«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57 84 қожайынымен достасып үлгерген едім, ол бір күні:
«Сен тыңғылықты түрде ақша жинап жүрсің. Бос
жатқан алтының бар ма?» – деп сұрады.
«Иә, – дедім. – Маған бір кезде әкем берген ал-
тынды пайдалы іске жұмсай алмадым, соны қайтару
үшін көп алтын жинауым керек».
«Мына ниетің мақтауға тұрарлық. Сен қолда бар
алтынның саған жұмыс істеуі және оның үстеме пай-
да әкелуі мүмкін екенін білесің бе?».
«Өкінішке қарай, аузымның күйгені бар, соның
кесірінен әкем берген алтыннан айырылдым. Енді
тағы да сондайға ұшыраудан қорқамын».
«Маған сенсең, саған қандай жолмен ақшаны пай-
далы салым етуді үйретемін, – деді ол. – Бір жыл ішін-
де қаланың қорғаны соғылып бітуі керек. Қаланы
патшаның жауларынан қорғау үшін оған бірнеше
жерден қола қақпа орнатылады. Ниневияны қанша
шарласаң да, қақпа жасауға жеткілікті металл таба
алмайсың. Патша оған алдын ала тапсырыс беру
жайын ойластырмапты. Менде жоспар бар: бірнеше
адам бірігіп, үлеске кіреміз де, алыстағы мыс және
кен орындарына керуен жіберіп, қалаға металл ал-
дырамыз. Патша қақпа жасауды бұйырғанда тек біз-
де ғана металл болады, соны сатып, пайдаға кенеле-
міз. Тіпті патша бізден сатып алмаған күннің өзінде,
металды әрқашан жоғары бағаға сата аламыз».
Бұл ұсыныстан, яғни ақылды адамдар кеңесіне орай
жиналған қаржыны қайда салу керектігі жазылған
алтынның үшінші заңын орындау мүмкіндігін көр-
дім. Қателеспеппін. Біздің ортақ ісіміз жемісті болды,
нәтижесінде шағын жинағым жоғары өсім берді.