Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет76/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
86
сөздер жазылған сазтақта бергенсің. Оның орнына 
қос қапшық алтын беремін. – Осы сөздерді айтқан ол 
құлдың қолынан қос қапшықты алып, әкесінің ал-
дына апарып қойды. – Бұл арқылы, әке, сенің дана-
лығыңды алтыннан да артық бағалайтынымды көр-
сеткім келеді. Бірақ кім даналықты алтынмен өлшей 
алады? Ақылсыз адамның алтыны иесінің менші-
гінде тұрақтамайды. Егер адам әуелі даналыққа бет 
бұрса, оны алтын айналып өтпейтінін мына үш қап 
дәлелдеп тұр ғой. Әке, бүгін алдыңда осылай тұрға-
ныма, сенің даналығыңның арқасында бақуатты әрі 
құрметті кісі болғаныма мен өте қуаныштымын. 
Әкесі Номасирдің басынан елжірей, мейірлене 
сипады.
– Сен сабақты жақсы игеріпсің. Байлығымды 
сеніп қалдыра алатын сендей ұлым болғанына 
бақыттымын.
Калабаб қария әңгімесін тәмамдап, тыңдарман-
дарды жағалай шолып өтті.
– Номасирдің бұл тарихы сендерге не айтады? – 
деп сұрады ол. – Араларыңда әкеңе немесе қайын 
атаңа осылайша өз әрекеттерің мен табыстарың ту-
ралы есеп беретіндерің бар ма? Егер де қарттарға 
келіп: «Көп сапар шектім, көп нәрсе үйрендім. Көп 
жұмыс істедім, көп табыс таптым, бірақ алтыным аз. 
Оның бір бөлігін есепсіз жараттым, ал қалған бөлігін 
ақылсыз іс-әрекет салдарынан жоғалттым» десең-
дер, құрметті қариялар не ойлар еді?
Біреуде көп алтын болып, енді біреуде ештеңе бол-
маса, оны тағдырдың машақаты деп санамай-ақ қо-
йыңдар. Алтынның бес заңын біліп, соны ұстанған-
дар, әлбетте, бай адамдар.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет