8-775-909-01-77 85 Бұдан кейін әлгі адамдармен басқа да істерге қа-
тыстым. Олар алтынның қадірін жақсы білетін және
пайда табудың қыр-сырын жете меңгерген жандар
еді. Үлес қосудан бұрын кез келген жоспарды жан-
жақты талдайтын, негізгі қорларын тәуекелмен
жұмсамайтын әрі пайдасыз мәмілеге аяқ басқан
емес. Атжарыс бәсекесіне қатысу немесе дүкен сатып
алу сияқты ой елегінен өтпеген, шалыс қадамдар-
ға олар ешқашан бармас еді, ондай асығыстықтың
опық жегізетінін бірден аңғаратын.
Осылайша іскер жандармен байланыс орнату
арқылы алтынды табысты кәсіпке салуды меңгер-
дім. Жылдар өткен сайын байлығым еселене түсті.
Сөйтіп, жоғалтқанымды қайтарумен бірге, одан әл-
деқайда көп алтын жинадым.
Сан түрлі сәтсіздіктер мен сынақтар барысын-
да да, жетістікке жеткенде де әрқашан аталған бес
заңның кемелдігіне көзім жетті. Бұл бес заңды біл-
мегендерге алтын сирек келеді және тез арада ғайып
болады. Бұл заңдарға сүйенгендердің алтыны азай-
майды, қайта еңбекқор құлдар секілді иесіне тұрақ-
ты әрі жемісті қызмет етеді.
Номасир үнсіз қалды да, кең бөлменің шет жа-
ғында тұрған құлына назар аударды. Ол бөлмеге үш
ауыр былғары қапшықты бірінен соң бірін кіргізді.
Оның бірін Номасир әкесінің алдына қойды.
– Сен маған он жыл бұрын бір қап алтын берген
едің. Ол Вавилон алтыны болатын. Оның орнына
Ниневиядан әкелінген дәл сол мөлшердегі алтынды
ұсынамын. Бұның әділ айырбас екеніне бәрі де ке-
ліседі деп ойлаймын. Сонымен бірге маған даналық