Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет88/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
97
Матон жымиды, оның бұл жымиысы талайды кө-
ріп, көп нәрсені бастан кешкенін білдіргендей еді.
– Берешегін қайтара алмайтындай жағдайдағы 
адамға қарыз беруге бола ма? Қарыз беру – жауап-
ты іс, ол саған пайда әкеле ме, бергенің өзіңе қайта 
ма, жоқ па, соны есте ұстау керек. Әйтпесе дымсыз 
қалуың ғажап емес. Сандықтағы кепілзаттарды көр-
сетейін, олар саған өз тарихын баяндайды.
Ол бөлмеге ұзынша сандықты алып келді, сырты 
шошқаның қызыл терісімен қапталып, қақталған 
қоламен әшекейленіпті. Ол сандықты еденге қойды 
да, жанына малдас құра отырып, байыппен әңгіме-
сін жалғастырды. 
Қарызға ақша сұраған әр адамнан алдымен кепіл-
зат аламын да, қарызды қайтарғанша оны сандықта 
сақтаймын. Қарызынан құтылған адамға оның ке-
піл-затын қайтарамын, егер қарыз өтелмесе, ол өзім-
де қалады.
Ең дұрысы, бұны сандығым үнемі есіме салып тұ-
рады, қарызды ертең қайтаруға мүмкіндігі бар адам-
дарға беру керек. Оларда жер, асыл тастар, түйелер, 
тағы басқа да сату арқылы қарызды қайтаруға бола-
тын бұйымдар бар. Олардың кейбіреуі маған қарыз 
ақшадан да құнды бұйымдарын кепілдікке беріп 
кетеді. Енді біреулері келісімге сай қарызын қайта-
ра алмаған жағдайда маған әлдебір мүлкіне деген 
меншік құқығын беруге уағдаласады. Бұлай жасал-
ған келісім сенімді. Мен алтынымның өзіме үстеме-
леніп қайтатынына сенемін, өйткені қарыз мүлікке 
негізделген.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет