
гіне көзіміз түсті. Жақындай келе, әлгі адамдардың 
жұмысын көріп, ұнжырғамыз түсті. Біреулер бекі-
ніс айналасынан шұқыр қазып, балшық илесе, бас-
қалары иленген балшықтан қалыппен кірпіш құю-
да. Құлдардың негізгі бөлігі дайын кірпішті ауыр 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет