Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет61/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
71
қаланың қақпалары жабық екенін білдім. Менің 
құлдарым шатырларын түнеуге тіккенше маған егде 
бір шаруа келді. Ол да қалаға кіріп үлгермепті.
– Аса құрметті мырза, – деді ол маған, – түріңе қа-
рағанда, сен мал алып-сатумен айналысатын сияқ-
тысың. Солай болса, саған жаңа ғана айдап әкелген 
қоңды бір отар қойымды сатқым келеді. Өкінішке 
қарай, әйелімнің қызуы көтеріліп, жатып қалыпты
сол себепті тезірек үйге қайтуым керек. Қойларымды 
түгелімен сатып ал, мен құлдарыммен түйелерді 
жолға қамдап, жеделдете сапарға шығайын.
Түн қараңғы болғандықтан, қойларды санай ал-
мадым, дегенмен маңырауларына қарағанда тым 
көп екені байқалады. Он күн бойы алуға лайықты 
түйелер табылмағандықтан қуана келістім. Ол асы-
ғыс болды да, келісуге әбден лайықты бағаны айтты. 
Мен ертеңгісін құлдарыммен отарды қалаға айдап 
кірген бойда, оларды едәуір қымбат бағаға сата ала-
тынымды білдім.
Онымен қол алысып, келістік те, мен қойларды 
санап шығу үшін құлдарыма шырақ әкелуді бұйыр-
дым. Шаруаның айтуынша, қойлардың ұзын саны 
тоғыз жүз болуы керек. Қараңғы түнде ары-бері 
қашқан аш әрі шөл қысқан қойларды санап шығу-
дың қиындығын тәптіштеп айтып, сендерді жалық-
тырмай-ақ қояйын. Бұл орындалмайтын тапсырма 
екен. Сондықтан шаруаға таң ата санап, содан соң 
есептесетінімді айттым.
– Аса құрметті мырзам, – деп жалынды шар- 
уа, – бүгін үштен екісін төлеші, жолға шыға бере-
йін. Мен осында ең ақылды әрі сауатты құлымды 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет