Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет157/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
169
Вавилон ғажайыптары қатарына оны қоршаған 
өте үлкен қабырғалар қосылады. Замандастарымыз 
оны «әлемнің жеті кереметіне» жататын Мысырдың 
ұлы пирамидаларымен салыстырады. Қаланың бас-
тапқы қалыптасу кезеңінде Семирамида патшайым 
осынау қабырғаларды тұрғызуға әмір еткен көріне-
ді. Қазба барысында бастапқы қабырғалардың ізі та-
былмады. Олардың биіктігі де белгісіз. Бірақ тарихи 
деректерге сүйеніп, қабырғалардың болғанын бол-
жау мүмкін еді. Қабырғалардың сырты күйдірілген 
кірпішпен қапталған және оны сыртынан су толты-
рылған ор айналдыра қоршап жатқан.
Кейінгі уақыттағы қабырғаларды тұрғызу шама-
мен біздің дәуірімізге дейін, яғни 600 жыл бұрын 
Набопаласар патша тұсында басталған сыңайлы. 
Құрылыстың ауқымдылығы сондай – патша құры-
лыстың біткенін көрмей дүниеден өтіпті. Құрылысты 
аяқтау оның ұлы Навуходоносордың еншісіне бұйы-
рып, есімі Библия хикаяларына енгізіліпті.
Қабырғалардың биіктігі мен ұзындығы қайран 
қалдырады. Сенімді тарихи дереккөздер оның биік-
тігі 50 метрге жетеғабыл болып, бүгінгі он бес қабат 
үймен тең келгенін мәлімдейді. Бекіністің жалпы 
ұзындығы шамамен 14–18 шақырымды құраған. 
Қабырғалардың үстіңгі бөлігінің енділігі сондай – 
оның үстімен алты ат жегілген арба еркін жүріп өте 
алған. Осы бір алып құрылыстан бүгінде іргетас пен 
ордың үзіктері ғана қалған. Бекіністің құлауына 
табиғат апатына қоса, қабырға кірпіштерін бұзып 
алып, пайдаланған арабтар да үлес қосты.
Вавилон бекінісі сол дәуірдегі талай басқын-
шылардың шабуылдарын бастан өткерді. Талай 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет