Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет90/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
99
– Әйелге не болды? – деп сұрады Родан.
– Міне, мынау – сонікі, – деп, Матон қызғылт киім-
ді нұсқады. – Әйел өзін-өзі Евфратқа тастады. Бұл екі 
кепілзат енді өтелмеген күйде қалады. Сандықтың 
шертер сыры көп, Родан, күшті сезімге тұтқын бол-
ғандар өсімқор үшін сенімді серіктес емес.
Мұнда басқа нәрселер де бар, – деп ол қобдиша-
дан өгіз сүйегінен ойылған жүзікті алып шықты. – 
Бұл бір шаруанікі. Оның әйелінен кілемдер сатып 
аламын. Бірде шегіртке қаптап, олар астықсыз қал-
ды. Оған жәрдемдестім де, ол маған қарызын жаңа 
астықтан өтеді. Кейін ол тағы келіп, алыстағы бір 
елде бар ерекше ешкілер туралы айтты. Олар туралы 
саяхатшылардан естіпті. Әлгі ешкілердің жүні ұзын 
және жіңішке болады екен. Ондай сапалы жүннен 
бүкіл Вавилонда теңдесі жоқ кілем тоқитын кәсіпо-
рын ашуды ойлады. Ол үшін көп ешкі сатып алғысы 
келді, бірақ ақшасы жоқ еді. Оған сапарға аттанып, 
әлгі ешкілерді әкелу үшін қарыз бердім. Ол өзі қа-
лаған ешкілерін алып келді, енді мен келесі жылы 
вавилондық алпауыттарды ең қымбат әрі керемет 
кілемдермен таңдандыратын боламын. Ақшалары 
жетсе деңіз. Жуырда бұл жүзікті қайтарамын. 
Шаруа несиесін өз мерзімінде төлеуге уәде берді.
– Қарызын қайтаратындар көп пе? – деп Родан 
қызығушылық танытты.
– Ақшаны пайдалы іске алса, әрине, қайтарады. 
Егер олар шалыс қадамдарын кеш түсініп, қарызын 
тағы біреуден қарыз алу арқылы қайтаруға мәжбүр 
болса, онда қолдан берген алтыныңды қайта көре 
алмайсың.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет