8-775-909-01-77 73 шешейін» деудің орнына ылғи керенаулық таныта-
ды. Керенаудың ісі кері кетпей, алға баса ма?
– Сен дәл үстінен түстің, – деді мал алып-сату-
мен айналысатын адам. – Екі жағдайда да сәттілік
жайбасарлардан теріс айналды. Оған таңданудың
қажеті жоқ. Жайбасарлық әр адамға тән. Бәріміз де
байлыққа ұмтылғанмен, соған керек мүмкіндік ту-
ғанда жайбасарлық әдет-дағды үнемі еңсені басып,
шешім қабылдауды кейінге қалдыруға мәжбүрлей-
ді. Соның үніне құлақ асып, өзімізге-өзіміз дұшпан
болып шығамыз.
Сириялық досқа ұнаған сөзді пайдалансақ, жас
кезімде өзімді жайбасар деп есептеген емеспін.
Басында көп нәрсенің байыбына бара алмай, соның
салдарынан пайдалы келісімдерден құралақан қа-
лып жүрмін деп ойлайтынмын. Кейін оны өзімнің
қырсықтығымнан көрдім. Ақырында оның себебін
түсіндім. Тез арада шешім қабылдауды қажет етсе
де, оны кейінге қалдыра беретін әдетімнен өзім зиян
шегеді екенмін. Өз мінезімді жек көрдім. Мен арба-
ға жегілген есек сияқты мөңкідім, ақыры сол жаман
әдетімді жеңіп, жетістікке жеттім.
– Рақмет. Енді саудагер мырзадан мынаны сұ-
райын. – Сириялық әңгімеге тағы араласты. – Сен
кедей емессің-ау, өзі, тіпті бай адамдарша сәнді киі-
ніпсің. Сөйлеу мәнерің де бай адамға тән. Бізге де
айтшы, егер бір дауыс құлағыңа «асықпа» деп сы-
бырласа, сен не істейсің?
– Мал алып-сатумен айналысатын досыңыз сияқ-
ты, маған да өз кемшілігімді мойындап, жайбасар-
лықпен күресуіме тура келді, – деп жауап қатты