8-775-233-72-57 174 ҮНДЕУ
Құрметті оқырман! Кітапты сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз!
Қазақ тілінің мазмұны дамыса ғана Қазақстан
дамиды. Себебі мемлекетті дамыту үшін – адамдар-
ды, адамдарды дамыту үшін – тілімізді, ал тілімізді
дамыту үшін тілдің контентін, яғни мазмұнын да-
мыту қажет екеніне көзіміз әбден жетіп отыр. Кітап
сатып алу арқылы Сіз өзіңіздің де, еліміздің де да-
муына қызмет етесіз.
Қазір тілдің байлығы сөздік қорымен емес, сол
тілде бар ақпараттың көлемімен, яғни контентімен,
мазмұнымен өлшенеді. Қазір жер шарында 7,6 мил-
лиард адам өмір сүреді, ал Қазақстанда 18 миллион
халық тұрады. Біздің әлемдегі үлесіміз 0,23 пайыз.
Демек, біздің мазмұн жасау қуатымыз да сол деңгей-
де. Сондықтан адамзат қалыптастырып жатқан маз-
мұнға қазақ оқырмандарының қолын жеткізу – біз-
дің ортақ мақсатымыз. Қазақ баласы мықты маман
болу үшін, әлем әдебиеті мен керемет кітаптарды
оқу үшін өзге тілді меңгеруге мәжбүр болмаса екен
дейміз.
Біз кітап шығарайық, Сіз кітаптарымызды сатып
алу арқылы қазақ тілін қолдаңыз. Балаларыңызға,